Қырғызстан халқына ресми ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне астықтың құнын және оны сақтау мен ізгілік жүгін Бішкек станциясына (Қырғыз Республикасы) дейін жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 25918200 (жиырма бес миллион тоғыз жүз он сегіз мың екі жүз) теңге бөлсін.
2.«"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар ізгілік жүгін жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қырғызстан халқына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 1500 (бір мың бес жүз) тонна азық-түліктік бидайды мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан бір тоннасы үшін 12350 (он екі мың үш жүз елу) теңге баға бойынша тиеп, жөнелтуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қырғыз Республикасына ізгілік жүгін тасымалдау үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны белгілесін және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі