1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 271 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Атауға, кіріспеге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.15 № 584 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.15 № 584 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 5 сәуірдегі     
N 271 қаулысына       
қосымша          

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қосымшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.15 № 584 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

Коржова                           - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна                   Қаржы министрі, төрайым

Ерғожин                           - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы                      вице-министрі, төрайымның
                                    орынбасары

Сапарбаев                         - Қазақстан Республикасының 
Бердібек Машбекұлы                  Экономика және бюджеттік
                                    жоспарлау вице-министрі, хатшы

Әбдішев                           - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бауыржан Түйтеұлы                   министрлігінің Кедендік бақылау
                                    комитеті төрағасының орынбасары

Әбдіреев                          - Қазақстан Республикасы
Батырбек Сейтенұлы                  Индустрия және сауда
                                    министрлігінің Өнеркәсіп және
                                    ғылыми-техникалық дамыту
                                    комитеті төрағасының орынбасары

Әубәкіров                         - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Амангелді Ниязбайұлы                министрлігінің жанындағы
                                    Қару-жарақты қысқартуды бақылау
                                    және инспекциялық қызметті
                                    қамтамасыз ету жөніндегі
                                    орталықтың бастығы

Белоног                           - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович              сақтау министрлігі Мемлекеттік
                                    санитарлық-эпидемиологиялық
                                    қадағалау комитетінің төрағасы,
                                    Қазақстан Республикасының
                                    Бас мемлекеттік санитарлық
                                    дәрігері

Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы     - Қазақстан Республикасы Білім
                                    және ғылым министрлігі Ғылым
                                    комитетінің төрағасы
 
Рахметов                          - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы                   министрлігі Салық комитетінің
                                    төрағасы
 
Саржанов                          - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Қайрат Асаниязұлы                   істер министрлігінің
                                    Халықаралық ұйымдар мен көп
                                    жақты ынтымақтастық департаменті
                                    халықаралық қауіпсіздіқ
                                    басқармасының бастығы

Сұлтанов                          - Қазақстан Республикасы Ауыл
Ахметжан Ақиұлы                     шаруашылығы министрлігінің
                                    Ветеринария департаменті
                                    директорының орынбасары

Төлебаев                          - Қазақстан Республикасы
Алмаз Қажкенұлы                     Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрлігі Ядролық
                                    энергетика және сыртқы
                                    байланыстар департаментінің
                                    директоры

Тұрсынқұлов Шахайдар              - Қазақстан Республикасы Ауыл
Жорабекұлы                          шаруашылығы министрлігінің
                                    Ветеринариядағы мониторинг,
                                    референция, зертханалық
                                    диагностика және әдіснама
                                    ұлттық орталығының директоры

Қадыржанов                        - Қазақстан Республикасы
Қайрат Камалұлы                     Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрлігі»"Қазақстан
                                    Республиқасының Ұлттық ядролық
                                    орталығы" республикалық
                                    мемлекеттік кәсіпорнының бас
                                    директоры.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2007 жылғы 5 сәуірдегі
N 271 қаулысымен  
бекітілген     

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырыпқа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.15 № 584 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.15 № 584 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

       1. 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Келісімнің қолданылуына жататын шаруашылық жүргізуші субъектілерді айқындау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірыңғай тәсілді әзірлеу мақсатында құрылды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.15 № 584 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталарды шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті әкімшілендіру мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      2) материалдарды (жобаларды, келісім-шарттарды, мердігерлердің тізімдерін) Келісім ережелеріне сәйкестігі мәніне қарау;
      3) Келісімнің қолданылуына жататын шаруашылық жүргізуші субъектілерді айқындау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
      2) Комиссияның қызметі шеңберінде консультация беру үшін қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын тартуға;
      3) Комиссияның отырыстарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша тыңдауға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

       6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
 

      7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
 

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
 

      9. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
 

      10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілу уақыты мен орнын Комиссияның мүшелерімен келісім бойынша Комиссияның төрағасы белгілейді және нақтылайды.
 

      11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі оған дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және комиссияның есеп хатына қоса берілуге тиіс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қояды.
 

      12. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Комиссияның қызметін тоқтатуға мыналар негіз болады:
      1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
      2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге де комиссияның құрылуы;
      3) Комиссияның міндеттерін орындалмайтын не орындалуын орынсыз ететін өзге де жағдайлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады