Кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншікке қабылдап алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 340 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Алматы қаласы әкімдігінің мынадай мемлекеттік кәсіпорындары
(бұдан әрі - кәсіпорындар):
      1) Алматы қаласы Коммуналдық меншікті басқару департаментінің "Орталық стадион" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Биік таудағы»Медеу" спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдап алынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-1 және 15-2-жолдармен толықтырылсын:
      "15-1. Алматы қаласындағы "Орталық стадион" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15-2. Алматы қаласындағы "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады