Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кеден және салық рәсiмдерiн оңайлату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кеден және салық рәсiмдерiн оңайлату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы
Кодексi
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-13, 241-құжат; .N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5; 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж. N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат, N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85 86-құжаттар; N 15, 92, 95, 98, 102-құжаттар; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы, 2006 жылдың 22 желтоқсанында "Егемен Қазақстан" және 2006 жылдың 26 желтоқсанында "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтарында "Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Заңы
, 2007 жылдың 17 қаңтарында "Егемен Қазақстан" және 2007 жылдың 30 қаңтарында "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Заңы
, 2007 жылдың 7 ақпанында "Егемен Қазақстан" және 2007 жылдың 3 ақпанында "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасының миноритарлық инвесторлардың құқығын қорғау мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Заңы
):
1) 209-бапта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында "декларацияда" деген сөзден кейiн ", есепте" деген сөзбен толықтырылсын;
ескерту мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң мақсаттары үшiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң үстеп есептелген сомасы сондай-ақ қосылған құн салығының шегерiмге жатқызылған сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi.".
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексiне
(Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; .N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11; 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1,4,5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат, N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"
Заңы
, 2006 жылдың 22 желтоқсанында "Егемен Қазақстан" және 2006 жылдың 26 желтоқсанында "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтарында "Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Заңы
, 2007 жылдың 17 қаңтарында "Егемен Қазақстан" және 2007 жылдың 30 қаңтарында "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған):
1) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
"36) орталық атқарушы орган - бюджеттi атқару жөнiндегi мемлекеттiк орган.";
2) 15-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлiмшелерi, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның ауданаралық аумақтық бөлiмшелерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкiн.";
6-тармақ алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
Орталық атқарушы орган:
1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер түсiмдерi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) өз құзыретi шегiнде осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi.";
4) 16-баптың 1-1-тармағында "уәкiлеттi мемлекеттiк" деген сөздер "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 49-баптың бiрiншi бөлiгiнде "қолдануға құқылы" деген сөздер "қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 50-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "өндiрiп алуға құқылы" деген сөздер "өндiрiп алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 52-баптың 1-тармағында:
"өндiрiп алуға құқылы" деген сөздер "өндiрiп алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 53-баптың 1-тармағында:
"жүргiзуге құқылы" деген сөз "жүргiзедi" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 55-бапта "жүгiнуге құқылы" деген сөздер "жүгiнедi" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 56-баптың 1-тармағында "қолдануға құқылы" деген сөздер "қолданады" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 69-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында "тәртiппен және" деген сөздер алып тасталып, "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "орталық атқарушы орган айқындаған тәртiппен және" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 76-баптың 1-тармағында, 97-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде, 108-баптың 3-тармағында, 153-баптың 2-тармағында, 194-бапта, 267-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде, 318-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде, 388-баптың 2-тармағының 1) тармақшасының екiншi абзацында, 519-баптың 3-тармағында, 530-баптың 1-тармағында, 531-баптың 7-тармағында, 532-баптың 2-тармағында, 545-баптың 3-тармағында, 546-баптың 3-тармағының үшiншi бөлiгiнде, 550-баптың 1-тармағында, 551-бапта "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "Уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органмен", "орталық атқарушы органға", "орталық атқарушы органның", "Орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 198-1-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "тәртiппен және" деген сөздер алып тасталып, "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "орталық атқарушы орган айқындаған тәртiппен және" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 248-баптың 2-тармағында, 277-баптың 1-тармағында "Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi" деген сөздердiң алдынан "Орталық атқарушы орган және" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 251-баптың 4-1-тармағында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысанда және тәртiппен" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысанда және орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 252-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "уәкiлеттi мемлекеттiк" деген сөздер "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
екiншi бөлiкте "тәртiппен" деген сөз "орталық атқарушы орган айқындаған тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте "уәкiлеттi мемлекеттiк" деген сөздер "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 339-баптың 10-тармағы алып тасталсын;
18) 373-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн орталық атқарушы орган айқындайды, бiржолғы талондардың нысанын және оларды беру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.";
19) 451 және 466-баптарда "облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлiмшелерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 469 және 470-баптардың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде, 478-баптың 1-тармағының екінші бөлiгiнде, 514-баптың 6-тармағында "уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 520-1-бапта:
1-1-тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде және 2-тармақта "уәкiлеттi мемлекеттiк" деген сөздер "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
22) 524-баптың 9 және 12-тармақтары алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгертулер енгiзу туралы" Заңы, 2007 жылдың 11 қаңтарында "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгертулер енгiзу туралы"
Заңы
, 2007 жылдың 11 қаңтарында "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы"
Заңы
, 2007 жылдың 2 ақпанында "Егемен Қазақстан" және 2007 жылдың 27 қаңтарында "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған):
1) 5-бапта:
1-тармақтағы "2 және 3" деген сөздер "2, 3 және 4" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың қолданылуы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың талаптарында өзгеше көзделген жағдайға таралмайды.
Осы тармақта белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерiсiне қолданылмайды.";
2) 7-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сыртқы экономикалық қызмет - тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызметтермен, зияткерлiк қызмет нәтижелерiмен, оның iшiнде оларға ерекше құқықтармен халықаралық алмасу саласындағы өндiрiстiк, валюталық және қаржылық-кредит операцияларын қоса алғанда, сыртқы сауда, инвестициялық қызмет;";
10) тармақшада "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "тауарлар туралы мәлiметтердi, оның iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшада "санитарлық" деген сөз "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) кеден органының рұқсаты - осы Кодексте көзделген iс-әрекеттердi жасауға кеден органы лауазымды тұлғасының рұқсат ету жазбасы. Рұқсат ету жазбасы қойылған кезде кеден органы лауазымды тұлғасының лауазымы, жеке қолы және күнi көрсетiлуi тиiс;";
27) тармақшада "сақтау бойынша" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
"46-1) орталық атқарушы орган - бюджеттiң атқарылуы және кеден iсi саласындағы саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк орган;";
3) 14-бап алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
Орталық атқарушы орган:
1) кеден iсiне жалпы басшылық етудi және кедендiк бақылау саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) өз құзыретi шегiнде осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзiрлейдi және жасайды;
4) өз құзыретi шегiнде тұрақты негiзде кеден iсi саласында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, оның iшiнде осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы уақытылы хабарлауды қамтамасыз етедi;
5) жекелеген тауарлардың жiктемесi жөнiндегi орындауға мiндеттi шешiмдердi әзiрлейдi, бекiтедi және жариялауды қамтамасыз етедi;
5) 23-баптың 8) тармақшасында "әзiрлеуге, жасауға және" деген сөздер алып тасталсын;
6) 26-бапта:
2-тармақта "заңмен қорғалатын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде тәуекелдердi бағалауға және басқаруға қатысты және сол кезде пайдаланылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
4) тармақшада "табыс етедi" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) орталық атқарушы органға.";
7) 28-баптың 2-тармағында "уәкiлеттi" деген сөз "орталық атқарушы орган және уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 30-баптың 3-тармағында, 68-бапта, 94-баптың 5-тармағының 4) тармақшасында, 97-баптың 5) тармақшасында, 102-баптың 5) тармақшасында, 234-бапта, 328-бапта, 351-баптың 3-тармағында, 470-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiнде, 493-баптың 2-тармағында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 37-бапта "opaмa", "орамасы" деген сөздерден кейiн "және (немесе) ыдыс", "және (немесе) ыдысы" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 46-бапта бүкiл мәтiн бойынша "кеден органы", "кеден органының", "кеден органдарының", "кеден органдары" деген сөздердiң алдынан "бақылау өткiзу пункттерi мен мамандандырылған кеден мекемелерiнен басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
11) 47-баптың 1-тармағында "Кеден бекеттерi" деген сөздер "Мамандандырылған кеден мекемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 53-баптың 2-тармағында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 63-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) меншiгiнде осы Кодекстiң 81-бабында белгiленген талаптарға сәйкес жабдықталған көлiк құралдары болуға;";
4) тармақшадағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) әрбiр көлiк құралында оның орнын сигнал дыбысымен анықтауға мүмкiндiк беретiн техникалық жабдық болуға";
14) 64-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы бапта белгiленген өтiнiште және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген және/немесе толықтырылған жағдайда, кедендiк тасымалдаушысы өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тиiстi өзгерiстер туралы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар етедi.";
15) 76-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта "аталған адамдар" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасы кедендiк шекарасының қиылысқан жерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "нысанын және толтыру тәртiбiн" деген сөздер "толтыру нысанын орталық атқарушы орган айқындаған тәртiппен кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 82-баптың 2-тармағында "тауарларды қайта тиеу" деген сөздердiң алдынан "Тауарларды жеткiзудiң технологиялық процесi жүру жолында тауарларды түсiрместен көлiк түрiн өзгертудi көздейтiн жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
17) 84-бапта 3-тармағында "тауарларды жоғалтқан" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
18) 86-бапта:
1-тармақта "көлiк құралының" деген сөздерден кейiн "межелi кеден органында" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу туралы хабарламаны кеден органы жеткiзудi бақылау құжаттары мен көлiк және коммерциялық құжаттарды растау немесе олардың электрондық форматын электрондық цифрлық қолтаңбамен тiркеу жолымен жүзеге асырады.";
19) 87-бапта "белгiленген тәртiппен" деген сөздерден кейiн "не тауар мен көлiк құралы кеден iсi саласындағы қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заттай дәлелдемесi болып табылған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
20) 88-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "жайластырылған бөлiгi," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ мамандандырылған көлiк- экспедициялық ұйымдар тасымалдайтын экспресс-жүктердi сұрыптауға және өңдеуге арналған үй-жайлар;" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 89-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тауардың сипатына қарай қажеттi тиеу-түсiру техникасымен және таразы жабдығымен қамтамасыз етiлуi тиiс;";
4-тармақтың екiншi бөлiгiнде "халықаралық жол тасымалы рәсiмiн пайдалану;" деген сөздер "кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 90-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "өкiлеттiктерi бар тұлға" деген сөздерден кейiн "немесе тауарды сақтауға қабылдаған уақытша сақтау қоймасының өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте "орналастырылса" деген сөз "қойылса" деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 91-баптың 1-тармағында "екi айдан" деген сөздер "қысқаша декларацияны тiркеген күннен бастап қоса алғанда, алпыс күнтiзбелiк күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 93-бапта 2-тармағында "сақтау қоймаларында" деген сөздерден кейiн "немесе осы Кодекстiң 43-тарауына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету шартымен көлiк құралында" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 104-бапта:
5) тармақшада "санитарлық" деген сөз "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) келiп түсетiн/сақталып жатқан/ әкетiлетiн тауарлардың автоматтандырылған есепке алуды жүргiзу үшiн осы Кодекстiң 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнiмдермен үйлесiмдi бағдарламалық өнiмдердi орнату және мiндеттi түрде пайдалану үшiн компьютерлiк құрал-жабдық болуға тиiс.";
26) 106-баптың 3-тармағында "өзге кедендiк режимдермен орналастырылуы мүмкiн." деген сөздер "кеден органының қызмет аймағында өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуы, не тиiстi кедендiк режиммен орналастырылуы тиiс." деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 110-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Taуap және көлiк құралы кеден iсi саласындағы қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылған жағдайда, уақытша сақтау қоймасындағы жүктi ұстауды, жеткiзудi, орналастыруды жүзеге асырған орган қойманың иесiмен шарт жасасады.";
28) 112-баптың 6-тармағында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 125-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тауарлардың кедендiк құны осы Кодекстiң 39-тарауында, әкелiнетiн тауарларға қатысты бөлiгiнде белгiленген тәртiппен айқындалады.";
30) 128-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, тауардың кедендiк құны кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастырған кезде мәлiмделгеннен төмен болмауы тиiс.";
31) 130-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) келiп түсетiн/сақталып жатқан/ әкетiлетiн тауарлардың автоматтандырылған есепке алуды жүргiзу үшiн осы Кодекстiң 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнiмдермен үйлесiмдi бағдарламалық өнiмдердi орнату және мiндеттi түрде пайдалану үшiн компьютерлiк құрал-жабдық болуға тиiс.";
32) 142-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Тауарлардың кедендiк құны осы Кодекстiң 39-тарауында, әкелiнетiн тауарларға қатысты бөлiгiнде белгiленген тәртiппен айқындалады.";
33) 143-бапта:
1-тармақта "фискалдық жады бар" деген сөздердiң алдынан "салық заңнамасының талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "өткiзу пункттерiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ халықаралық тасымалдауды орындайтын әуе және теңiз кемелерiнiң бортында" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 157-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шарттардың (келiсiм-шарттардың) және олардың негiзiнде тауарды қайта өңдеу жүргiзiлетiн басқа да құжаттардың күнi мен нөмiрi, қайта өңдеудiң өндiрiстiк процесiнiң мерзiмi;";
35) 160-баптың 1-тармағында "дәлелдi сұратуы бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатымен" деген сөздер "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 162-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнiмдерiнiң кедендiк құны тауарды қайта өңдеу үшiн әкелiнгенiн құны ретiнде айқындалады.";
37) 172-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнiмдерiнiң кедендiк құны тауарды қайта өңдеу үшiн әкелiнгенiн құны ретiнде айқындалады.";
38) 174-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер тауарлар сатып алу-сату шарты бойынша әкетiлсе;";
39) 190-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелудiң кедендiк режимi аяқталғанға дейiн жер қойнауын пайдаланушы уақытша әкелiнген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беруге не иелiктен шығаруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және/немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда жол берiледi.";
40) 192-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiкте "дәлелдi" деген сөз "жазбаша" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Кеден органының уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмi декларантқа жазбаша нысанда берiледi, шешiмнiң екiншi данасы кедендiк жүк декларациясымен бiрге кеден органында сақталады.
Тауарларды уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш берген кезде декларант кедендiк қарау үшiн кеден органына осы тауарларды, ал тауарлар кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, өздерi тұрған қызмет аймағында тауарлардың бар-жоғы және өзгерiссiз қалыпта тұрғандығы туралы кеден органының қорытындысын ұсынуға мiндеттi.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар үшiн арналған тауарларды уақытша әкелу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жұмыс бағдарламасында айқындалған көлем мен ұзақтықты ескере отырып декларант айқындайды.";
41) 194-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте кеден қоймасы режимiн аяқтау және тауарларды уақытша әкелу мерзiмiн жаңарту үшiн пайдаланылмаған мерзiмге жаңа кедендiк жүк декларация ресiмделедi.";
42) 210-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Тауарлардың керi экспорты кезiнде алдыңғы кедендiк режимге орналастырылған күнге кедендiк құн қолданылады.";
43) 211-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "тауарларды" деген сөз "eгep басқа мерзiм келiсiм-шарттың талаптарында көзделмесе, тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 223-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте тауарлардың кедендiк құны тиiстi кедендiк режимге орналастыру кезiнде кедендiк құнды айқындау ерекшелiктерiне сәйкес белгiленедi.";
45) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"240-бап. Еркiн қоймалардағы тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар
1. Еркін қоймаларда қайта өңдеу үшiн арналған тауарлар үшiн:
қайта өңдеу бойынша - әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталатын құрастыруды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бiрдейлендiру қайта өңдеудiң мiндеттi шарты болып табылатын жағдайда, әкелiнген тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiнде бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзiн қайта өңдеу, оларды қалпына келтiрудi қоса отырып, тауарларды жөндеу, қайта өңдеу процесі барысында оларды толық немесе iшiнара тұтына отырып, қайта өңдеу өнiмдерi өндiрiсiн жеңiлдетуге арналған кейбiр тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол берiледi.
2. Олардың көмегiмен тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар жүзеге асыратын тауарлар үшiн:
тауарларды еркiн қоймада пайдаланылатын технологиялық жабдық және оның қосалқы бөлшектерi, тиеу-түсiру техникасы, өзге де техникалық құралдар ретiнде пайдалануға жол берiледi.
3. Қайта өңдеу өнiмдерi үшiн:
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша - тауарлар легiн бөлшектеу, жөнелтiмдердi түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен немесе жұмыс күйiне келтiрумен байланысты қарапайым операциялар, тиiмдi орналастыру мақсатында қойма шегiнде тауарлардың орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтерiне орналастыру, тестiлеу операцияларын жасауға жол берiледi.
4. Қайта өңдеу үшiн арналған тауарлар үшiн және қайта өңдеу өнiмдерi үшiн:
бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша - тазалау, желдету, кептiру (оның iшiнде жылу ағынын келтiрумен), сақтаудың қолайлы температуралық режимiн жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозияға қарсы жабылғы жасау, сақтандырғыш заттарды енгiзу операцияларын жасауға жол берiледi.
5. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында және 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген еркiн қоймаға орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органын хабардар ете отырып жүргiзiледi және Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодын өзгертпеуге тиiс.";
46) 245-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте қайта өңделген тауарлардың кедендiк құны тауарды қайта өңдеу үшiн әкелiнгенiн құны ретiнде айқындалады.";
47) 246-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
"6) келiп түсетiн/сақталып жатқан/ әкетiлетiн тауарлардың автоматтандырылған тiркеудi жүргiзу үшiн осы Кодекстiң 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнiмдермен үйлесiмдi бағдарламалық өнiмдердi орнату және мiндеттi түрде пайдалану үшiн компьютерлiк құрал-жабдық болуға тиiс.";
7) өрт қауiпсiздiгi талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге тиiс.";
48) 248-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) қызмет аймағында қойма бекiтiлетiн кеден органының бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестiгi туралы қорытындысы.";
49) 268-баптың 3-тармағы "уақытша әкелiнген" деген сөздерден кейiн "және уақытша әкетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 269-1, 269-2, 269-3-баптармен толықтырылсын:
"269-1-бап. Декларациялаудың конклюденттiк нысаны кезiнде өткiзу пункттерiн жайластыруға қатысты жалпы ережелер
1. Өткiзу пункттерiнде декларациялаудың конклюденттiк нысанын қолдану мақсаты үшiн "жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн қолдану үшiн орындар жайластырылады.
2. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн қолдану Қазақстан Республикасы кедендiк шекарасы арқылы кейiнгi декларациялау нысанын және оған сәйкес онда өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн оған тиiстi дәлiздi жеке тұлғаның дербес таңдауын көздейдi.
3. Кәмелетке толмаған адамдар өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау үшiн декларациялау нысаны мен оған тиiстi дәлiздi таңдауды сүйемелдеушi адам жүргiзедi.
269-2-бап. Халықаралық өткiзу пунктiнде "жасыл және қызыл-дәлiздердi" қолдану
1. "Жасыл дәлiздер" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасына халықаралық өткiзу пунктi арқылы және осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес қол жүгiнде және иесiмен бiрге жөнелтiлетiн багажында мiндеттi жазбаша декларациялануға жататын тауарлары жоқ жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдiктi өткiзу тәртiбi.
"Жасыл дәлiзде" кедендiк бақылаудың кейбiр нысандарын қолданбау адамдардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мiндетiнен босатылатындығын бiлдiрмейдi.
2. "Қызыл дәлiздер" - осы Кодекстiң 265-бабына сәйкес қол жүгiнде және иесiмен бiрге жөнелтiлетiн багажында мiндеттi жазбаша декларациялануға жататын жеке тұлғаларға қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi кедендiк бақылау нысандарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасында халықаралық өткiзу пункттерi арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларды кедендiк бақылау тәртiбi.
3. "Жасыл" және "қызыл" дәлiздердiң басталуы мен аяқталуын кедендiк бақылау аймағының шегiнде кеден органы белгiлейдi.
269-3-бап. "Жасыл және қызыл дәлiздердi" қолдану үшiн шекарадағы өткiзу пункттерiне қойылатын талаптар
1. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесi шекарада өткiзу пунктi кедендiк бақылау аймағында "жасыл дәлiз" талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бiр дәлiз және "қызыл дәлiзге" қойылатын талаптарды ескерiп жабдықталған кем дегенде бiр дәлiз болған кезде қолданылады.
2. Коридорлардың санын кеден органы белгiлейдi.
3. "Жасыл және қызыл дәлiздердiң" жайластыруға қолданылатын талаптарды кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
51) 275-баптың 1-тармағы "табыс ету талап етiлмейдi" деген сөздерден кейiн "және мұндай жағдайларда кедендiк рәсiмдеу көлiк және коммерциялық құжаттарға кеден органының тиiстi белгiлерiн қою жолымен жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын;
52) 297-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
53) 306-баптың 5) тармақшасы "кiрiстiң бiр бөлiгi" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес салық салынатын салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттен алған кiрiс" деген сөздермен толықтырылсын;
54) 309-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын:
"11. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына өзiнде ақпарат жазылған ақпарат тасымалдауыштарын (магнит дискiлерi, магнит таспасы, компакт-дискiлер, флоппи-дискiлер және т.т.) әкелген кезде кедендiк құнға мәмiленiң мәнi көрсетiлген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасымалдауыштың құны ғана қосылады.";
55) 315-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауын пайдаланушылар өткiзген шартты түрде шығарылған тауарлардың кедендiк құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген қолдану (пайдалану) уақыты iшiндегi амортизация нормаларын ескере отырып, тауарларды өзге кедендiк режимге орналастырған күнге айқындалады.";
56) 316-бапта:
1 һ-тармақта:
"растау үшiн декларант" деген сөздерден кейiн "жазбаша және (немесе) электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "eгep декларант бере алса," деген сөздер "заңнамасы кедендiк декларацияны толтыру туралы көздемейтiн елдердi қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "декларант бұл үшiн" деген сөздерден кейiн "жазбаша және (немесе) электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;
57) 317-баптың 1-тармағында:
"кеден органына" деген сөздерден кейiн "жазбаша және (немесе) электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Кедендiк құн декларациясын толтырудың тәртiбiн орталық атқарушы орган белгiлейдi, нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.";
58) 318-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
төртiншi абзацында "дәйектемесiз декларациялау" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде декларацияланатын тауар шыққан елдiң сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының сәйкессiздiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"eгep, сатушы кейiннен қайта сатудан тiкелей немесе жанама түрде кiрiс алса, оның iшiнде салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерден алған кiрiсi болса;";
2-тармақта:
1) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қалған тауарлар бойынша:
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн - тәуелсiз сараптама қорытындысы (акт) және Қазақстан Республикасының кеден органының қарау актiсi;
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн тәуелсiз сараптама қорытындысы (акт).
Осы ереже сыртқы сауда шартының (келiсiм-шартының) талаптарында көзделген саны бойынша әкелiнген немесе әкетiлген тауардың ауытқуларына қолданылмайды.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Сатушыға кейiннен қайта сатудан тiкелей немесе жанама түрде түскен кiрiске, оның iшiнде салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерден алған кiрiске байланысты мәмiле бағасы өзгерген жағдайда, сатып алу-сатудың не айырбастың сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) және/немесе жарғылық капиталында әрбiр мәмiлеге қатысушының айналымында жүрген дауыс берушi акциялары немесе резидент емес заңды тұлғаның және үшiншi тұлғаның жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) 5 немесе одан да көп пайыздары тiкелей немесе жанама резидентке жататын резидент еместiк шот-фактурасы (инвойсы) тауар мәмiлесiнiң бағасын түзетудi растайтын құжат болып табылады.
Бұл ретте түзетудi резидент емес тұлға үшiншi тұлғаға соңғы қайта сату жөнiндегi мәліметтермен өз атынан ұсынатын құжаттар бойынша резидент жүргiзедi.";
5-тармақта "экспорт режимiнде" деген сөздер және "немесе тауарды еркiн айналым үшiн шығарғаннан" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
"түзетiлетiн" деген сөздiң алдынан ", оның iшiнде Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды және шығарылған елi өзгеруiне байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
59) 320-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
60) 321-бапта:
1-тармақта "кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген болса," деген сөздер "осы Кодекстiң 43-тарауына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "мәлiметтерiн пайдалана отырып" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ шет мемлекеттермен деректер алмасу және 314-баптың 2-тармағында айқындалған деректердiң негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
61) мынадай мазмұндағы 321-1-баппен толықтырылсын:
"321-1-бап. Тауарлардың кедендiк құнын айқындауға қатысты қосымша ережелер
Қылмыстық iстердi және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау кезiнде кедендiк шекара арқылы тауарларды заңсыз өткiзуден болатын кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша залалды белгiлеу мақсатында тауарлардың кедендiк құнын айқындау заңнамада белгiленген тәртiппен сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы осы Кодексте белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өткiзiлген тауарларға қатысты және кедендiк төлемдер мен салықтар төленбеген тауарларға қатысты өсiмпұлды қоса алғанда, төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы шекарадан өткен күнi, ал егер де мұндай күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеден органдары осы тауарларды анықтаған күнi қолданылатын ставкаларды негiзге ала отырып есептеледi.
Кеден органына тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары туралы, мөлшерi, шығарылған елi туралы нақты мәлiметтердi ұсынбауға байланысты кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын анықтау мүмкiн болмаған кезде кедендiк төлемдер мен салықтардың сомалары кедендiк төлемдер мен салықтардың барынша көп мөлшерiнiң, тауардың мөлшерi мен шығарылған елiнiң негiзiнде анықталады.";
62) 322-баптың 2) тармақшасында "лицензия" деген сөзден кейiн "немесе кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын" деген сөздер алып тасталсын;
63) 325-бапта "Лицензиялар" деген сөздерден кейiн "мен кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын" деген сөздер алып тасталсын;
64) 326-баптың 3-тармағында "тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi" деген сөздер "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 327-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"327-бап. Талап қою мерзiмi
Кеден органдарының кедендiк төлемдердiң және салықтардың қайта қаралған сомаларын төлеу не кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптары бойынша, сондай-ақ төлеушiлердiң артық төленген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы талаптары бойынша талап қою мерзiмi бес жыл болып белгiленедi.";
66) 338-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) осы Кодекстiң 370-бабына сәйкес шартты түрде тауарларды шығару кезiнде қолданылады.";
67) 339-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) бюджетке ақша аудару түрiнде берiлуi мүмкiн.";
3-тармағы алып тасталсын;
68) 346-бапта:
барлық сөйлем бойынша "артық" деген сөзден кейiн "немесе қате" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Аудару кезiнде мынадай қателер жiберiлген сомалардың бюджетке түсуi кедендiк төлемдер мен салықтардың қате төленген сомалары деп саналады:
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi салық төлеушiнiң атауына сәйкес келмесе;
2) алушы - салық органының Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi дұрыс емес көрсетiлсе;
3) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым төлем құжатын дұрыс емес ресiмдесе;
4) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым, салық және басқа да мiндеттi төлемдердi қате екi рет есептесе;
5) төлемнiң мәтiндiк мәнi төлемнiң мәндiк кодына және кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының кодына сәйкес келмесе;
6) көрсетiлген салық органында салық төлеушiнiң тiркеу деректерi болмаса;
7) басқа да себептер.";
7-тармағы "өтiнiш бойынша" деген сөздерден кейiн "он бес жұмыс күнiнен артық емес мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын;
69) 350-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Eгep, хабарламаға шағымданған жағдайда хабарламадағы талаптарды орындау мерзiмiн есептеу шағым берiлген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешiмнiң заңды күшiне енген күнiн қоса алғанға дейiнгi уақыт кезеңiне тоқтатылады.
Бұл ретте, шағымдану өсiмпұл есептеудi тоқтата тұрмайды.";
70) 354-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың ережелерi банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актiсiне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.";
71) 357-баптың 3-тармағында "заңдарына" деген сөз "салық заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 380-бапта:
1-тармағының 1 бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы межелi кеден органында қысқаша декларацияны тiркеген күндi қоса есептегенде күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей берiледi.";
3-тармағында "дәлелдi өтiнiшi" деген сөздер "жазбаша өтiнiшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 382-баптың 5-тармағының 1) тармақшасында "брокерлiк қызмет көрсетуге шарт" деген сөздерден кейiн "және кедендiк ресiмдеу бойынша маманның бiлiктiлiк аттестаты" деген сөздер алып тасталсын;
74) 383-бапта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"заңнамаларында кедендiк декларациялауды толтыру қарастырылмаған елдерден басқа, жөнелтушi елдiң жүк кедендiк декларациясының көшiрмесi;";
17) тармақшасының бесiншi бөлiкте "әкетiлуiн" деген сөзден кейiн "және/немесе әкелiнуiн" деген сөздермен толықтырылсын;
75) 385-бапта:
2-тармақта "Кеден органы" деген сөздер алып тасталсын және "өзгертуге және толықтыруға рұқсат етедi" деген сөздер "өзгертуi және толықтыруы мүмкiн" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақта:
"дәлелдi өтiнiшi" деген сөздер "жазбаша өтiнiшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Ресiмдеу мерзiмi осы Кодекстiң 440-бабында белгiленген мерзiмнен асатын жүк кедендік декларациясы күшiн жоюға жатады.";
8-тармақта "дәлелдi өтiнiшi" деген сөздер "жазбаша өтiнiшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 387-бапта:
2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Уақытша кедендiк декларация берiлген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда және/немесе келiсiм-шарттың тараптары өзара тәуелдi тұлғалар болып табылса, өзара тәуелдi тараптар арасында бiр сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) шеңберiнде тауарларды жеткiзуге бiр уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен байланысты емес нақты сатып алушылардың саны бойынша бiрнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келiсiм-шарты) берiледi.";
3-тармақта "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Декларант жүктiң уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей жүктiң толық кедендiк декларациясын беруге мiндеттi.
Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткiзу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде беру мерзiмi баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актiсi не басқа да құжаттар ресiмделген күннен бастап, бiрақ уақытша кедендiк декларация тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бiрнеше көлiктiк құжат жасалса, мерзiм, отыз күнтiзбелiк күн соңғы көлiктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.";
77) мынадай мазмұндағы 389-1-баппен толықтырылсын:
"389-1-бап. Бөлшектелген немесе жинақсыз түрдегi тауарларға арналған декларация
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы бiрнеше топпен жеткiзiлетiн тауарларды бөлшектелген немесе жинақсыз түрде өткiзген кезде, егер өндiрiстiк немесе көлiктiк жағдайлар бойынша оларды бiр топпен тиеу мүмкiн болмаса, осы топтар бiрыңғай тауар болып қаралуы және декларациялануы мүмкiн.
Осы баптың 1-тармағының ережелерi мынадай шарттарды сақтаған кезде қолданылады:
1) кеден органын осындай жеткiзу себептерiн көрсете отырып, жинақталған объектiнi жеткiзу туралы алдын ала хабарландырған;
2) бiр келiсiм-шарт шеңберiнде жиынтық тауардың барлық тобын бiр жеткiзушi жеткiзген;
3) бip кедендiк органда жиынтық тауарлардың барлық топтары декларацияланған;
4) Қазақстан Республикасының кеден аумағына жинақталған объектiнi жеткiзу туралы алдын ала хабарланған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде тауарлардың барлық тобын әкелген.
Декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша тауарларды алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарларды жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, жинақталған объектiлердiң қалған топтарын әкелу мерзiмiн кеден органы ұзартуы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген ұзарту жинақталған объектiнi жеткiзу туралы хабарлама күнiнен бастап бiр жылдан аса алмайды.
Тауарларды бөлшектелген немесе жинақсыз түрде декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн орталық атқарушы орган анықтайды.";
78) 390-бапта:
390-баптың қолданыстағы редакциясы 1-тармақ болып белгiленсiн;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалану арқылы кеден органдары тауарларды шығару туралы шешiм қабылдаған кезде декларант ұсынылған ақпараттың дұрыс еместiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауап бередi.";
79) мынадай мазмұндағы 393-1-баппен толықтырылсын:
"393-1-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын шартты шығару
1. Мынадай тауарлар мен көлiк құралдары шартты шығаруға жатады:
шектеулер сақтала отырып оларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiнде жеңiлдiктер берiлген;
кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкенi, тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу, еркiн айналыс қайта өңдеу, уақытша әкелу/әкету, еркiн қойма және еркiн кеден аймағы кедендiк режимдерiне орналастырылған;
оларды шығару Қазақстан Республикасының заңдармен белгiленген шектеулердi сақтауын растайтын құжаттар мен мәлiметтердi ұсынбастан жүзеге асырылатын;
оларға қатысты осы Кодекстiң 43-тарауына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету қолданылатын.
2. Шартты шығару кезiнде тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауда болады.
3. Оларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiнде жеңiлдiктер берiлген шартты шығарылған тауарлар жеңiлдiктер беру шарттарына сәйкес келетiн мақсаттарда ғана пайдаланыла алады.
4. Кеден органдары шектеулердi сақтауын растайтын құжаттарды ұсынбастан шығаруды жүзеге асырған тауарларды үшiншi тұлғаларға беруге, оның iшiнде оларды сату жолымен немесе өзге әдiспен иелiктен шығаруға тыйым салынады.
5. Еркiн айналыс үшiн шығаруға мәлiмделген тауарлар бюджетке кедендiк төлемдер мен салықтардың тиiстi сомасын төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындаған сәтiне дейiн шартты шығарылған деп саналады.
6. Шартты түрде жiберiлген тауарлардың шетелдiк тауарлар мәртебесi болады.";
80) 394-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"394-бап. Кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясын алған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген жеке кәсiпкер кеден брокерi бола алады.";
81) 395-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қамтамасыз ету" деген сөздердiң алдынан ", егер ол кеден брокерi мен өкiлдiк берушi тұлғаның арасындағы шартта көзделсе" деген сөздермен толықтырылсын;
82) 397-баптың 2-тармағында:
7) "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшасындағы "бөлiгiнде" деген сөзден кейiн ", егер ол кеден брокерi мен өкiлдiк берушi тұлғаның арасындағы шартта көзделсе" деген сөздермен толықтырылсын;
83) 398-баптың 1-тармағында:
4) тармақшасында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшасы алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) кеден органына кеден брокерiнiң штатында тұратын мамандар туралы мәлiметтердi ұсыну;";
84) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"400. Кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптарына:
1) осы Кодекстiң 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнiмдермен үйлесiмдi бағдарламалық өнiмнiң болуына;
2) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкiлдiк берушi тұлғалардың мүлiктерi мен мүдделерiне зиян келтiргенi үшiн кеден брокерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының болуына.";
85) 401-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган берген кеден брокерi ретiндегi қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғаннан кейiн осындай қызметтi бастауға құқылы.";
2-тармақтың 1) тармақшасында "заңды" деген сөз "мүдделi" деген сөзбен ауыстырылсын;
86) 403-баптың 1 тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
87) 407 және 408-баптар алып тасталсын;
88) 411-бапта "зияткерлiк меншiк" деген сөздер "тауар таңбаларына авторлық құқық және аралас құқық" деген сөздермен ауыстырылсын;
89) 412-баптың 2-тармағында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша әділет органдарымен";
90) 419-бапта 2-тармақта "не оны алмастырушы адам" деген сөздерден кейiн "тиiстi бұйрық рәсiмдей отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
91) мынадай мазмұндағы 420-1-баппен толықтырылсын:
"420-1-бап. Кеден органдарының интеллектуалдық меншiк құқығын қорғауына қатысты қосымша ережелер
Кеден органдары сот шешiмiне сәйкес жоюға жататын контрафактылы тауарларды тиiстi мемлекеттiк органға беруге мiндеттi.
Контрафактылы тауарды жою жөнiндегi сот шешiмi шығарылған жағдайда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жою жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.";
92) 424-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасында "әзiрлейтiн," деген сөз алып тасталсын;
6-тармақта "кеден органдарымен" деген сөздер "ақпарат және байланыс облысы бойынша уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"кедендiк" деген сөзден кейiн ", фискалдық және болжаулық" деген сөздермен толықтырылсын;
93) 432-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн осы Кодекстiң 441-бабында көзделген (жеке тексерiп қарауды қоспағанда) қарастырылған нысандарда кедендiк бақылауды жүзеге асырады.";
94) 433-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пунктiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
95) 442-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. 442-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәлiметтерге сұрау салу және егер, осы Кодексте тiкелей өзгеше көзделмесе, оларды тауарларды шығаруға кедергi жасамайтындығына тексеру.";
96) 453-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiкте "зерттеу жүргiзу" деген сөздерден кейiн, ", сондай-ақ құжаттардың және бiрдейлендiру құралдарының түпнұсқалығын тексеру" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "сарапшылары" деген сөз "мамандары" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшасының екiншi бөлiгiнде "қаулы" деген сөзден кейiн "немесе анықтама" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолдамада не қаулыда немесе анықтамада көрсетiледi:";
5-тармақта "қаулы" деген сөзден кейiн "немесе анықтама" деген сөздермен толықтырылсын;
97) 468-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде "мүмкiндiк беретiн" деген сөздерден кейiн ", талдау мен тәуекелдi басқарудың автоматтандырылған жүйесiнде жүзеге асырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
98) мынадай мазмұндағы 469-1-баппен толықтырылсын:
"469-1-бап. Алдын ала ақпарат беру
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тасымалдаушылар, кеден iсi саласында лицензиясы бар тұлғалар электронды түрде жүк, жолаушылар, көлiк құралдары және жүру бағыты туралы алдын ала ақпаратты бередi.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерiнiң кеден органдарымен алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Алдын ала ақпаратты беру және пайдалану тәртiбiн орталық атқарушы орган белгiлейдi.";
99) 481-бапта 2) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың және көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне хабарлап отырады;";
100) 494-баптың 1-тармағында, 498-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "кеден iсi" деген сөздер "немесе орталық атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
101) 502-баптың 1 және 2-тармақтарында "уәкiлеттi орган" деген сөздер "немесе орталық атқарушы орган" деген сөздермен толықтырылсын;
102) 506-баптың 2-тармағында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) iшкi iстер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындысының болуы;";
3) тармақшасында "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
103) 507-бапта барлық мәтiн бойынша "жас мамандарды", "жас мамандар" деген сөздер "жаңадан қабылданғандарды", "жаңадан қабылданғандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
104) 508-бап алып тасталсын;
105) 511-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кiшi, орта, басшы құрамның арнаулы атақтарын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы бередi.
Аға басшы құрамның арнаулы атақтарын орталық атқарушы органның басшысымен берiледi.";
106) 515-баптың 1-тармағы:
"кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның басшылары, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңыздағы қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерiнiң, кедендерiнiң, мамандандырылған кеден мекемелерiнiң басшылары және олардың орынбасарлары сол кеден органында не атқарып отырған басшы лауазымында үздiксiз болған 3 жыл өткен сайын ротациялануы мүмкiн.";
107) 516-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттiк қызметте болуға байланысты мiндеттердi және шектеулерді сақтамауы;";
108) 517-баптың 3-тармағында:
"кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "тиiстi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
109) 518-бапта 2-тармақтың 2) тармақшасында "қызметкерлерi" деген сөздер "лауазымды тұлғаларына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi