Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 372-қосымшада :
4 және 5-тармақтардағы "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияға" және "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясын" деген сөздер тиiсiнше "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларға" және "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк" деген сөздердiң алдынан "6" деген санмен толықтырылсын;
"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияның" деген сөздер "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың офистерiн ашу және ұстау: а. 6 орталық; б. 7 филиал;";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту".
1) офис ашу және ұстау:
а. 1 орталық;
б. 2 филиал;
2) мемлекеттік кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау және олардың негiзiнде жаңа бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер мен технологияларды дамыту, халықаралық стандарттарға негiзделген кәсiпорындарда жаңа өндiрiстiк және басқару технологияларын енгiзу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) жеке меншiк отандық және шетелдiк капиталдың қатысуымен бiрлескен жобалар жасау және iске асыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу;
4) Қарағанды облысының Темiртау қаласында индустриялық парктiң инженерлiк инфрақұрылымын салу.";
"Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта:
"Тiкелей нәтижеде":
"әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясының" деген сөздер "әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"16" деген сандар "9" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- Қарағанды облысының Темiртау қаласында индустриялық парктiң инженерлiк инфрақұрылымын салу.";
"Қаржы-экономикалық нәтижеде:" және "Уақтылығында:" мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi