"Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 282 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. »" Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру   туралы"» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461   Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат; 2005 ж., N 21, 244-құжат; 2006 ж., N 20, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Мәсімов              - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы      төраға

Оразбақов            - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы       сауда министрі, төрағаның орынбасары 

Мамытбеков           - Қазақстан Республикасы Президентінің
Еділ Құламқадырұлы     Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау
                       бөлімінің меңгерушісі

Сапарбаев            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бердібек Машбекұлы     бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

      көрсетілген комиссияның құрамынан Д.К.Ахметов, В.С.Школьник, М.Н.Мұханов, Б.Ә.Палымбетов, В.В.Храпунов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады