"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Астана қаласы әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң теңгерiмiнен Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимараттағы жалпы алаңы 13542,3 шаршы метр үй-жайларды республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен үй-жайларды қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі