Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 6 маусымда Мәскеу қаласында жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында трансферттік баға белгілеуді бақылау жөнінде ақпарат алмасу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында трансферттік баға белгілеуді бақылау жөнінде ақпарат алмасу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің Үкіметтері,
2002 жылғы 25 қаңтардағы Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасу туралы келісімді назарға ала отырып,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастығын құру туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) әкелу мен әкетуді, Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің мемлекеттік бюджеттеріне салықтардың, баждардың және өзге де төлемдердің уақтылы және толық түсуін бақылауды күшейтудегі өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағында трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қажеттілігін мойындай отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен жасалатын халықаралық мәмілелерге, сондай-ақ жасалуы кезінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтары ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасудың транзиттік дәлізі ретінде пайдаланылатын мәмілелерге салықтық және кедендік бақылауды жетілдіру қажеттілігін ұғына отырып,
осы мақсатта бір-біріне жәрдем етуді қалай отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
"
нарықтық (еркін) баға"
- тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық (еркін) бағасы деп салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда ұлттық нарықтағы бірдей тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің), олар болмаған кезде біртекті тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан бағасы танылады;
"бірдей тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" -
бірдей негізгі белгілері бар тауарлар (жұмыстар, қызметтер). Тауарлардың бірдейлілігін анықтау кезінде, атап айтқанда, олардың табиғи сипаттамалары, сапасы, нарықтағы өтімі, шығарылған елі, өндірушісі ескеріледі. Бұл ретте тауарлардың сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар ескерілмеуі мүмкін;
"біртекті тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" -
бірдей болмаса да, бір-біріне ұқсас сипаттамалары бар және (немесе) оларға дәл сондай функцияларды атқаруға және бірін-бірі коммерциялық алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер). Тауарлардың біртектілігін анықтау кезінде, атап айтқанда, олардың сапасы, тауар таңбасының болуы, нарықтағы өтімі, шығарылған елі ескеріледі;
"трансферттік баға"
- тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) халықаралық мәмілелер жасасу кезінде объективті түрде қалыптасқан нарықтық (еркін) бағасынан өзгеше баға;
"трансферттік баға белгілеуді бақылау" - ұлттық заңнамаға сәйкес салық базасын одан әрі түзету мақсатында халықаралық мәмілелер жасау кезінде тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) трансферттік бағаларды қолдану фактісін анықтау үшін құзыретті органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
- мемлекеттің аумағына әкелінетін және оларды одан әкету туралы міндеттемесінсіз осы аумақта тұрақты қалатын;
- оларды осы аумаққа әкелуге қатысты міндеттемесіз мемлекет аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін;
- ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша транзитпен өтетін;
- қайта өңдеу үшін мемлекеттің аумағына әкелінетін және осы аумақтан тысқары жерлерге әкетілетін тауарлар туралы қажетті ақпаратты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық органдарына беру үшін өз мемлекеттерінің салық органдарына береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпарат қосымшаға сәйкес нысанда жасалған сұрау салу бойынша беріледі.
- ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарындағы тұтынушыларға дейін тауарларды жеткізуге байланысты шығыстарға (көліктік шығыстар, сақтандыру, экспортқа шығарар алдында кредит беру және т.с.с);
- тиелген тауарларды жеткізу мерзімдері мен шарттарына;
- тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізуге ақы төлеу мерзімдері мен шарттарына;
- жеткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасына;
- қайта өңдеу өнімдеріне қатысты баға белгілеуге;
- ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің нарықтарында тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қалыптасқан нарықтық бағаларға;
- ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында тауарларды тасымалдау, сақтау және қайта өңдеу тарифтеріне;
- трансферттік баға белгілеуді бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да мәліметке қатысты өз мемлекеттерінің заңнамасын сақтаған кезде ақпарат алмасады.
2. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қатысты ақпараттың құрамын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің сұрау салушы салық органы айқындайды.
3. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында тиісті салық органының басшысы белгіленген тәртіппен куәландырған ақпарат алмасу жазбаша (қағаз тасығышта) немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.
4. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты өз мемлекеттерінің кеден органдарына олардың сұрау салуларына сәйкес береді.
Осы Хаттаманың 2 және 3-баптарында көрсетілген ақпаратты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің салық органы сұрау салуды алған күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей береді.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің құзыретті органдары алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес оны қорғау режимін қамтамасыз етеді.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің құзыретті органдары ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге жол бермейді.
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау ЕурАзЭҚ сотының қарауына беріледі.
Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті жазбаша хабарлама депозитарийге тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
2006 жылғы 6 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір данада жасалды.
Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетінде сақталады.
Беларусь Қазақстан
Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Ресей Тәжікстан
Республикасының Федерациясының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық және
кеден органдары арасында трансферттік баға
белгілеуді бақылау жөнінде ақпарат
алмасу туралы хаттамаға қосымша
Ақпаратты берудің үлгі нысаны
Реттік
|
Тауар
|
Кеден
|
Кеден
|
Жүк
|
Тауар-
|
ЖКД-да
|
Келі-
|
Келі-
|
Келі-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Келі-
|
Шот-
|
Шот-
|
Жібе-
|
Жібе-
|
Жібе-
|
Жібе-
|
Жібе-
|
Қаржылық
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
Қаржы-
|
Қаржы-
|
Бара-
|
Бара-
|
Алушы
|
Алушы-
|
Алушы-
|
Жет-
|
Жіберу
|
Жіберу
|
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
Қосым-
|
Қосымша
|
Тауар-
|
Таза
|
Тауар-
|
Келі-
|
Келі-
|
Валюта
|
Статистика-
|
30 |
31 |
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
Төрағасы