Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 316 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241  Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Жоспар да белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына бір рет 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 19 сәуірдегі  
N 316 қаулысымен    
бекітілген    

  Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Орында-
луына
жауаптылар

Орындалу
мерзімі

1

2

3

4

5

Заңнаманы экологияландыру

1.

Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы заңнаманы
талдауды, жүйелендіруді
және жетілдіруді жүргізу
және нормативтік
құқықтық актілер әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қоршаған-
ортамині
(жинақ-
тау),
басқа
мүдделі
мемлекет-
тік
органдар

Жыл сайын
10 ақпан,
2008 жылдан
бастап

Қоғамды экологияландыру

2.

Ақпараттандырудың түрлі
нысандарын пайдалану
және Қоғамдық бірлестік-
тер мен үкіметтік емес
ұйымдар арқылы жұртшы-
лықтың өткізілетін 
табиғат қорғау іс-шара-
ларына қатысуын арттыру

Қоршаған-
ортаминіне
ақпарат

МАМ (жинақ-
тау),
облыстар-
дың, Астана,
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері

Жыл сайын
20 қаңтар,
2008 жылдан
бастап

3.

Табиғатпен үйлесімдікте
салауатты өмір салтын
енгізу жөнінде шаралар
қабылдау

Қоршаған-
ортаминіне
ақпарат

ТСМ (жинақ-
тау), ДСМ,
облыстар-
дың, Астана,
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері

Жыл сайын
20 қаңтар,
2008 жылдан
бастап

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

4

Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып
табылатын халықаралық
табиғат қорғау шарттары
мен келісімдерінің
(конвенцияларының)
орындалуына талдау
жүргізу және оларды
практикада іске асыруды
қамтамасыз ету 

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қоршаған-
ортамині

Жыл сайын
10 ақпан,
2008 жылдан
бастап

5

Қазақстанның қабылдауы
үшін орынды үлкен
қашықтықта ауаны
трансшекаралық ластау
туралы конвенцияға
хаттамалар тізбесін
айқындау 

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қоршаған-
ортамині

2008 жылғы
10 ақпан

Жаһандық экологиялық проблемалар

6.

Қызған газдар шығарын-
дыларын қысқарту жөнін-
дегі Қазақстан
Республикасының
әлеуетін бағалау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

Қоршаған-
ортамині
(жинақ-
тау), ЭМРМ, ИСМ, АШМ,
облыстар-
дың, Астана,
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері

2008 жылғы
10 ақпан

7.

Экологиялық жүйелердің
орнықты жұмыс істеуі
үшін биоәртүрліліктің
жай-күйін бағалауды
жүргізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

АШМ,
(жинақ-
тау), 
Қоршаған-
ортамині

Жыл сайын
10 ақпан,
2008 жылдан
бастап

8.

Біріккен Ұлттар
Ұйымының Биоәртүрлілік
жөніндегі конвенциясына
Биоқауіпсіздік жөнін-
дегі Картахена хаттама-
сына Қазақстанның
қатысуы жөнінде
іс-шаралар жүргізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
қаулысының
жобасы

АШМ,
(жинақ-
тау), 
Қоршаған-
ортамині,
СІМ

2007 жылғы
ІІІ тоқсан

Жергілікті экологиялық проблемалар

9.

Қазақстан Республика-
сының аумағындағы
радиациялық жағдайдың
жай-күйін бағалау және
энергетикалық кешендер-
дің экологиялық қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды әзірлеу 

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қоршаған-
ортамині
(жинақ-
тау), ЭМРМ,
БҒМ, ДСМ

2008 жылғы
10 ақпан

10.

Қалдықтарды есепке алу
және басқаруды бақылау
жүйесін және қалдықтар-
ды өңдеу мен қайталама
пайдалану жөніндегі
модельдік бағдарламаны
ұйымдастыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу 

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қоршаған-
ортамині

2009 жылғы
IV тоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТСМ            - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ            - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ           - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
МАМ            - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы»19 сәуірдегі
N 315 қаулысына   
қосымша    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1.   "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 5, 74-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 492  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 258-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 436  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 18, 177-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007   жылғы 20 қаңтардағы N 41  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,   2007 ж., N 1, 14-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады