Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы N 201 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Алкоголь өнiмiне ең төменгi бағалар белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 475-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақта "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне" деген сөздер "Қаржы министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      2-бағандағы "258" деген сандар "357" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады