"Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік меморандумын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 наурыздағы N 226 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік меморандумын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі   

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы   (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік меморандумын
ратификациялау туралы

      2003 жылғы 1 шілдеде Брюссельде қол қойылған Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік меморандумы ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті
      

Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік меморандумы

      Түсіністік меморандумы, Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы арасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы төмендегі баптарда айтылған қарым-қатынастарды құру үшін құқықтық негіз болып табылады.

Кіріспе

      Мыналарды:
      - Қазақстан»"Бейбітшілік жолындағы әріптестік"»(БЖӘ) бағдарламасы кіруге шақыруды қабылдай отырып, 1994 жылғы 27 мамырда»"Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасының негіздемелік құжатына қол қойып және қосыла отырып, көрсетілген "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасының әріптес елі болып табылатындығын;
      - Қазақстанның Қорғаныс министрлігі НАТО-ның Техникалық қызмет
көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымына оның қару-жарақ жүйелері саласындағы әріптестік (ҚЖӘ) бағдарламалары мен қарым-қатынастары шеңберінде ұсынатын қызмет көрсетулерге мүдделілік білдіргендігін;
      - Қазақстанның Қорғаныс министрлігі НАТО-ның Техникалық қызмет
көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымымен материалдық-техникалық қамтамасыз етудің белгілі бір салаларында ынтымақтастық орнату мақсатын келіссөздер жүргізетіндігін;
      - НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы Директорлар кеңесінің Қазақстанға материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсетуге (бұдан әрі айқындалғанда келіскендігін;
      - НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы Директорлар кеңесінің "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" (БЖӘ) бағдарламасына қатысушы мемлекетпен ынтымақтастық контексінде НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы Жарғысында көрсетілген негізгі мақсаттардың бірі болып табылатын, НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі агенттігі бағдарламаларының құнын төмендетуге НАТО-ға мүше елдердің жалпы мүдделілігін ұғынатындығын;
      - Солтүстік Атлант кеңесі осындай келісімге кіру Қазақстанға қандай да болмасын жағдайда Солтүстік Атлант Шарты ұйымына мүше мәртебесін ұсынбайтындығы және мұндай мәртебені алуды талап ету құқығын бермейтіндігі шартымен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы Директорлар кеңесінің Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі келісімді жасасу туралы ұсынымдарын мақұлдағанын;
      - НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы Директорлар кеңесінің НАТО-ның Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі агенттігінің Бас менеджерін аталған Түсіністік меморандумына қол қоюға уәкілетті еткендігін назарға ала отырып:
      Бұдан әрі»"Тараптар"»деп аталатын, Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы осы Түсіністік меморандумында айтылған ережелер негізінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұсыну бойынша түсіністікке қол жеткізді.

Анықтамалар/аббревиатуралар

      Осы Түсіністік меморандумының мәтінінде және одан туындайтын нақты келісімдердің мәтіндерінде:
      - "НАТО" Солтүстік Атлант Шарты ұйымын білдіреді;
      - "НАМСО" НАТО-ның Материалдық-техникалық қызмет көрсету және
қамтамасыз ету жөніндегі ұйымын білдіреді;
      - "НАМСА" НАТО-ның Материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі агенттігін білдіреді;
      - "БЖӘ" 1994 жылғы 10-11 қаңтарда Брюссельде НАТО саммитінде құрылған»Бейбітшілік жолындағы әріптестік»бағдарламасын білдіреді;
      - "Техникалық ақпарат" кез келген форматтағы, құжаттық сипаттағы немесе ұсыну тәсіліндегі ғылыми және техникалық сипатта жазылған және құжатталған ақпаратты білдіреді. Бұл ақпаратқа, шектелмей, мыналар жатуы мүмкін: эксперименттік деректер мен тест деректері, техникалық шарттар, жобалар мен жобалау үдерістері, патентке қабілетті де, патентке қабілетсіз де өнертабыстар мен жаңалық ашулар, техникалық сипаттамалар және басқа да техникалық сипаттағы жұмыстар, жартылай өткізгішті топография/маскалар кескіні жөніндегі жұмыстар, техникалық және өндірістік деректер пакеттері, ноу-хау және коммерциялық құпиялар, сондай-ақ өнеркәсіптік технологияларға қатысты ақпарат. Ол құжаттар, графикалық репродукция, суреттер және басқа да графикалық көріністер, дискілер мен таспалардағы (оптикалық, магниттік және лазерлік) жазбалар, бағдарламаларға да, деректер базасына да қатысты компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік жадыны немесе компьютер жадысында сақталатын деректерді басып шығару нысанында және кез келген басқа нысандарда бола алады.
      - "ҚЖӘ" - қару-жарақ жүйелері саласындағы әріптестікті білдіреді.

1-бап
Мақсаты

      Түсіністік меморандумы техникалық қызмет көрсетуді, тауарлар мен қызметтерді сатып алуды, кескінді басқару мен техникалық көмек көрсетуді, тасымалдауды қоса алғанда, бірақ шектемей, нақты белгіленген салалардағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетудің ресми шеңберлерін белгілейді.

2-бап
Іске асыру

      2.1. Осы Түсіністік меморандумын іске асыру сату туралы келісім, қызметтер көрсету туралы келісім, ҚЖӘ жөніндегі келісім сияқты арнайы жазбаша келісімдерді және басқаларды жасасуды талап етеді.
      2.2. 2.1-тармақта аталған келісімдер және ҚЖӘ-ге қатысу, әлбетте, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен НАМСО-ның директорлар кеңесінің, сондай-ақ тиісті қару-жарақ пен жабдықтар жүйелерін шығарушы елдің алдын ала мақұлдауын талап етуі мүмкін.

3-бап
Қаржылық уағдаластықтар

      3.1. Тараптар, егер 2.1-тармақта керсетілгендей және нақты қызмет салалары мен орындалатын міндеттерге қатысты кейінгі келісімдердің күшіне рұқсат берілмесе, осы Түсіністік меморандумына байланысты ешқандай қаржылық міндеттемелер алмайды.
      3.2. 2.1-тармақта аталған келісімдерге қол қойылғаннан кейін, Қазақстан тапсырыс беруші ретінде, әлбетте, 12-бапқа сәйкес меморандумның қолданысы тоқтатылған жағдайда туындайтын шығыстарды қоса алғанда, НАМСО-ға тапсырыс берілген және ол ұсынған қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды көтереді.

4-бап
Міндеттемелер, кепілдіктер және сақтандыру

      4.1. Тараптардың әрқайсысы осы Түсіністік меморандумы бойынша
материалдарды немесе қызметтерді ала отырып, егер мұндай жарақаттар, шығындар және зақым келтірулер осындай материалдарды немесе қызметтерді кәдімгі қолдану және/немесе пайдалану үдерісінде туындайтын болса, жарақаттар (өлімге әкеліп соққан жарақаттарды қоса алғанда), шығындар мен зақым келтірулер бойынша талап қоюдан бас тартады.
      4.2. Тараптар сайып келгенде жеткізуші ұйымды үшінші тараптар
мәлімдеген осындай түрдегі талаптардан қорғау үшін Тараптардың біріне қатысты қандай да бір үшінші тарап қоятын кез келген сипаттағы талаптардан немесе шағымдардан қорғау бойынша өзара көмек көрсететін болады.
      4.3. 4.1. және 4.2-тармақтарда аталған талаптардан бас тарту мен талаптардан қорғау қасақана құқыққа қайшы іс-әрекет және шектен тыс ұқыпсыздық оқиғаларына, сондай-ақ екі Тарап арасында жасалған келісімде нақты ескерілген жағдайларға қолданылмайды.
      4.4. 2.1-тармақта көрсетілген түрдегі әрбір келісім әрбір қызмет пен орындалатын міндеттердің түрі үшін тиісті материалдар  мен қызметтерге қатысты кепілдікті тәптіштейтін болады.
      4.5. Осындай келісімдер бойынша, НАМСО ұйымдастыратын жүктерді
жөнелту, егер бұған Қазақстаннан нақты сұрау салынбаса, әдетте сақтандырусыз-ақ өтеді. Қазақстанның өтініші бойынша жүзеге асырылуы
мүмкін мұндай сақтандыруға арналған шығындар НАМСО-да кідіріссіз өтеледі.

5-бап
Менеджмент

      5.1. Осы Түсіністік меморандумы іске асыруды басқаруға жауапты органдар А қосымшасында көрсетілген.
      5.2. 2.1-тармақта көрсетілген кейінгі келісімдер үшін Тараптар арнайы байланыс орындарын тағайындай алады.

6-бап
Қауіпсіздік жөніндегі талаптар

      6.1. Тараптар НАТО-ның Қауіпсіздік саясатының (С-М(2002)49 және С-М(2002)50) және оған Көмекші директивалардың  негізінде  өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі үйлестірілген бағдарламаны әзірлейді және енгізеді.
      6.2. Тараптар 2.1-тармақта көрсетілген келісімдердің шарттарына сәйкес басқа Тарапқа берілетін, әзірлеуші Тарап қандай да бір ақпаратқа немесе деректерге қолданатын құпиялылық дәрежесі туралы бір-бірін хабардар ететін болады.
      6.3. Ұқсас ақпараты бар келісім-шарттарды қоса алғанда, кез келген құпия ақпарат алмасу 1996 жылғы 31 шілдеде НАТО мен  Қазақстан арасында жасалған Қауіпсіздік туралы шарттың    талаптарына сәйкес, сондай-ақ НАТО-ның Қауіпсіздік саясатының (С-М(2002)49 және С-М(2002)50) және оған Көмекші директиваларда айтылған қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

7-бап
Зияткерлік меншік объектісі болып табылатын техникалық ақпарат алма су

      7.1. 2.1-тармақта көрсетілген келісімдер бойынша басқа тәсілмен беруге, таратуға немесе алмасуға жататын және қандай да бір Тарап зияткерлік меншік объектісі болып табылатындай тиісті мөртаңбаларды, жазу немесе басқа жазба белгілерді енгізу жолымен айқын түрде белгілеген деректер мен ақпаратқа мынадай шарттар қолданылады.
      7.2. Әлбетте, Тараптардың әрқайсысы өзіне мынадай міндеттемелерді алады:
      7.2.1. басқа Тарапқа тиесілі ақпаратты тек 2.1-тармақта  көрсетілген келісімдердің мақсаттары үшін ғана пайдалану;
      7.2.2. басқа Тарапқа тиесілі ақпараттың толық құпиялылығын қамтамасыз ету және оны ашудан, үшінші тарапқа осындай ақпаратты беруден және басқа да тәсілмен ұсынудан қалыс қалу;
      7.2.3. басқа Тарапқа тиесілі ақпаратқа құпия ақпарат ретінде қарау және сондай шараларды жүзеге асыра отырып және қабылдайтын Тарап, әдетте, байқаусызда ашуға, жариялауға, таратуға немесе беруге жол бермеу мақсатында зияткерлік меншік объектісі болып табылатын өз ақпаратын қорғау үшін жүзеге асыратындай және қолданатындай ақпаратқа қатысты бақылау құралдарын қолдана отырып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мұндай ақпарат    қызметтік қажеттілікке байланысты қажет болатын қабылдайтын Тараптың қызметкерлерінің ғана басқа Тарапқа тиесілі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-қимылдарды жасау.
      7.3. Ақпарат мүліктік құқық объектісі болып есептелмейді және оны пайдалану қабылдайтын Тараптың ешбір міндеттемелерінің туындауына әкеп соқтырмайды, егер мұндай ақпарат:
      7.3.1. қабылдайтын Тараптың қасақана немесе заңсыз іс-қимылы себепті көпшіліктің игілігіне айналса немесе болса;
      7.3.2. Осы Түсіністік меморандумын үшінші тарап осындай шектеулерсіз және бұзушылықтарсыз заңды түрде берсе;
      7.3.3. беруші Тараптың жазбаша рұқсаты арқылы тарату мен пайдалану үшін мақұлданса.
      7.4. Егер Тараптар арасында өзге туралы уағдаластыққа қол жеткізілмесе, 2.1-тармақта аталған түрдегі тиісті келісімдердің ешбір ережелері кез келген патентке, өнертабыстарға немесе кез   келген уақытта Тараптардың кез келгенінің меншігінде тұрған немесе тұратын деректерге қатысты қандай да бір құқық немесе лицензия ұсынушы ретінде қарастырылмайды.

8-бап
Салықтар мен баждар

      НАМСО, оның мүлкі мен қызметінің барлық түрлері мыналардан босатылады:
      8.1. тікелей және жанама салықтардың барлық түрінен; алайда НАМСО коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін төлем болып табылатын салықтар мен баждардан босатылмайды;
      8.2. импортталған тауарларды Қазақстанда сату үшін пайдаланбау
шартымен, жеке басына пайдаланатын тауарлардың импортына және экспортына байланысты кедендік баждардан, шектеулерден немесе тыйым
салулардан;
      8.3. баспа материалдарының импортына және экспортына байланысты кедендік баждардан, шектеулерден немесе тыйым салулардан.

9-бап
Сапарларды өткізу рәсімдері

      9.1. Тараптардың өкілдеріне олардың сұрау салулары бойынша бұл осы өкілдерге қызметтік қажеттіліктерге байланысты қажет  болған жағдайда, Түсіністік меморандумның шеңберінде жасалған келісімнің негізінде, тестілер мен сынақтарды қоса алғанда, жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік және жеке объектілерге кіруге рұқсат беріледі.
      9.2. Сапарларды ұйымдастыру»Халықаралық сапарлар»тақырыбында
С-М(2002)49 құжатына G қосымшада айтылған Қауіпсіздік жөніндегі
нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Барлық келушілер сондай-ақ қабылдайтын Тарап белгілеген қауіпсіздік пен сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі кез келген қосымша талаптарды сақтайтын болады.   Коммерциялық құпияларға және келушілерге хабарланатын басқа да техникалық ақпаратқа, олар келушілерді жіберіп отырған Тарапқа берілгендегідей ережелер қолданылады.

10-бап
Тілі

      Барлық ресми құжаттаманы ағылшын және француз тілдерінде жүргізуді көздейтін НАТО-ның әдеттегі саясаты қолданылатын болады.

11-бап
Түзетулер

      Осы Түсіністік меморандумының ережелері Тараптардың жазбаша келісімі арқылы өзгертілуі мүмкін.

12-бап
Қолданысын тоқтату

      12.1. Егер Тараптардың бірінің осы Түсіністік меморандумынан немесе 2.1-тармақта аталған кейінгі келісімдерден шығу ниеті болса, онда ол Тарап аталған жылдың 1 қаңтарына дейінгі алты ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша хабарлама ұсынады.
      12.2. Түсіністік меморандумынан немесе 2.1-тармақта аталған туынды келісімдердің бірінен шыққан жағдайда Тараптар шығудың неғұрлым қанағаттанарлық шарттарына қатысты бір-бірінен уақтылы   консультация алады.
      12.3. Егер шығу туралы хабарламада көрсетілетін болса, онда Тараптар 2.1-тармақта аталған түрдегі әрбір келісім бойынша мүмкіндігінше неғұрлым ертерек шығу күні және Меморандумның  қолданысын тоқтату кезінде қозғалатын, орындалатын міндеттер мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қаржылық мәселелерді шешу туралы келіссөздерді бастайды. Шығу туралы өтініш білдірген Тарап Меморандумның қолданысын тоқтату күніне дейін өз міндеттемелерін толық орындайды.
      12.4. Егер Тараптар осы Түсіністік меморандумының қолданысын
тоқтатуды бірлесіп шешсе, онда олар оның қолданысын тоқтату жөніндегі шығыстарды бірлесіп көтеретін болады.
      12.5. Техникалық ақпаратты ашу мен пайдалануға, қауіпсіздікке, үшінші тараптарға сату мен беруге, дауларды шешуге, наразылықтар мен міндеттемелерге, сондай-ақ Меморандумнан шығу мен қолданысын тоқтатуға қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттері осы Түсіністік меморандумнан Тараптардың бірінің шыққандығына немесе оның қолданысының не одан туындайтын 2.1-тармақта аталған түрдегі келісімдердің тоқтатылуына қарамастан сақталады.

13-бап
Дауларды шешу

      Тараптар арасында туындайтын және осы Түсіністік меморандумын түсіндіруге немесе қолдануға байланысты кез келген келіспеушіліктер сыртқы юрисдикцияны немесе үшінші тарапты тартусыз, олардың арасындағы келіссөздер барысында шешілетін болады.

14-бап
Күшіне енуі

      Осы Түсіністік меморандумы Тараптардың соңғысы қол қойған күні күшіне енеді.

15-бап
Қол қою

      Жоғарыда келтірілген баптар Қазақстан мен НАМСО арасында қол жеткізілген өзара түсіністікті көрсетеді. Екі түпнұсқа данасының әрқайсысы ағылшын және француз тілдерінде орындалған, және оларға тиісті түрде қол қойылған. Екі тілдегі мәтіннің де бірдей күші бар.

        Қазақстан                   НАТО-ның Техникалық
Республикасының Үкіметі     қызмет көрсету және қамтамасыз ету
         атынан                   жөніндегі ұйымы атынан

  Төлеутай Сүлейменов                  Питер Марки
НАТО-дағы Төтенше және                 Бас менеджер
     Өкілетті Елші

Күні: 2003 жылғы 1 шілде            Күні: 2003 жылғы 1 шілде

Қосымша А

      Бұл Меморандум ережелері жайлы барлық туындайтын сұрақтар бойынша келесі органдармен хабарласу қажет:
      Қазақстанның Қорғаныс министрлігі тарапынан:
      НАТО-дағы Қазақстанның Өкілдігі
      В-1110, Брюссель қаласы
      тел.: 0032 2 374 9562
      факс: 0032 2 374 5091

      НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) тарапынан:
      Құқықтық мәселелер бойынша кеңесші
      L-8302, Капеллен
      Люксембург қаласы
      тел.: 00352-3063 6554
      Факс: 00352-308721

      Осымен, көрсетілген мәтін, 2003 жылдың 1 шілдеде қол қойылған Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы тусіністік меморандумды мемлекеттік тілге аудармасы бейресми екендігін куәландырамын.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Халықаралық бағдарламалар бас басқармасының бастығы

полковник                     В.Райхель

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады