Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 ақпандағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 1026 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2006-2007 жылдардың жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшін отын беру жөніндегі шығындарды өтеудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 ақпандағы N 136  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 5, 66-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "жылыту маусымында" деген сөздер "кезеңінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2006-2007 жылдардың жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшін отын беру жөніндегі шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесінде:
      тақырыбында "жылыту маусымында" деген сөздер "кезеңінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "және 2007 жылғы қаңтар - мамыр" деген сөздер алынып тасталсын;
      ", 2007 жылғы қаңтар - мамыр" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады