Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы Сауда келiсiмiне қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 172 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда келiсiмiнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Apaб Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда келiсiмiне қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы Сауда келiсiмi

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi,
      екi ел халықтарының арасындағы дәстүрлi достық қатынастарын нығайтуға және теңдiк пен өзара тиiмдiлiк қағидаттарының негiзiнде екi жақты сауда қатынастарын ұстауға ниет бiлдiре отырып,
      мына төмендегілер туралы келiстi:

  1-БАП

      Тараптар екi жақты сауданы дамыту үшiн барлық қажеттi шараларды алдын ала қабылдайды және бап үшiн өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес барлық жағдай жасайды, сондай-ақ халықаралық ережелер мен нормаларды басшылыққа алады.
      Әрбiр Тарап екiншi Тараптың мемлекетiне экономикалық залал келтiруi мүмкiн әрекеттерден тартынады, сондай-ақ осы Келiсiм шеңберiнде бұл мақсатты iске асыру үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды.

  2-БАП

      1. Тараптар сауда ынтымақтастығын дамыту үшiн өзара тиiмдi жағдай жасау мақсатында бiр бiрiне өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мыналарға:
      а) осындай баждар мен алымдарды алу тәсiлдерiн қоса алғанда, импортқа және экспортқа салынатын кез келген түрдегi кеден баждары мен алымдарына;
      b) кедендiк тазалауды, транзиттi, қоймаға қоюды және қайта тиеудi қоса алғанда, импортқа және экспортқа қатысты ережелер мен ресмилiктерге;
      с) импортталатын тауарларға қатысты тiкелей немесе жанама қолданылатын кез келген түрдегi салықтарға және басқа iшкi алымдарға;
      d) төлемдер мен осындай төлемдердi аудару әдiстерiне;
      e) өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес экспортқа және/немесе импортқа лицензиялар беруге қатысты неғұрлым қолайлылық режимiн ұсынады.
      2. Неғұрлым қолайлылық режимi мыналарды:
      а) шекара маңы саудасын және тасымалдауды жеңiлдету үшiн Тараптардың бiрiнiң мемлекетi көршiлес мемлекеттерге беретiн артықшылықты;
      б) немесе Тараптардың әрқайсысы мемлекетiнiң кеден одағындағы, еркiн сауда аймағындағы немесе сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзге нысандарындағы мүшелiгiнiң негiзiнде үшiншi мемлекетке беретiн;
      в) дамушы мемлекеттерге преференциялардың жалпы жүйесiне сәйкес берiлетiн артықшылықтарды қамтымайды.

  3-БАП

      Тауарлардың экспорты және/немесе импорты өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және бағаға, сапаға, жеткiзiлiмдер мен төлем шарттарына қатысты белгіленген коммерциялық практикаға сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң жеке және заңды тұлғаларының арасында жасалған келiсiм-шарттардың талаптары бойынша жасалады.

  4-БАП

      Тараптар арасындағы сауда ынтымақтастығының нәтижесiндегi барлық есеп айырысулар, төлемдер мен аударымдар еркiн айырбасталымды валютамен, егер Тараптар өзгеше келiспесе, Тараптар мемлекеттерiнiң валюталық заңнамаларында көзделген және халықаралық банк практикасына сәйкес келетiн кез келген нысанда жүзеге асырылады.

  5-БАП

      Тараптар сыртқы сауда қызметiн реттейтiн салада Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын заңдар және басқа да нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпаратпен, сондай-ақ өнiмдер мен тауарларды жеткiзу жөнiңдегi ақпаратпен жүйелi түрде алмасады.

  6-БАП

      Екi жақты сауда қатынастарының тарифтiк және тарифтiк емес ережелерiн iске асыру, статистикалық ақпаратпен алмасу, кедендiк ресмилiктердi iске асыру мақсатында Тараптар 1983 жылғы 14 маусымда Брюсселде жасалған Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияны қолдануға келiстi.

  7-БАП

      Тараптар жүктер мен жолаушылар транзитiн қоса алғанда жүк тасымалдау тәртiбi мен мерзiмдерi, олардың бағыттары, сондай-ақ барлық көлiк жүйелерi тасымалдаудың халықаралық ережелерiне сәйкес реттелетiн болады және/немесе Тараптар арасындағы жеке келiсiмдермен айқындалатын болады деп келiстi.

  8-БАП

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларының шеңберiнде өз мемлекеттерiнiң аумағында сауда жәрмеңкелерiн, көрмелер ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдем көрсетедi, сондай-ақ сауда делегациялары мен топтарының сапарларын жүргiзуге жәрдемдеседi.
      Әрбiр Тарап өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес және осындай жәрмеңкелер, көрмелер және басқа да осыған ұқсас көрме мақсаттарына арнап екiншi Тарап уақытша әкелетiн көрме үлгiлерi мен тауарларды кеден баждары мен салықтардан босатады.

  9-БАП

      Тараптар сауда және инвестициялық ынтымақтастықты iлгерiлету, сондай-ақ екi елдiң iскер және қаржылық топтарының арасында тiкелей байланыстар мен диалогты жолға қою, оларды жан-жақты iскерлiк ынтымақтастыққа тарту мақсатында екi елдiң iскер топтары арасында ынтымақтастық орнатуға, оның iшiнде Қазақстан-египет iскерлiк кеңесiн құруға жәрдемдеседi.

  10-БАП

      Осы Келiсiмдi тиiмдi iске асыру, сондай-ақ сауда қатынастарын дамыту жолдары мен құралдарын iздеу мақсатында Тараптар жеке ведомствоаралық меморандум жасау жолымен Бiрлескен ведомствоаралық сауда комитетiн құруға келiстi.

  11-БАП

      Тараптар егер, әрбiр нақты жағдайда өзге тәртiп келiсiлмейтiн болса, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегiнде олардың осы Келiсiмдi орындауы барысында туындайтын шығыстарды дербес көтередi.

  12-БАП

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  13-БАП

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар, келiссөздер жүргiзу немесе келiсiлген өзге де халықаралық-құқықтық құралдар жолымен шешiлетiн болады.

  14-БАП

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Көрсетiлген хаттамалар осы Келiсiмнiң 15-бабында айқындалған тәртiппен күшiне енедi.

  15-БАП

      Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Осы Келiсiмнiң қолданысы кейiннен егер, Тараптардың бiрде бiреуi кезектi мерзiм аяқталардан кемiнде алты ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша нысанда хабарламаса, кейiнгi кезеңдерге бiр жылға өздiгiнен ұзартылады.
      Осы Келiсiмнiң ережелерi ол бойынша мiндеттемелердi орындағанға дейiн осы Келiсiмнiң қолданысы iшiнде жасалған келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
      2007 жылғы "__" наурызда Каир қаласында әрқайсысы қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндер дәлме-дәл. Осы Келісiмнiң ережелерiн түсiндiруде алшақтықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының      Египет Араб Республикасының
            Yкiметi үшiн                    Yкiметi үшiн

         Оразбақов Ғалым                    Рачид M. Рачид
  Индустрия және сауда министрi       Сауда және индустрия министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады