Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі N 334 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-

      Дәулет Еділұлы министрі, төрағаның орынбасары

      Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл

      Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрі

      Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет

      Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық,

      мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау,

      шарттар және талап-арыз жұмыстары

      департаментінің директоры

      Әлібеков - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Ерлан Есмұқанұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      күрес агенттігі (қаржы полициясы)

      Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу

      және олардың алдын алу департаментінің

      бастығы

      Квятковский - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"

      Эдуард Олегович акционерлік қоғамының басқармасы

      төрағасының орынбасары

      көрсетілген құрамнан Елемесов Асқар Раушанұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы, Исабеков Тимур Шамсатұлы, Дәулиев Ермек Көкенұлы, Шынғазиева Макка Жарқынбайқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Минситрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады