Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 960 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 341 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың
және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі
ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі
N 960  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы "табиғи монополиялар субъектілерін," деген сөздерден кейін "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады