2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiрушi ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеудiң кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 ақпандағы N 136 Қаулысы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы  N 1026  Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  22-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған 2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiрушi ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы  N 1026  Қаулысымен.

      2. "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамы - "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясы" акционерлiк қоғамының 2006-2007 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде бiр-екi-үш-төрт-бес блокты режимдегi жұмысын қамтамасыз ету үшiн 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Қазақстанның оңтүстiк өңiрi тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар отын берушi болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнiң
                                           2007 жылғы 22 ақпандағы
                                                N 136 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы  N 1026  Қаулысымен.

  2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiрушi ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге (бұдан әрi - отын беру жөнiндегi шығындарды өтеу) арналған қаражатты жұмсау тәртiбiн айқындайды.

      2. Отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Қазақстанның оңтүстiк өңiрi тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

      3. Берушiнiң отын беру жөнiндегi шығындарын өтеу отынды бергенi үшiн шығындарды өтеу жөнiндегi шығыстарға (2006 жылғы қараша-желтоқсан, 2007 жылғы қаңтар - мамыр) және тасымалдауға арналған шығыстарды және "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Жамбыл MAЭC" АҚ) тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар үшiн электр энергиясына орнықты тарифтердi сақтау үшiн қажеттi отынның құнын ескере отырып, отынды сатып алу бағасы арасындағы айырманы жабу үшiн жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы  N 1026  Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi:
      1) "Жамбыл МАЭС" АҚ беретiн электр энергиясының құнын төмендету үшiн шығарылған нақты шығындардың есебiн бекiтедi;
      2) Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiнде берушiмен жасалған шарттар негiзiнде осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен берушiге қаражат аударуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыретi шегiнде отынды беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуы үшiн жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады