"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестициялардың көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 347 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы

      2002 жылғы 26 маусымда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі,
      Тараптар мемлекеттері үшін ұзақ мерзімге негізделген өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдіре отырып,
      бір Тараптың екінші Тарап мемлекеті аумағында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауды мақсат ете отырып,
      осы Келісімге сәйкес инвестицияларды көтермелеу және қорғау бұл саладағы бастамаларды ынталандыратынын мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. "Инвестициялар" термині табыс алу мақсатында бір Тарап мемлекеті инвесторларының басқа Тараптың кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлерін, соның ішінде:
      - акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа да түрлерін;
      - облигациялар және басқа борышкерлік міндеттемелерді;
      - ақшалай талаптар, тауарлар, қызмет көрсету және шарт бойынша инвестицияларға байланысты басқа да кез келген орындауларды;
      - авторлық құқық, патенттер, тауарлық белгілер, өнеркәсіптік үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативтік-техникалық, архитекторлық, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттамаларды қоса алғанда интеллектуалдық іс-әрекеттердің нәтижелеріне құқылық;
      - мемлекеттік орган арқылы жұмыс істеу үшін лицензияға негізделіп, немесе басқа нысанда берілген құқықтардың кез келген түрлерін;
      - тиісті Тарап мемлекеті аумағында алынған және қайта инвестициялаған пайданы білдіреді.
      2. "Табыстар" термині инвестицияны жүзеге асыру
нәтижесінде ақшалай немесе заттай нысанда алынатын, соның
ішінде табыстарды, дивидендтерді, кәсіпорынды басқарғаны,
техникалық қызмет көрсеткені үшін және басқа да кез келген
сыйақыларды қоса алғандағы қаражатты білдіреді.
      3. "Инвестор" термині Тараптардың кез келген біреуіне
қатысты:
      а) өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес сол Тараптың азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
      ә) құрылған немесе сол Тараптың өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес лайықты түрде ұйымдастырылған және сол Тараптың мемлекеті аумағында өзінің экономикалық қызметін жүзеге асыратын компаниялар, корпорациялар, бизнес-ассоциациялар және серіктестіктерді қоса алғандағы заңды тұлғаны білдіреді.
      4. "Аумақ" термині халықаралық құқыққа сәйкес Тараптардың тиісті мемлекеті өзінің егеменді құқықтарын немесе заңдық иелігін жүргізетін ерекше экономикалық аймақты, сондай-ақ, аумақтық суларды, құрлықтық қайраңды қоса алғандағы Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының егеменді аумағын білдіреді.

2-бап
Қолданылу аясы

      Осы Келісім бір Тараптың мемлекеттік аумағында оның ұлттық заңнамасына сәйкес екінші бір Тарап инвесторы жүзеге асырған инвестицияларға оның күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де қолданылуға тиіс.

3-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптың инвесторларының инвестицияларын көтермелейді және мұндай инвестицияларға өз мемлекетінің ұлттық заңнамаларына сәйкес рұқсат береді.
      2. Бір Тараптың инвесторларының инвестициялары және табыстары екінші Тарап аумағында кез келген уақытта әділетті, тең құқықтық режиммен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ толық қорғалу мен қауіпсіздікті пайдалануға тиіс. Тараптардың әрқайсысы келесі Тараптың инвестицияларының озбырлық жасап немесе кемсітушілік шаралары арқылы басқарылуына, жұмыс істеуіне, пайдаланылуына, билік етілуіне орынсыз қысымшылық көрсетпеуге кепілдік береді.

4-бап
Инвестициялардың құқықтық режимі

      1. Тараптардың әрқайсысы оның аумағында екінші Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларды, соның ішінде табыстарды, өздерінің немесе үшінші мемлекеттің инвесторларының инвестицияларына жасалатын режимнен кем емес және олардың неғұрлым қолайлырақ деген құқықтық режимімен қамтамасыз етеді.
      2. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің аумағында екінші Тараптың инвесторларын олардың инвестициялық қызметтеріне байланысты өздерінің немесе үшінші мемлекеттің инвесторларына жасалатын режимнен кем емес және олардың ішіндегі неғұрлым қолайлырақ деген құқықтық режиммен қамтамасыз етеді.
      3. Осы баптың 1-ші және 2-ші тармақтарының ережелері бір Тараптың екінші Тарап инвесторларына:
      а) оның қазіргі кезде бар немесе болатын еркін сауда аймақтарына, кедендік немесе экономикалық одақтарға, аймақтық интеграциялық келісімдерге және осындай халықаралық келісімдерге қатысудан, немесе
      ә) салық салуға толығымен, немесе ішінара қатысы бар кез келген халықаралық келісімнен яки шарттан туындайтын кез келген артықшылықтар мен жеңілдіктер жөніндегі міндеттер таралады деп қаралмауы керек.

5-бап
Экспроприация

      Тараптардың әрқайсысының инвестициялары мен табыстары басқа Тарап мемлекетінің аумағында ұлттық меншікке аударылмауы, иелендірілмеуі немесе салдары жағынан ұлттық меншікке айналдыру немесе иелендіру (бұдан әрі - иелендіру) істеріне тең күші бар шараларға ұшырамайтын болуы керек, жолында қабылданатын шаралар қосылмайды әрі олар кемсітушілік болып табылмайды және құны жағынан барабар, кідіріссіз төленетін өтемақымен бірге жүргізеді. Мұндай өтемақы тікелей осы меншікке айналдыру шаралары қабылданған немесе ол туралы белгілі болған кезден бастап есептегендегі инвестициялардың нарықтық құнына сәйкес болуға тиіс және меншікке айналдыру күні мен төлеу күні аралығындағы кезеңге есептелген орта нарықтық пайыздық төлем мөлшерін қосады және кедергісіз еркін айналатын валютамен аударылады.
      Сондай-ақ, осы баптың 1-тармағының ережесі Тарап мемлекеті өз иелігіндегі аумағының кез келген бөлігінде ұлттық заңдарға сәйкес құрылған және үлестік жарнасы бар екінші Тараптың заңды тұлғаларының мүліктік құндылықтарын ұлттық меншікке айналдырған жағдайда қолданылуға тиіс.

6-бап
Келтірілген зиянды өтеу

      1. Тараптардың біреуінің мемлекеті аумағында болған соғыстың немесе басқа да қарулы қақтығыстардың, төтенше жағдайдың, азаматтық жанжалдардың немесе осыған ұқсас жағдайлардың салдарынан инвестицияларына зиян келген екінші Тарап инвесторларына сол зиянды өтеу, өтемақы төлеу немесе басқа да реттеу кезінде алғашқы Тарап өз
инвесторларына немесе кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына берілетіннен қолайлылығы кем емес режим береді.
      2. Осы баптың 1-ші тармағына нұқсан келтірмей, осы тармақта көрсетілгеніндей бірінші Тараптың мемлекеті аумағында зиян шеккен екінші Тараптың инвесторларына:
      а) олардың инвестицияларын екінші Тараптың құқық қорғау органдары, өкіметі және әскери күштері толық немесе ішінара тәркілесе, немесе
      ә) ахуалы қажет етпейтіндігіне қарамай, олардың инвестицияларын құқық қорғау органдары, өкіметі немесе әскери күштері толық немесе ішінара жойып жіберсе, шығындар қайтарылады немесе өтемақы төленеді және ол, кез келген жағдайда тез, барабар, тиімді болуға тиісті.

7-бап
Инвестициялар мен табыстарға байланысты төлемдерді аудару

       1. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптың инвесторларының барлық салықтық міндеттемелерін орындағаннан кейін инвестицияларға байланысты барлық төлемдерді өз мемлекетінің аумағына және одан сыртқа еркін аударуын қамтамасыз етеді. Аударымдар аудару күнінің нарықтық бағамы бойынша ешбір кедергісіз, еркін айырбасталатын валютамен жүргізілуі керек.
      2. Мұндай аударымдарға атап айтқанда:
      а) инвестицияларды қолдау мен кеңейтуге арналған негізгі
және қосымша сомалар;
      ә) пайдалар, пайыздар, дивидендтер және басқа да ағымдағы табыстар;
      б) займдар бойынша төлем жасауға арналған капитал;
      в) инвестициялардың барлығын немесе кез келген бөлігін
сатудан немесе таратудан түскен түсімдер;
      г) осы Келісімнің 5 және 6-баптарына сәйкес өтемақы;
      д) дауды реттеуден туындайтын төлемдер жатады.

8-бап
Суброгация

      1. Егер Тарап немесе ол тағайындаған қандай да бір орган (бұдан әрі - зиянды өтеуші Тарап) басқа бір Тарап мемлекеті аумағында (бұдан әрі - қабылдаушы Тарап) зиянды өтеу ретінде немесе инвестицияға байланысты инвестор (бұдан әрі - алушы Тарап) берген кепілдік бойынша төлемақыларын жасаса, қабылдаушы Тарап зиянды өтеуші Тараптың осылай сақтандырылған инвестицияларға қатысты ескертпелермен суброгация негізінде барлық құқықтар мен талаптардың өтемақы алушы Тарапқа өтуін мойындайды.
      2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетілген суброгация жағдайында инвестор егер, оған зиянды өтейтін Тарап, немесе ол тағайындаған орган уәкілеттік бермесе талап қоя алмайтын болады.

9-бап
Тараптар арасындағы дауларды шешу

      1. Осы  Келісімнің ережелерін түсіндіру мен қолдануға
байланысты кез келген дау Тараптар арасында  мүмкіндігінше
келіссөздер арқылы шешілетін болады.
      2. Егер дау келіссөздердің басталу күнінен бастап алты
айдың ішінде шешілмесе, онда Тараптардың біреуінің арызы
бойынша дау төрелік сотқа беріледі.
      3. Төрелік сот келесі тәртіппен құрылады. Әрбір Тарап өз
төрешісін тағайындайды, ал бұл екі төреші келісіммен үшінші мемлекеттің азаматы болып табылатын төрағаны сайлайды. Бір Тарап екінші Тараптың дауды төрелік соттың қарауына беру туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін төрешілер отыз күн ішінде, төраға алпыс күн ішінде тағайындалуы тиіс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қажетті тағайындаулар жасалмаса, онда Тараптардың біреуі басқа кез келген келісім болмаған жағдайда, Халықаралық Сот Президентін қажетті тағайындаулар жасауға шақыра алады. Егер Халықаралық Сот Президенті Тараптардың біреуінің азаматы болса, немесе көрсетілген функцияны орындай аламаса, онда осындай тағайындауларды Вице-президент жасайды, егер Вице-президент Тараптардың біреуінің азаматы болып табылса, немесе көрсетілген функцияны орындай аламаса, онда тағайындау Тараптардың еш бірінің азаматы болып табылмайтын Халықаралық Соттың дәрежесі бойынша олардан кейінгі мүшесі арқылы жасалады.
      5. Төрелік сот өзінің рәсімдерін белгілейді.
      Сот шешімдерін көпшілік дауыспен шығарады. Осындай шешімдер Тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс.
      6. Тараптардың әрқайсысы өз төрешісінің шығындарын көтеруге тиіс. Төрағаға кететін шығындар және басқа да шығындарды Тараптар өзара тең үлесте көтереді. Алайда, Сот шығындардың басым бөлігін екі Тараптың біреуіне өз шешімімен жүктей алады және бұл шешім екі Тарап үшін міндетті болуы тиіс.

10-бап
Инвестор мен Тарап арасындағы дауды шешу

      1. Бірінші және екінші Тарап инвесторлары арасындағы, соңғысының алғашқысының инвестициясына қатысты міндеттемелерге байланысты даулар егер мүмкін болған жағдайда келіссөздер арқылы шешіледі.
      2. Осылайша, егер дау келіссөздер басталғаннан бастап алты ай мерзім ішінде шешілмесе, онда инвестордың таңдауы бойынша ол:
      а) аумағында инвестициялар іске асырылған Тарап мемлекетінің құзыретті сотына немесе төрелік сотына; немесе
      ә) халықарарлық төрелік соттың қарауына беріледі;
      б) не болмаса дауласушы Тараптардың келісуі бойынша дауларды реттеудің кез келген басқа рәсімдері қолданылады.
      3. Егер дау халықаралық төрелік сотқа берілсе, мүдделі инвестор оны:
      а) 1965 жылғы 18 наурыздағы Вашингтон қаласында, Колумбия округінде қол қою үшін ашылған»"Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестицияларға қатысты дауларды шешу туралы" Конвенцияға сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталыққа;
      ә) Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Комиссиясының (UNCITRAL) төрелік регламентіне сәйкес ad hoc халықаралық төрелік сотына қарауға беруге құқығы бар.
      4. Төрелік сот шешімді осы Келісімге және халықаралық
құқықтың қолданылатын нормалары мен қағидаттарына сәйкес шығаруы тиіс. Төрелік соттың шешімі дауласушы Тараптардың екеуі үшін де түпкілікті және міндетті болады.
      5. Төрелік сот процесінде немесе сот шешімін іс жүзіне асыру кезінде дауға тартылған Тарап екінші Тараптың инвесторының сақтандыру контрактісі бойынша толығымен немесе ішінара зиян шеккеніне байланысты өтемақы алуын атап, қарсылық білдірмеуі тиіс.

11-бап
Басқа ережелерді қолдану

      Егер қазіргі кезде бар немесе кейін Тараптардың арасында осы Келісімге қосымша ретінде Халықаралық заңнамаға сәйкес, Тараптардың біреуінің ұлттық заңнамасының ережелері немесе міндеттемелері белгілеген екінші Тараптың инвесторлары инвестицияларына осы Келісім бойынша қолайлы, жалпы немесе ережелері бар болса, онда сол қолайлылау режим басымдылықа ие болады.
      Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптың инвесторларының ерекше салымдарына байланысты кез келген міндеттемелерін ескеруі керек.

12-бап
Консультациялар

      Тараптардың өкілдері егер қажеттілік болса, осы Келісімнің орындалуына немесе қолданылуына әсер ететін кез келген мәселелер бойынша консультациялар өткізе алады. Мұндай консультациялар Тараптардың біреуінің ұсынысы бойынша өткізілуі тиіс.
      Осындай консультациялардың өткізілу орны мен уақыты дипломатиялық арналар арқылы анықталады.

13-бап
Өзгертулер мен толықтырулар

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен рәсімделетін және Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

14-бап
Келісімнің күшіне енуі және қолданыс мерзімі

      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап күшіне енеді, он жыл қолданыста болады және Тараптардың біреуі кезекті он жыл мерзім аяқталмастан бір жыл бұрын екінші Тарапқа осы Келісімді тоқтату ниеті туралы жазбаша түрде хабарламаса өздігінен келесі он жылдық мерзімге ұзартылады.
      2. Осы Келісім тоқтатылғанға дейін жүзеге асырылған инвестициялар үшін баптардың ережелері оның тоқтатылған күнінен бастап кейінгі он жыл бойы өз күшінде қалады.
      Алматы қаласында 2002 жылғы 26 маусымда қазақ, грек, ағылшын, орыс тілдерінде, екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің Ережелерін түсіндіру барысында пікір алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.

    Қазақстан Республикасының      Грек Республикасының
        Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
Келісім

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі,
      екі мемлекеттің өзара тиімділігі үшін ұзақ мерзімді негізде олардың экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға тілек білдіре отырып,
      әрбір Уағдаласушы Тараптар басқа Уағдаласушы Тараптар аумағындағы инвесторлардың инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды мақсат тұта отырып,
      осы Келісімнің негізінде инвестицияларды көтермелеу және қорғау осы саладағы бастаманы ынталандыратынын тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. "Инвестициялар" дегеніміз бір Уағдаласушы Тарап инвесторының басқа Уағдаласушы Тарап аумағында, соңғы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес инвестицияланған кез келген активтерінің түрлерін білдіреді және атап айтқанда, бірақ ерекше емес мыналарды:
      а) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру, сервитут, ипотека, ұстап қалу құқығы немесе кепілі сияқты кез келген мүліктік құқықтарды;
      b) компаниядағы үлестер мен акцияларды және компаниялардағы кез келген қатысудың басқа да нысандарын;
      с) ақша талаптарын немесе экономикалық құндылығы бар келісім-шартқа сәйкес кез келген орындауды, сондай-ақ инвестицияларға байланысты қарыздарды;
      d) зияткерлік меншік құқықтарын;
      е) заңнамамен, келісім-шартпен немесе заңнамаға сәйкес өкімет органының шешімімен берілген кез келген құқықты қамтуы тиіс.
      Салынған инвестициялар нысанындағы мүмкін болатын өзгеріс олардың инвестициялар ретіндегі сипатына ықпал етпейді.
      2. "Табыстар" дегеніміз инвестициялардан алынатын соманы білдіреді, атап айтқанда бірақ ерекше емес пайданы, пайызды, капиталдан алынатын кірісті, дивидендтерді, роялтиді және төлемдерді қамтиды.
      3. "Инвестор" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тараптың біріне қатысты:
      а) тиісті Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес оның азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
      b) сол Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша құрылған не өзге де тиісті түрде ұйымдастырылған және өзінің экономикалық қызметін сол уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асыратын компанияларды, корпорацияларды, іскерлік қауымдастықтарды және серіктестіктерді қоса алғанда, заңды тұлғаны немесе басқа да ұйымдарды білдіреді.
      4. "Аумақ" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты аумақтық суларды, сондай-ақ тиісті Уағдаласушы Тарап халықаралық құқыққа сәйкес егеменді құқықтары мен заңи құқығын жүзеге асыратын теңіз аумағын қоса алғанда, егеменді иелігіндегі аумақты білдіреді.

2-бап
Қолдану аясы

      Осы келісім бір Уағдаласушы Тараптың аумағында оның заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары оның күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де жүзеге асырған инвестицияларға қолданылады.

3-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейді және мұндай инвестицияларға оның заңнамасына сәйкес жол береді.
      2. Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстарына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында кез келген уақытта әділ және риясыз режим ұсынылуы тиіс және олар толық қорғалу мен қауіпсіздікті пайдаланады. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы
Тарап инвесторларының инвестицияларын басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иеленуге не иелік етуге ақталмайтын немесе кемсітушілік шараларымен қандай да бір түрде қысым жасалмайтынын қамтамасыз етеді.

4-бап
Инвестициялардың режимі

       1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары жүзеге асырған табыстарды қоса алғанда, инвестицияларға ол өзінің меншікті инвесторларының инвестицияларына немесе кез келген үшінші ел инвесторларының инвестицияларына беретін режимінен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағындағы инвестициялармен байланысты олардың қызметі қатысты басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына өзінің меншікті инвесторларына немесе кез келген үшінші елдің инвесторларына беретін режимнен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері бір Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына мыналардан:
      а) оның кез келген қолданыстағы немесе болашақтағы еркін сауда аймақтарына, кедендік одаққа немесе экономикалық одаққа, аймақтық экономикалық ықпалдасу жөніндегі келісімдерге немесе осындай халықаралық келісімдерге қатысуынан не
      b) салық салуға толық немесе басты түрде қатысы бар кез келген халықаралық келісімнен немесе шарттан туындайтын кез келген режимнің пайдасы, басымдығы мен артықшылығы қолданылатын міндеттеме ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

5-бап
Экспроприация

       1. Кез келген Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстары басқа Уағдаласушы Тарап аумағында экспроприацияланбайды, мемлекет меншігіне алынбайды, немесе тиісті құқықтық рәсім кезінде, кемсітушілік негізде емес және тез, барабар және тиімді өтемақыны төлеуден кейін мемлекеттің мүддесін қоспағанда салдары экспроприациялауға (бұдан әрі - экспроприация) немесе мемлекет меншігіне алуға тең кез келген басқа шараға ұшырамайды. Нақты шаралар қабылдаудан бұрын не ол туралы жалпы белгілі болғанда тікелей зиян келтірілген бұндай өтемақы инвестициялардың нарықтық құқығына тең болуы тиіс, бұрын не болғанына қарамастан экспроприациялану күнінен бастап төлем күніне дейін қалыпты коммерциялық ставка бойынша пайыздарды қамтуы және еркін айырбасталатын валютамен еркін аударылуы тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Уағдаласушы Тараптардың бірі өзінің меншікті аумағының кез келген бөлігіндегі қолданыстағы заңдарға сәйкес құрылған және басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының үлесі бар компания активтерін экспроприацияланған кезде де қолданылатын болады.

6-бап
Шығындарды өтеу

      1. Бір Уағдаласушы Тарап инвесторларына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында инвестициялары соғыстың немесе басқа да қарулы шиеленістердің, төтенше жағдайдың, азаматтық тәртіпсіздіктердің немесе өзге де осындай оқиғалардың салдарынан шығын келтірсе, соңғы
Уағдаласушы Тарап реституцияға, шығынның орнын толтыруға, өтеуге немесе өзге де реттеуге қатысты соңғы Уағдаласушы Тарап өз инвесторларына не үшінші елдің инвесторларына ұсынылатын режимнен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында:
      а) олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері мен билігімен меншігінен айыру;
      b) жағдайдың қажеттілігінен туындамаған олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері немесе билігімен жою нәтижесінде осы тармақта аталған кез келген жағдайда залал шегетін бір Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы баптың 1-тармағына нұқсан келтірместен кез келген жағдайда тез, барабар және тиімді реституция немесе өтем ұсынылатын болады.

7-бап
Аударымдар

       1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты барлық қаржылық және инвестициялармен байланысты басқа да төлемдік міндеттемелерін орындағаннан кейін инвестициялармен байланысты барлық төлеміндерді
шектеусіз аударуға кепілдік береді.
      Аударымдар аударылатын күнге айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша кедергісіз, еркін айырбасталатын валютамен жүзеге асырылуы тиіс.
      2. Мұндай аударымдар жекелей алғанда, бірақ ерекше емес:
      а) инвестицияларды қолдауға немесе ұлғайтуға арналған негізгі және қосымша сомаларды;
      b) табыстарды;
      с) қарыздарды өтеу жөніндегі қаражатты;
      d) инвестициялардың барлығын немесе кез келген бөлігін сатудан немесе жоюдан түскен түсімдерді;
      e) 5 және 6-баптарға сәйкес өтемді;
      f) дауларды реттеуден туындайтын төлемдерді қамтиды.

8-бап
Суброгация

      1. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі немесе ол тағайындаған орган (агенттік) басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестордың инвестициясына қатысты коммерциялық емес тәуекел үшін берілетін кепілдікке сәйкес өзінің кез келген инвесторына төлем жүргізетін болса, басқа Уағдаласушы Тарап осындай кепілдікке сәйкес алғашқы Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) суброгацияға байланысты инвестордың тиісті құқықтары мен талаптары берілгендігін танитын болады.
      2. Алғашқы Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) инвестор жүзеге асыруға құқығы бар құқықтардан басқа құқықтарды жүзеге асыруға уәкілетті бола алмайды.
      3. Суброгация жағдайында, егер оған Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) уәкілеттік бермесе, инвестор бірінші Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) талаптар қоя алмайды.

9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген дау мүмкіндігінше дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жолымен шешілетін болады.
      2. Егер дау келіссөздер басталғаннан бастап алты айдың
ішінде осындай жолмен шешілмейтін болса, онда дау кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі.
      3. ad hос төрелік соты мынадай: әрбір Уағдаласушы Тарап бір төреші тағайындайды, ал осы екі төреші келісім бойынша үшінші мемлекеттің азаматын төраға ретінде келісу арқылы құрылады. Кез келген Уағдаласушы Тараптар дауды төрелік соттың қарауына беру ниеті туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа хабарлаған күннен бастап төрешілер үш ай ішінде, төраға бес ай ішінде тағайындалуы тиіс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде қажетті тағайындаулар жасалмаса, кез келген Уағдаласушы Тарап басқа кез келген келісім болмаған жағдайда, Халықаралық Сот президентін қажетті тағайындаулар жасауға шақырады. Егер Сот президенті Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не егер басқа да себептер бойынша аталған функцияны орындауға жіберілмейтін болса, вице-президент немесе егер ол да Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не басқа да себептер бойынша аталған функцияларды орындауға жіберілмейтін болса, онда Уағдаласушы Тараптардың бірде бірінің азаматы болып табылмайтын, келесі ағалығы бойынша Халықаралық Соттың мүшесі қажетті тағайындау жасауға шақырылатын болады.
      5. Төрелік сот, атап айтқанда осы Келісімді және халықаралық құқықтың жалпы танылған ережелері мен қағидаттарын қоса алғанда, құқықты құрметтеу негізінде шешім қабылдайтын болады.
      6. Егер Уағдаласушы Тараптар өзгеше шешпесе, Төрелік сот өз рәсімдерін белгілейді. Сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды. Мұндай шешім Уағдаласушы Тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс.
      7. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі тағайындаған төрешінің және өзінің өкілдігінің шығыстарын көтереді. Төрағаның шығыстары мен өзге де шығыстарды Тараптар тең бөліктерде өтейді. Алайда Төрелік сот, өз шешімінде шығыстардың үлкен бөлігін екі Уағдаласушы Тараптың бірі өтейді деп көрсете алады және мұндай шешім екі
Уағдаласушы Тарап үшін де міндетті болады.

10-бап
Инвестор мен Уағдаласушы Тарап арасындағы дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тарап инвесторы мен басқа Уағдаласушы Тарап арасындағы алғашқысының инвестициясына қатысты осы Келісімге сәйкес соңғысының міндеттемелеріне қарай дауларды дауласушы тараптар мүмкіндігінше достық рәуіш жолымен шешеді.
      2. Егер мұндай даулар кез келген Тараптар талап еткен күннен бастап алты айдың ішінде достық реттеумен шешілмейтін болса, тиісті инвестор дауды шешу үшін:
      a) аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына, немесе
      b) дауды шешудің алдын ала келісілген кез келген қолданылатын рәсіміне сәйкес, немесе
      с) халықаралық төрелікке бере алады.
      3. Егер дау төрелік сотқа жіберілсе, тиісті инвестор оны:
      а) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында (Колумбия округі) қол қою үшін ашылған, Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталыққа;
      b) Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясының (Ю.Н.С.И.Т.Р.А.Л) төрелік ережелері бойынша белгіленген аd hос төрелік сотына бере алады.
      Әрбір Уағдаласушы Тарап мұндай дауды халықаралық төрелікке беруге келіседі.
      4. Төрелік сот осы Келісімнің ережелеріне және халықаралық құқықтың қолдануға келетін ережелері мен принциптеріне сәйкес шешім шығаруы тиіс. Төрелік соттың шешімі дауласушы екі Тарап үшін де түпкілікті және міндетті болады. Шешім 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йорк қаласында жасалған "Шетелдік Төрелік шешімдерді тану
және орындауға келтіру туралы" конвенцияның ережелеріне негізделген кезде, әрбір Уағдаласушы Тарап кез келген осындай шешімді кідіріссіз орындауы тиіс және осындай шешім Уағдаласушы Тарап рәсімінің ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
      5. Төрелік сот процесінде немесе сот шешімін орындау кезінде дауға тартылған Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының сақтандыру келісім-шартына сәйкес барлық немесе ішінара келтірілген зиянға қатысты өтемақы алуына қарсылық білдірмеуі тиіс.

11-бап
Басқа да ережелерді қолдану

      1. Егер қазіргі сәтте қолданылатын немесе кейін Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімге қосымша ретінде белгілеген кез келген Уағдаласушы Тарап заңының ережелері немесе халықаралық құқық бойынша ұсынылатыннан аса қолайлы режим беретін жалпы немесе арнайы ережелер бар болса, осындай ережелер осы Келісімнен қарағанда анағұрлым қолайлы болып табылатын дәрежеде басым болады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының белгілі бір инвестицияларына қатысты өзі тартылуы мүмкін кез келген басқа да міндеттемелерін сақтауы тиіс.

12-бап
Консультациялар

      Уағдаласушы Тараптардың өкілдері, егер қажет болса, осы Келісімнің қолданылуына қатысты кез келген мәселе бойынша консультациялар өткізе алады. Бұл консультациялар Уағдаласушы Тараптардың бірінің ұсынысы негізінде дипломатиялық арналар бойынша келісілген орны мен уақытында өткізіледі.

13-бап
Түзетулер

      Осы Келісімнің ережелеріне ол күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта Уағдаласушы Тараптар арасында келісілген тәртіппен түзетулер енгізілуі мүмкін. Мұндай түзетулер 14-баптың 1-тармағында көзделген рәсімге сәйкес күшіне енеді.

14-бап
Күшіне енуі, қолданылу мерзімі және аяқталуы

      1.   Осы Келісім Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарапқа тиісті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлаған соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап отыз (30) күннен кейін күшіне енеді.
      Келісім осы күннен бастап он (10) жыл кезең ішінде күшінде болады.
       2. Егер қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын кез келген Уағдаласушы Тарап Келісімді тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібермесе, осы Келісім осыдан кейін келесі он (10) жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады, бұл ретте Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы ағымдағы қолданыс кезеңі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын хабарлау арқылы Келісімді тоқтату
құқығын сақтайды.
      3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты жоғарыда аталған баптар осы күннен бастап келесі он жыл кезең ішінде өз күшінде қалады.
      2002 жылғы»26 маусымында Алматы қаласында қазақ, грек, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндер бірдей түпнұсқада болып табылады.
      Түсіндіру бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
      Осыны куәландыру ретінде, тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

    Қазақстан Республикасының        Грек Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Егер жоғарыда көрсетілгенге Грек Тарабы келісетін болса, Қазақстандық Тарап осы Нотаны және Елшіліктің ортақ Нотасын түзетуді бекітетін құжат және Келісімнің ажырамас бөлігі ретінде қарауды ұсынады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Грек Республикасының Елшілігіне өзінің жоғары ілтипатын тағы да растайды.

Астана, 2005 жылғы 29 желтоқсан

Ресми емес аударма

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

N 12-1-1/2593
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грек Республикасының Елшілігіне өзінің ризашылығын білдіреді және Елшіліктің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы Ғ.2113 А/21/А5 720 нотасына қатысты Қазақстандық Тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің ағылшын тіліндегі нұсқасына ұсынылған келесі редакциядағы өзгерістермен келісетіндігін өзіне мәртебе санайды:
      - 7-бап, 1-параграфтағы»"frее" деген сөз»"unrestricted" деген сөзбен ауыстырылуы керек;
      - 9-бап, 6-параграф екі емес бір абзацпен жазылуы керек;
      - Мәтіннің соңындағы»"2002 жылғы 26 маусымда Афина қаласында екі данада жасалынған" деген сөздер»"2002 жылғы 26 маусымда Алматы қаласында екі данада жасалынған" деп жазылуы керек.
      Аталған Келісімнің төменде көрсетілген Қазақстандық нұсқасының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндері Грек нұсқасының ағылшын тіліндегі мәтініне толықтай сәйкес келеді.

Алматы   
қаласындағы 
Грек Елшілігі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
Келісім

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі,
      екі мемлекеттің өзара тиімділігі үшін ұзақ мерзімді негізде олардың экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға тілек білдіре отырып,
      әрбір Уағдаласушы Тараптар басқа Уағдаласушы Тараптар аумағындағы инвесторлардың инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды мақсат тұта отырып,
      осы Келісімнің негізінде инвестицияларды көтермелеу және қорғау осы саладағы бастаманы ынталандыратынын тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. "Инвестициялар" дегеніміз бір Уағдаласушы Тарап инвесторының басқа Уағдаласушы Тарап аумағында, соңғы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес инвестицияланған кез келген активтерінің түрлерін білдіреді және атап айтқанда, бірақ ерекше емес мыналарды:
      а) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру, сервитут, ипотека, ұстап қалу құқығы немесе кепілі сияқты кез келген мүліктік құқықтарды;
      б) компаниядағы үлестер мен акцияларды және компаниялардағы кез келген қатысудың басқа да нысандарын;
      в) ақша талаптарын немесе экономикалық құндылығы бар келісім-шартқа сәйкес кез келген орындауды, сондай-ақ инвестицияларға байланысты қарыздарды;
      г) зияткерлік меншік құқықтарын;
      д) заңнамамен, келісім-шартпен немесе заңнамаға сәйкес өкімет органының шешімімен берілген кез келген құқықты қамтуы тиіс.
      Салынған инвестициялар нысанындағы мүмкін болатын өзгеріс олардың инвестициялар ретіндегі сипатына ықпал етпейді.
      2. "Табыстар" дегеніміз инвестициялардан алынатын соманы білдіреді, атап айтқанда бірақ ерекше емес пайданы, пайызды, капиталдан алынатын кірісті, дивидендтерді, роялтиді және төлемдерді қамтиды.
      3. "Инвестор" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тараптың біріне қатысты:
      а) тиісті Уағдаласушы Тараптың құқығына сәйкес оның азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
      б) сол Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша құрылған не өзге де тиісті түрде ұйымдастырылған және өзінің экономикалық қызметін сол уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асыратын компанияларды, корпорацияларды, іскерлік қауымдастықтарды және серіктестіктерді қоса алғанда, заңды тұлғаны немесе басқа да ұйымдарды білдіреді.
      4. "Аумақ" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты аумақтық суларды, сондай-ақ тиісті Уағдаласушы Тарап халықаралық құқыққа сәйкес егеменді құқықтары мен заңи құқығын жүзеге асыратын теңіз аумағын қоса алғанда, егеменді иелігіндегі аумақты білдіреді.

2-бап
Қолдану аясы

      Осы келісім бір Уағдаласушы Тараптың аумағында оның заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары оның күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де жүзеге асырған инвестицияларға қолданылады.

3-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейді және мұндай инвестицияларға оның заңнамасына сәйкес жол береді.
      2. Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстарына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында кез келген уақытта әділ және риясыз режим ұсынылуы тиіс және олар толық қорғалу мен қауіпсіздікті пайдаланады. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы
Тарап инвесторларының инвестицияларын басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иеленуге не иелік етуге ақталмайтын немесе кемсітушілік шараларымен қандай да бір түрде қысым жасалмайтынын қамтамасыз етеді.

4-бап
Инвестициялардың режимі

       1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары жүзеге асырған табыстарды қоса алғанда, инвестицияларға ол өзінің меншікті инвесторларының инвестицияларына немесе кез келген үшінші ел инвесторларының инвестицияларына беретін режимінен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағындағы инвестициялармен байланысты олардың қызметі қатысты басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына өзінің меншікті инвесторларына немесе кез келген үшінші елдің инвесторларына беретін режимнен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері бір Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына мыналардан:
      а) оның кез келген қолданыстағы немесе болашақтағы еркін сауда аймақтарына, кедендік одаққа немесе экономикалық одаққа, аймақтық экономикалық ықпалдасу жөніндегі келісімдерге немесе осындай халықаралық келісімдерге қатысуынан не
      б) салық салуға толық немесе басты түрде қатысы бар кез келген халықаралық келісімнен немесе шарттан туындайтын кез келген режимнің пайдасы, басымдығы мен артықшылығы қолданылатын міндеттеме ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

5-бап
Экспроприация

       1. Кез келген Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстары басқа Уағдаласушы Тарап аумағында экспроприацияланбайды, мемлекет меншігіне алынбайды, немесе тиісті құқықтық рәсім кезінде, кемсітушілік негізде емес және тез, барабар және тиімді өтемақыны төлеуден кейін мемлекеттің мүддесін қоспағанда салдары экспроприациялауға (бұдан әрі - экспроприация) немесе мемлекет меншігіне алуға тең кез келген басқа шараға ұшырамайды. Нақты шаралар қабылдаудан бұрын не ол туралы жалпы белгілі болғанда тікелей зиян келтірілген бұндай өтемақы инвестициялардың нарықтық құқығына тең болуы тиіс, бұрын не болғанына қарамастан экспроприациялану күнінен бастап төлем күніне дейін қалыпты коммерциялық ставка бойынша пайыздарды қамтуы және еркін айырбасталатын валютамен еркін аударылуы тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Уағдаласушы Тараптардың бірі өзінің меншікті аумағының кез келген бөлігіндегі қолданыстағы заңдарға сәйкес құрылған және басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының үлесі бар компания активтерін экспроприацияланған кезде де қолданылатын болады.

6-бап
Шығындарды өтеу

      1. Бір Уағдаласушы Тарап инвесторларына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында инвестициялары соғыстың немесе басқа да қарулы шиеленістердің, төтенше жағдайдың, азаматтық тәртіпсіздіктердің немесе өзге де осындай оқиғалардың салдарынан шығын келтірсе, соңғы
Уағдаласушы Тарап реституцияға, шығынның орнын толтыруға, өтеуге немесе өзге де реттеуге қатысты соңғы Уағдаласушы Тарап өз инвесторларына не үшінші елдің инвесторларына ұсынылатын режимнен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында:
      а) олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері мен билігімен меншігінен айыру;
      б) жағдайдың қажеттілігінен туындамаған олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері немесе билігімен жою нәтижесінде осы тармақта аталған кез келген жағдайда залал шегетін бір Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы баптың 1-тармағына нұқсан келтірместен кез келген жағдайда тез, барабар және тиімді реституция немесе өтем ұсынылатын болады.

7-бап
Аударымдар

       1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты барлық қаржылық және инвестициялармен байланысты басқа да төлемдік міндеттемелерін орындағаннан кейін инвестициялармен байланысты барлық төлеміндерді
еркін аударуға кепілдік береді.
      Аударымдар аударылатын күнге айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша кедергісіз, еркін айырбасталатын валютамен жүзеге асырылуы тиіс.
      2. Мұндай аударымдар жекелей алғанда, бірақ ерекше емес:
      а) инвестицияларды қолдауға немесе ұлғайтуға арналған негізгі және қосымша сомаларды;
      б) табыстарды;
      в) қарыздарды өтеу жөніндегі қаражатты;
      г) инвестициялардың барлығын немесе кез келген бөлігін сатудан немесе жоюдан түскен түсімдерді;
      д) 5 және 6-баптарға сәйкес өтемді;
      е) дауларды реттеуден туындайтын төлемдерді қамтиды.

8-бап
Суброгация

      1. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі немесе ол тағайындаған орган (агенттік) басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестордың инвестициясына қатысты коммерциялық емес тәуекел үшін берілетін кепілдікке сәйкес өзінің кез келген инвесторына төлем жүргізетін болса, басқа Уағдаласушы Тарап осындай кепілдікке сәйкес алғашқы Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) суброгацияға байланысты инвестордың тиісті құқықтары мен талаптары берілгендігін танитын болады.
      2. Алғашқы Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) инвестор жүзеге асыруға құқығы бар құқықтардан басқа құқықтарды жүзеге асыруға уәкілетті бола алмайды.
      3. Суброгация жағдайында, егер оған Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) уәкілеттік бермесе, инвестор бірінші Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) талаптар қоя алмайды.

9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген дау мүмкіндігінше дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жолымен шешілетін болады.
      2. Егер дау келіссөздер басталғаннан бастап алты айдың
ішінде осындай жолмен шешілмейтін болса, онда дау кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі.
      3. ad hос төрелік соты мынадай: әрбір Уағдаласушы Тарап бір төреші тағайындайды, ал осы екі төреші келісім бойынша үшінші мемлекеттің азаматын төраға ретінде келісу арқылы құрылады. Кез келген Уағдаласушы Тараптар дауды төрелік соттың қарауына беру ниеті туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа хабарлаған күннен бастап төрешілер үш ай ішінде, төраға бес ай ішінде тағайындалуы тиіс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде қажетті тағайындаулар жасалмаса, кез келген Уағдаласушы Тарап басқа кез келген келісім болмаған жағдайда, Халықаралық Сот президентін қажетті тағайындаулар жасауға шақырады. Егер Сот президенті Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не егер басқа да себептер бойынша аталған функцияны орындауға жіберілмейтін болса, вице-президент немесе егер ол да Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не басқа да себептер бойынша аталған функцияларды орындауға жіберілмейтін болса, онда Уағдаласушы Тараптардың бірде бірінің азаматы болып табылмайтын, келесі ағалығы бойынша Халықаралық Соттың мүшесі қажетті тағайындау жасауға шақырылатын болады.
      5. Төрелік сот, атап айтқанда осы Келісімді және халықаралық құқықтың жалпы танылған ережелері мен қағидаттарын қоса алғанда, құқықты құрметтеу негізінде шешім қабылдайтын болады.
      6. Егер Уағдаласушы Тараптар өзгеше шешпесе, Төрелік сот өз рәсімдерін белгілейді.
      Сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды. Мұндай шешім Уағдаласушы Тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс.
      7. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі тағайындаған төрешінің және өзінің өкілдігінің шығыстарын көтереді. Төрағаның шығыстары мен өзге де шығыстарды Тараптар тең бөліктерде өтейді. Алайда Төрелік сот, өз шешімінде шығыстардың үлкен бөлігін екі Уағдаласушы Тараптың бірі өтейді деп көрсете алады және мұндай шешім екі
Уағдаласушы Тарап үшін де міндетті болады.

10-бап
Инвестор мен Уағдаласушы Тарап арасындағы дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тарап инвесторы мен басқа Уағдаласушы Тарап арасындағы алғашқысының инвестициясына қатысты осы Келісімге сәйкес соңғысының міндеттемелеріне қарай дауларды дауласушы тараптар мүмкіндігінше достық рәуіш жолымен шешеді.
      2. Егер мұндай даулар кез келген Тараптар талап еткен күннен бастап алты айдың ішінде достық реттеумен шешілмейтін болса, тиісті инвестор дауды шешу үшін:
      a) аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына, немесе
      б) дауды шешудің алдын ала келісілген кез келген қолданылатын рәсіміне сәйкес, немесе
      в) халықаралық төрелікке бере алады.
      3. Егер дау төрелік сотқа жіберілсе, тиісті инвестор оны:
      а) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында (Колумбия округі) қол қою үшін ашылған, Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталыққа;
      б) Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясының (Ю.Н.С.И.Т.Р.А.Л) төрелік ережелері бойынша белгіленген аd hос төрелік сотына бере алады.
      Әрбір Уағдаласушы Тарап мұндай дауды халықаралық төрелікке беруге келіседі.
      4. Төрелік сот осы Келісімнің ережелеріне және халықаралық құқықтың қолдануға келетін ережелері мен принциптеріне сәйкес шешім шығаруы тиіс. Төрелік соттың шешімі дауласушы екі Тарап үшін де түпкілікті және міндетті болады. Шешім 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йорк қаласында жасалған "Шетелдік Төрелік шешімдерді тану
және орындауға келтіру туралы" конвенцияның ережелеріне негізделген кезде, әрбір Уағдаласушы Тарап кез келген осындай шешімді кідіріссіз орындауы тиіс және осындай шешім Уағдаласушы Тарап рәсімінің ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
      5. Төрелік сот процесінде немесе сот шешімін орындау кезінде дауға тартылған Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының сақтандыру келісім-шартына сәйкес барлық немесе ішінара келтірілген зиянға қатысты өтемақы алуына қарсылық білдірмеуі тиіс.

11-бап
Басқа да ережелерді қолдану

      1. Егер қазіргі сәтте қолданылатын немесе кейін Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімге қосымша ретінде белгілеген кез келген Уағдаласушы Тарап заңының ережелері немесе халықаралық құқық бойынша міндеттемелерінде басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына осы Келісімде ұсынылатыннан аса қолайлы режим беретін жалпы немесе арнайы ережелер бар болса, осындай ережелер осы Келісімнен қарағанда анағұрлым қолайлы болып табылатын дәрежеде басым болады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының белгілі бір инвестицияларына қатысты өзі тартылуы мүмкін кез келген басқа да міндеттемелерін сақтауы тиіс.

12-бап
Консультациялар

      Уағдаласушы Тараптардың өкілдері, егер қажет болса, осы Келісімнің қолданылуына қатысты кез келген мәселе бойынша консультациялар өткізе алады. Бұл консультациялар Уағдаласушы Тараптардың бірінің ұсынысы негізінде дипломатиялық арналар бойынша келісілген орны мен уақытында өткізіледі.

13-бап
Түзетулер

      Осы Келісімнің ережелеріне ол күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта Уағдаласушы Тараптар арасында келісілген тәртіппен түзетулер енгізілуі мүмкін. Мұндай түзетулер 14-баптың 1-тармағында көзделген рәсімге сәйкес күшіне енеді.

14-бап
Күшіне енуі, қолданылу мерзімі және аяқталуы

      1.   Осы Келісім Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарапқа тиісті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлаған соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап отыз (30) күннен кейін күшіне енеді.
      Келісім осы күннен бастап он (10) жыл кезең ішінде күшінде болады.
       2. Егер қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын кез келген Уағдаласушы Тарап Келісімді тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібермесе, осы Келісім осыдан кейін келесі он (10) жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады, бұл ретте Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы ағымдағы қолданыс кезеңі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын хабарлау арқылы Келісімді тоқтату
құқығын сақтайды.
      3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты жоғарыда аталған баптар осы күннен бастап келесі он жыл кезең ішінде өз күшінде қалады.
      2002 жылғы»26 маусымында Алматы қаласында қазақ, грек, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндер бірдей түпнұсқада болып табылады.
      Түсіндіру бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
      Осыны куәландыру ретінде, тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

    Қазақстан Республикасының        Грек Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Жоғарыда аталған мәтіндер Грек нұсқасының ағылшын тіліндегі мәтініне толықтай сәйкес келеді.
      Грек Тарабы жоғарыда көрсетілген түзетулермен келіскен жағдайда, Қазақстандық Тарап осы Нота және Елшіліктің ортақ Нотасы түзету енгізетін құжат және Келісімнің ажырамас бөлігі ретінде қарауды ұсынады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Елшілікке өзінің жоғары ілтипатын тағы да растайды.

Астана, 2005 жылғы 26 қазан

Ресми емес аударма

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

N 12-1-1/2025

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грек Республикасының Елшілігіне өзінің ризашылығын білдіреді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қатысты мыналарды хабарлауды өзіне мәртебе санайды:
      Жоғарыда аталған Қазақстандық нұсқасының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерінің грек нұсқасының ағылшын тіліндегі мәтініне сәйкестігі бойынша кемшіліктеріне байланысты және грек нұсқасының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мәтіндеріндегі қателердің салдары бойынша Қазақстан Тарап аталған мәтіндерді түзетуді ұсынуды өзіне мәртебе санайды.

Алматы   
қаласындағы 
Грек Елшілігі

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
Келісім

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі,
      екі мемлекеттің өзара тиімділігі үшін ұзақ мерзімді негізде олардың экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға тілек білдіре отырып,
      әрбір Уағдаласушы Тараптар басқа Уағдаласушы Тараптар аумағындағы инвесторлардың инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды мақсат тұта отырып,
      осы Келісімнің негізінде инвестицияларды көтермелеу және қорғау осы саладағы бастаманы ынталандыратынын тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. "Инвестициялар" дегеніміз бір Уағдаласушы Тарап инвесторының басқа Уағдаласушы Тарап аумағында, соңғы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес инвестицияланған кез келген активтерінің түрлерін білдіреді және атап айтқанда, бірақ ерекше емес мыналарды:
      а) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру, сервитут, ипотека, ұстап қалу құқығы немесе кепілі сияқты кез келген мүліктік құқықтарды;
      b) компаниядағы үлестер мен акцияларды және компаниялардағы кез келген қатысудың басқа да нысандарын;
      c) ақша талаптарын немесе экономикалық құндылығы бар келісім-шартқа сәйкес кез келген орындауды, сондай-ақ инвестицияларға байланысты қарыздарды;
      d) зияткерлік меншік құқықтарын;
      e) заңнамамен, келісім-шартпен немесе заңнамаға сәйкес өкімет органының шешімімен берілген кез келген құқықты қамтуы тиіс.
      Салынған инвестициялар нысанындағы мүмкін болатын өзгеріс олардың инвестициялар ретіндегі сипатына ықпал етпейді.
      2. "Табыстар" дегеніміз инвестициялардан алынатын соманы білдіреді, атап айтқанда, бірақ ерекше емес пайданы, пайызды, капиталдан алынатын кірісті, дивидендтерді, роялтиді және төлемдерді қамтиды.
      3. "Инвестор" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тараптың біріне қатысты:
      а) тиісті Уағдаласушы Тараптың құқығына сәйкес оның азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
      b) сол Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша құрылған не өзге де тиісті түрде ұйымдастырылған және өзінің нәтижелі экономикалық қызметін сол уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асыратын компанияларды, корпорацияларды, іскерлік қауымдастықтарды және серіктестіктерді қоса алғанда, заңды тұлғаны немесе басқа да ұйымдарды білдіреді.
      4. "Аумақ" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты аумақтық суларды, сондай-ақ тиісті Уағдаласушы Тарап халықаралық құқыққа сәйкес егеменді құқықтары мен заңи құқығын жүзеге асыратын теңіз аумағын қоса алғанда, егеменді иелігіндегі аумақты білдіреді.

2-бап
Қолдану аясы

      Осы келісім бір Уағдаласушы Тараптың аумағында оның заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары оның күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де жүзеге асырған инвестицияларға қолданылады.

3-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейді және мұндай инвестицияларға оның заңнамасына сәйкес жол береді.
      2. Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстарына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында кез келген уақытта әділ және риясыз режим ұсынылуы тиіс және олар толық қорғалу мен қауіпсіздікті пайдаланады. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы
Тарап инвесторларының инвестицияларын басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иеленуге не иелік етуге ақталмайтын немесе кемсітушілік шараларымен қандай да бір түрде қысым жасалмайтынын қамтамасыз етеді.

4-бап
Инвестициялардың режимі

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары жүзеге асырған табыстарды қоса алғанда, инвестицияларға ол өзінің меншікті инвесторларының инвестицияларына немесе кез келген үшінші ел инвесторларының инвестицияларына беретін режимінен кем емес, анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағындағы инвестициялармен байланысты олардың қызметіне қатысты басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына өзінің меншікті инвесторларына немесе кез келген үшінші елдің инвесторларына беретін режимнен кем емес, анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері бір Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына мыналардан:
      а) оның кез келген қолданыстағы немесе болашақтағы еркін сауда аймақтарына, кедендік одаққа немесе экономикалық одаққа, аймақтық экономикалық ықпалдасу жөніндегі келісімдерге немесе осындай халықаралық келісімдерге қатысуынан не
      b) салық салуға толық немесе басты түрде қатысы бар кез келген халықаралық келісімнен немесе шарттан туындайтын кез келген режимнің пайдасы, басымдығы мен артықшылығы қолданылатын міндеттеме ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

5-бап
Экспроприация

       1. Кез келген Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстары басқа Уағдаласушы Тарап аумағында экспроприацияланбайды, мемлекет меншігіне алынбайды, немесе тиісті құқықтық рәсім кезінде, кемсітушілік негізде емес және тез, барабар және тиімді өтемақыны төлеуден кейін мемлекеттің мүддесін қоспағанда салдары экспроприациялауға (бұдан әрі - экспроприация) немесе мемлекет меншігіне алуға тең кез келген басқа шараға ұшырамайды. Нақты шаралар қабылдаудан бұрын не ол туралы жалпы белгілі болғанда тікелей зиян келтірілген бұндай өтемақы инвестициялардың нарықтық құқығына тең болуы тиіс, бұрын не болғанына қарамастан экспроприациялану күнінен бастап төлем күніне дейін қалыпты коммерциялық ставка бойынша пайыздарды қамтуы және еркін айырбасталатын валютамен еркін аударылуы тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Уағдаласушы Тараптардың бірі өзінің меншікті аумағының кез келген бөлігіндегі қолданыстағы заңдарға сәйкес құрылған және басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының үлесі бар компания активтерін экспроприацияланған кезде де қолданылатын болады.

6-бап
Шығындарды өтеу

      1. Бір Уағдаласушы Тарап инвесторларына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында инвестициялары соғыстың немесе басқа да қарулы шиеленістердің, төтенше жағдайдың, азаматтық тәртіпсіздіктердің немесе өзге де осындай оқиғалардың салдарынан шығын келтірсе, соңғы
Уағдаласушы Тарап реституцияға, шығынның орнын толтыруға, өтеуге немесе өзге де реттеуге қатысты соңғы Уағдаласушы Тарап өз инвесторларына не үшінші елдің инвесторларына ұсынылатын режимнен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында:
      а) олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері мен билігімен меншігінен айыру;
      b) жағдайдың қажеттілігінен туындамаған олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері немесе билігімен жою нәтижесінде осы тармақта аталған кез келген жағдайда залал шегетін бір Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы баптың 1-тармағына нұқсан келтірместен кез келген жағдайда тез, барабар және тиімді реституция немесе өтем ұсынылатын болады.

7-бап
Аударымдар

       1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты барлық қаржылық және инвестициялармен байланысты басқа да төлемдік міндеттемелерін орындағаннан кейін инвестициялармен байланысты барлық төлеміндерді
шектеусіз аударуға кепілдік береді.
      Аударымдар аударылатын күнге айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша кедергісіз, еркін айырбасталатын валютамен жүзеге асырылуы тиіс.
      2. Мұндай аударымдар жекелей алғанда, бірақ ерекше емес:
      а) инвестицияларды қолдауға немесе ұлғайтуға арналған негізгі және қосымша сомаларды;
      b) табыстарды;
      c) қарыздарды өтеу жөніндегі қаражатты;
      d) инвестициялардың барлығын немесе кез келген бөлігін сатудан немесе жоюдан түскен түсімдерді;
      e) 5 және 6-баптарға сәйкес өтемді;
      f) дауларды реттеуден туындайтын төлемдерді қамтиды.

8-бап
Суброгация

      1. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі немесе ол тағайындаған орган (агенттік) басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестордың инвестициясына қатысты коммерциялық емес тәуекел үшін берілетін кепілдікке сәйкес өзінің кез келген инвесторына төлем жүргізетін болса, басқа Уағдаласушы Тарап осындай кепілдікке сәйкес алғашқы Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) суброгацияға байланысты инвестордың тиісті құқықтары мен талаптары берілгендігін танитын болады.
      2. Алғашқы Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) инвестор жүзеге асыруға құқығы бар құқықтардан басқа құқықтарды жүзеге асыруға уәкілетті бола алмайды.
      3. Суброгация жағдайында, егер оған Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) уәкілеттік бермесе, инвестор бірінші Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) талаптар қоя алмайды.

9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген дау мүмкіндігінше дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жолымен шешілетін болады.
      2. Егер дау келіссөздер басталғаннан бастап алты айдың
ішінде осындай жолмен шешілмейтін болса, онда дау кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі.
      3. ad hос төрелік соты мынадай: әрбір Уағдаласушы Тарап бір төреші тағайындайды, ал осы екі төреші келісім бойынша үшінші мемлекеттің азаматын төраға ретінде келісу арқылы құрылады. Кез келген Уағдаласушы Тараптар дауды төрелік соттың қарауына беру ниеті туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа хабарлаған күннен бастап төрешілер үш ай ішінде, төраға бес ай ішінде тағайындалуы тиіс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде қажетті тағайындаулар жасалмаса, кез келген Уағдаласушы Тарап басқа кез келген келісім болмаған жағдайда, Халықаралық Сот президентін қажетті тағайындаулар жасауға шақырады. Егер Сот президенті Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не егер басқа да себептер бойынша аталған функцияны орындауға жіберілмейтін болса, вице-президент немесе егер ол да Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не басқа да себептер бойынша аталған функцияларды орындауға жіберілмейтін болса, онда Уағдаласушы Тараптардың бірде бірінің азаматы болып табылмайтын, келесі ағалығы бойынша Халықаралық Соттың мүшесі қажетті тағайындау жасауға шақырылатын болады.
      5. Төрелік сот, атап айтқанда осы Келісімді және халықаралық құқықтың жалпы танылған ережелері мен қағидаттарын қоса алғанда, құқықты құрметтеу негізінде шешім қабылдайтын болады.
      6. Егер Уағдаласушы Тараптар өзгеше шешпесе, Төрелік сот өз рәсімдерін белгілейді. Сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды. Мұндай шешім Уағдаласушы Тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс.
      7. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі тағайындаған төрешінің және өзінің өкілдігінің шығыстарын көтереді. Төрағаның шығыстары мен өзге де шығыстарды Тараптар тең бөліктерде өтейді. Алайда Төрелік сот өз шешімінде шығыстардың үлкен бөлігін екі Уағдаласушы Тараптың бірі өтейді деп көрсете алады және мұндай шешім екі
Уағдаласушы Тарап үшін де міндетті болады.

10-бап
Инвестор мен Уағдаласушы Тарап арасындағы дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тарап инвесторы мен басқа Уағдаласушы Тарап арасындағы алғашқысының инвестициясына қатысты осы Келісімге сәйкес соңғысының міндеттемелеріне қарай дауларды дауласушы тараптар мүмкіндігінше достық рәуіш жолымен шешеді.
      2. Егер мұндай даулар кез келген Тараптар талап еткен күннен бастап алты айдың ішінде достық реттеумен шешілмейтін болса, тиісті инвестор дауды шешу үшін:
      a) аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына, немесе
      b) дауды шешудің алдын ала келісілген кез келген қолданылатын рәсіміне сәйкес, немесе
      c) халықаралық төрелікке бере алады.
      3. Егер дау төрелік сотқа жіберілсе, тиісті инвестор оны:
      а) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында (Колумбия округі) қол қою үшін ашылған, Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталыққа;
      b) Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясының (Ю.Н.С.И.Т.Р.А.Л) төрелік ережелері бойынша белгіленген аd hос төрелік сотына бере алады.
      Әрбір Уағдаласушы Тарап мұндай дауды халықаралық төрелікке беруге келіседі.
      4. Төрелік сот осы Келісімнің ережелеріне және халықаралық құқықтың қолдануға келетін ережелері мен принциптеріне сәйкес шешім шығаруы тиіс. Төрелік соттың шешімі дауласушы екі Тарап үшін де түпкілікті және міндетті болады. Шешім 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йорк қаласында жасалған "Шетелдік Төрелік шешімдерді тану
және орындауға келтіру туралы" конвенцияның ережелеріне негізделген кезде, әрбір Уағдаласушы Тарап кез келген осындай шешімді кідіріссіз орындауы тиіс және осындай шешім Уағдаласушы Тарап рәсімінің ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
      5. Төрелік сот процесінде немесе сот шешімін орындау кезінде дауға тартылған Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының сақтандыру келісім-шартына сәйкес барлық немесе ішінара келтірілген зиянға қатысты өтемақы алуына қарсылық білдірмеуі тиіс.

11-бап
Басқа да ережелерді қолдану

      1. Егер қазіргі сәтте қолданылатын немесе кейін Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімге қосымша ретінде белгілеген кез келген Уағдаласушы Тарап заңының ережелері немесе халықаралық құқық бойынша міндеттемелерінде басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына осы Келісімде ұсынылатыннан аса қолайлы режим беретін жалпы немесе арнайы ережелер бар болса, осындай ережелер осы Келісімнен қарағанда анағұрлым қолайлы болып табылатын дәрежеде басым болады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының белгілі бір инвестицияларына қатысты өзі тартылуы мүмкін кез келген басқа да міндеттемелерін сақтауы тиіс.

12-бап
Консультациялар

      Уағдаласушы Тараптардың өкілдері, егер қажет болса, осы Келісімнің қолданылуына қатысты кез келген мәселе бойынша консультациялар өткізе алады. Бұл консультациялар Уағдаласушы Тараптардың бірінің ұсынысы негізінде дипломатиялық арналар бойынша келісілген орны мен уақытында өткізіледі.

13-бап
Түзетулер

      Осы Келісімнің ережелеріне ол күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта Уағдаласушы Тараптар арасында келісілген тәртіппен түзетулер енгізілуі мүмкін. Мұндай түзетулер 14-баптың 1-тармағында көзделген рәсімге сәйкес күшіне енеді.

14-бап
Күшіне енуі, қолданылу мерзімі және аяқталуы

      1.   Осы Келісім Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарапқа тиісті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлаған соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап отыз (30) күннен кейін күшіне енеді.
      Келісім осы күннен бастап он (10) жыл кезең ішінде күшінде болады.
       2. Егер қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын кез келген Уағдаласушы Тарап Келісімді тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібермесе, осы Келісім осыдан кейін келесі он (10) жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады, бұл ретте Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы ағымдағы қолданыс кезеңі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын хабарлау арқылы Келісімді тоқтату
құқығын сақтайды.
      3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты жоғарыда аталған баптар осы күннен бастап келесі он жыл кезең ішінде өз күшінде қалады.
      2002 жылғы»26 маусымында Алматы қаласында қазақ, грек, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндер бірдей түпнұсқада болып табылады.
      Түсіндіру бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
      Осыны куәландыру ретінде, тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

    Қазақстан Республикасының        Грек Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін"

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
Келісім

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі,
      екі мемлекеттің өзара тиімділігі үшін ұзақ мерзімді негізде олардың экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға тілек білдіре отырып,
      әрбір Уағдаласушы Тараптар басқа Уағдаласушы Тараптар аумағындағы инвесторлардың инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды мақсат тұта отырып,
      осы Келісімнің негізінде инвестицияларды көтермелеу және қорғау осы саладағы бастаманы ынталандыратынын тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. "Инвестициялар" дегеніміз бір Уағдаласушы Тарап инвесторының басқа Уағдаласушы Тарап аумағында, соңғы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес инвестицияланған кез келген активтерінің түрлерін білдіреді және атап айтқанда, бірақ ерекше емес мыналарды:
      а) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру, сервитут, ипотека, ұстап қалу құқығы немесе кепілі сияқты кез келген мүліктік құқықтарды;
      б) компаниядағы үлестер мен акцияларды және компаниялардағы кез келген қатысудың басқа да нысандарын;
      в) ақша талаптарын немесе экономикалық құндылығы бар келісім-шартқа сәйкес кез келген орындауды, сондай-ақ инвестицияларға байланысты қарыздарды;
      г) зияткерлік меншік құқықтарын;
      д) заңнамамен, келісім-шартпен немесе заңнамаға сәйкес өкімет органының шешімімен берілген кез келген құқықты қамтуы тиіс.
      Салынған инвестициялар нысанындағы мүмкін болатын өзгеріс олардың инвестициялар ретіндегі сипатына ықпал етпейді.
      2. "Табыстар" дегеніміз инвестициялардан алынатын соманы білдіреді, атап айтқанда, бірақ ерекше емес пайданы, пайызды, капиталдан алынатын кірісті, дивидендтерді, роялтиді және төлемдерді қамтиды.
      3. "Инвестор" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тараптың біріне қатысты:
      а) тиісті Уағдаласушы Тараптың құқығына сәйкес оның азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
      б) сол Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша құрылған не өзге де тиісті түрде ұйымдастырылған және өзінің экономикалық қызметін сол уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асыратын компанияларды, корпорацияларды, іскерлік қауымдастықтарды және серіктестіктерді қоса алғанда, заңды тұлғаны немесе басқа да ұйымдарды білдіреді.
      4. "Аумақ" дегеніміз кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты аумақтық суларды, сондай-ақ тиісті Уағдаласушы Тарап халықаралық құқыққа сәйкес егеменді құқықтары мен заңи құқығын жүзеге асыратын теңіз аумағын қоса алғанда, егеменді иелігіндегі аумақты білдіреді.

2-бап
Қолдану аясы

      Осы келісім бір Уағдаласушы Тараптың аумағында оның заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары оның күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де жүзеге асырған инвестицияларға қолданылады.

3-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейді және мұндай инвестицияларға оның заңнамасына сәйкес жол береді.
      2. Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстарына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында кез келген уақытта әділ және риясыз режим ұсынылуы тиіс және олар толық қорғалу мен қауіпсіздікті пайдаланады. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы
Тарап инвесторларының инвестицияларын басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иеленуге не иелік етуге ақталмайтын немесе кемсітушілік шараларымен қандай да бір түрде қысым жасалмайтынын қамтамасыз етеді.

4-бап
Инвестициялардың режимі

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары жүзеге асырған табыстарды қоса алғанда, инвестицияларға ол өзінің меншікті инвесторларының инвестицияларына немесе кез келген үшінші ел инвесторларының инвестицияларына беретін режимінен кем емес, анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағындағы инвестициялармен байланысты олардың қызметіне қатысты басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына өзінің меншікті инвесторларына немесе кез келген үшінші елдің инвесторларына беретін режимнен кем емес, анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері бір Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларына мыналардан:
      а) оның кез келген қолданыстағы немесе болашақтағы еркін сауда аймақтарына, кедендік одаққа немесе экономикалық одаққа, аймақтық экономикалық ықпалдасу жөніндегі келісімдерге немесе осындай халықаралық келісімдерге қатысуынан не
      б) салық салуға толық немесе басты түрде қатысы бар кез келген халықаралық келісімнен немесе шарттан туындайтын кез келген режимнің пайдасы, басымдығы мен артықшылығы қолданылатын міндеттеме ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

5-бап
Экспроприация

       1. Кез келген Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары мен табыстары басқа Уағдаласушы Тарап аумағында экспроприацияланбайды, мемлекет меншігіне алынбайды, немесе тиісті құқықтық рәсім кезінде, кемсітушілік негізде емес және тез, барабар және тиімді өтемақыны төлеуден кейін мемлекеттің мүддесін қоспағанда салдары экспроприациялауға (бұдан әрі - экспроприация) немесе мемлекет меншігіне алуға тең кез келген басқа шараға ұшырамайды. Нақты шаралар қабылдаудан бұрын не ол туралы жалпы белгілі болғанда тікелей зиян келтірілген бұндай өтемақы инвестициялардың нарықтық құқығына тең болуы тиіс, бұрын не болғанына қарамастан экспроприациялану күнінен бастап төлем күніне дейін қалыпты коммерциялық ставка бойынша пайыздарды қамтуы және еркін айырбасталатын валютамен еркін аударылуы тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Уағдаласушы Тараптардың бірі өзінің меншікті аумағының кез келген бөлігіндегі қолданыстағы заңдарға сәйкес құрылған және басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының үлесі бар компания активтерін экспроприацияланған кезде де қолданылатын болады.

6-бап
Шығындарды өтеу

      1. Бір Уағдаласушы Тарап инвесторларына басқа Уағдаласушы Тарап аумағында инвестициялары соғыстың немесе басқа да қарулы шиеленістердің, төтенше жағдайдың, азаматтық тәртіпсіздіктердің немесе өзге де осындай оқиғалардың салдарынан шығын келтірсе, соңғы
Уағдаласушы Тарап реституцияға, шығынның орнын толтыруға, өтеуге немесе өзге де реттеуге қатысты соңғы Уағдаласушы Тарап өз инвесторларына не үшінші елдің инвесторларына ұсынылатын режимнен кем емес анағұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынады.
      2. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында:
      а) олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері мен билігімен меншігінен айыру;
      б) жағдайдың қажеттілігінен туындамаған олардың инвестицияларын не оның бөліктерін соңғысының күштері немесе билігімен жою нәтижесінде осы тармақта аталған кез келген жағдайда залал шегетін бір Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы баптың 1-тармағына нұқсан келтірместен кез келген жағдайда тез, барабар және тиімді реституция немесе өтем ұсынылатын болады.

7-бап
Аударымдар

       1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты барлық қаржылық және инвестициялармен байланысты басқа да төлемдік міндеттемелерін орындағаннан кейін инвестициялармен байланысты барлық төлеміндерді
еркін аударуға кепілдік береді.
      Аударымдар аударылатын күнге айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша кедергісіз, еркін айырбасталатын валютамен жүзеге асырылуы тиіс.
      2. Мұндай аударымдар жекелей алғанда, бірақ ерекше емес:
      а) инвестицияларды қолдауға немесе ұлғайтуға арналған негізгі және қосымша сомаларды;
      б) табыстарды;
      в) қарыздарды өтеу жөніндегі қаражатты;
      г) инвестициялардың барлығын немесе кез келген бөлігін сатудан немесе жоюдан түскен түсімдерді;
      д) 5 және 6-баптарға сәйкес өтемді;
      е) дауларды реттеуден туындайтын төлемдерді қамтиды.

8-бап
Суброгация

      1. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі немесе ол тағайындаған орган (агенттік) басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестордың инвестициясына қатысты коммерциялық емес тәуекел үшін берілетін кепілдікке сәйкес өзінің кез келген инвесторына төлем жүргізетін болса, басқа Уағдаласушы Тарап осындай кепілдікке сәйкес алғашқы Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) суброгацияға байланысты инвестордың тиісті құқықтары мен талаптары берілгендігін танитын болады.
      2. Алғашқы Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) инвестор жүзеге асыруға құқығы бар құқықтардан басқа құқықтарды жүзеге асыруға уәкілетті бола алмайды.
      3. Суброгация жағдайында, егер оған Уағдаласушы Тарап немесе ол тағайындаған орган (агенттік) уәкілеттік бермесе, инвестор бірінші Уағдаласушы Тарапқа немесе ол тағайындаған органға (агенттікке) талаптар қоя алмайды.

9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген дау мүмкіндігінше дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жолымен шешілетін болады.
      2. Егер дау келіссөздер басталғаннан бастап алты айдың
ішінде осындай жолмен шешілмейтін болса, онда дау кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі.
      3. ad hос төрелік соты мынадай: әрбір Уағдаласушы Тарап бір төреші тағайындайды, ал осы екі төреші келісім бойынша үшінші мемлекеттің азаматын төраға ретінде келісу арқылы құрылады. Кез келген Уағдаласушы Тараптар дауды төрелік соттың қарауына беру ниеті туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа хабарлаған күннен бастап төрешілер үш ай ішінде, төраға бес ай ішінде тағайындалуы тиіс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде қажетті тағайындаулар жасалмаса, кез келген Уағдаласушы Тарап басқа кез келген келісім болмаған жағдайда, Халықаралық Сот президентін қажетті тағайындаулар жасауға шақырады. Егер Сот президенті Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не егер басқа да себептер бойынша аталған функцияны орындауға жіберілмейтін болса, вице-президент немесе егер ол да Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылса не басқа да себептер бойынша аталған функцияларды орындауға жіберілмейтін болса, онда Уағдаласушы Тараптардың бірде бірінің азаматы болып табылмайтын, келесі ағалығы бойынша Халықаралық Соттың мүшесі қажетті тағайындау жасауға шақырылатын болады.
      5. Төрелік сот, атап айтқанда осы Келісімді және халықаралық құқықтың жалпы танылған ережелері мен қағидаттарын қоса алғанда, құқықты құрметтеу негізінде шешім қабылдайтын болады.
      6. Егер Уағдаласушы Тараптар өзгеше шешпесе, Төрелік сот өз рәсімдерін белгілейді.
      Сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды. Мұндай шешім Уағдаласушы Тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс.
      7. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі тағайындаған төрешінің және өзінің өкілдігінің шығыстарын көтереді. Төрағаның шығыстары мен өзге де шығыстарды Уағдаласушы Тараптар тең бөліктерде өтейді. Алайда, Төрелік сот өз шешімінде шығыстардың үлкен бөлігін екі Уағдаласушы Тараптың бірі өтейді деп көрсете алады және мұндай шешім екі Уағдаласушы Тарап үшін де міндетті болады.

10-бап
Инвестор мен Уағдаласушы Тарап арасындағы дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тарап инвесторы мен басқа Уағдаласушы Тарап арасындағы алғашқысының инвестициясына қатысты осы Келісімге сәйкес соңғысының міндеттемелеріне қарай дауларды дауласушы тараптар мүмкіндігінше достық рәуіш жолымен шешеді.
      2. Егер мұндай даулар кез келген Тараптар талап еткен күннен бастап алты айдың ішінде достық реттеумен шешілмейтін болса, тиісті инвестор дауды шешу үшін:
      a) аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына, немесе
      б) дауды шешудің алдын ала келісілген кез келген қолданылатын рәсіміне сәйкес, немесе
      в) халықаралық төрелікке бере алады.
      3. Егер дау төрелік сотқа жіберілсе, тиісті инвестор оны:
      а) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында (Колумбия округі) қол қою үшін ашылған, Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталыққа;
      б) Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясының (Ю.Н.С.И.Т.Р.А.Л) төрелік ережелері бойынша белгіленген аd hос төрелік сотына бере алады.
      Әрбір Уағдаласушы Тарап мұндай дауды халықаралық төрелікке беруге келіседі.
      4. Төрелік сот осы Келісімнің ережелеріне және халықаралық құқықтың қолдануға келетін ережелері мен принциптеріне сәйкес шешім шығаруы тиіс. Төрелік соттың шешімі дауласушы екі Тарап үшін де түпкілікті және міндетті болады. Шешім 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йорк қаласында жасалған "Шетелдік Төрелік шешімдерді тану
және орындауға келтіру туралы" конвенцияның ережелеріне негізделген кезде, әрбір Уағдаласушы Тарап кез келген осындай шешімді кідіріссіз орындауы тиіс және осындай шешім Уағдаласушы Тарап рәсімінің ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
      5. Төрелік сот процесінде немесе сот шешімін орындау кезінде дауға тартылған Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының сақтандыру келісім-шартына сәйкес барлық немесе ішінара келтірілген зиянға қатысты өтемақы алуына қарсылық білдірмеуі тиіс.

11-бап
Басқа да ережелерді қолдану

      1. Егер қазіргі сәтте қолданылатын немесе кейін Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімге қосымша ретінде белгілеген кез келген Уағдаласушы Тарап заңының ережелері немесе халықаралық құқық бойынша міндеттемелерінде басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына осы Келісімде ұсынылатыннан аса қолайлы режим беретін жалпы немесе арнайы ережелер бар болса, осындай ережелер осы Келісімнен қарағанда анағұрлым қолайлы болып табылатын дәрежеде басым болады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының белгілі бір инвестицияларына қатысты өзі тартылуы мүмкін кез келген басқа да міндеттемелерін сақтауы тиіс.

12-бап
Консультациялар

      Уағдаласушы Тараптардың өкілдері, егер қажет болса, осы Келісімнің қолданылуына қатысты кез келген мәселе бойынша консультациялар өткізе алады. Бұл консультациялар Уағдаласушы Тараптардың бірінің ұсынысы негізінде дипломатиялық арналар бойынша келісілген орны мен уақытында өткізіледі.

13-бап
Түзетулер

      Осы Келісімнің ережелеріне ол күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта Уағдаласушы Тараптар арасында келісілген тәртіппен түзетулер енгізілуі мүмкін. Мұндай түзетулер 14-баптың 1-тармағында көзделген рәсімге сәйкес күшіне енеді.

14-бап
Күшіне енуі, қолданылу мерзімі және аяқталуы

      1.   Осы Келісім Уағдаласушы Тараптың басқа Уағдаласушы Тарапқа тиісті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлаған соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап отыз (30) күннен кейін күшіне енеді.
      Келісім осы күннен бастап он (10) жыл кезең ішінде күшінде болады.
       2. Егер қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын кез келген Уағдаласушы Тарап Келісімді тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібермесе, осы Келісім осыдан кейін келесі он (10) жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады, бұл ретте Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы ағымдағы қолданыс кезеңі аяқталатын күнге дейін кемінде бір (1) жыл бұрын хабарлау арқылы Келісімді тоқтату
құқығын сақтайды.
      3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты жоғарыда аталған баптар осы күннен бастап келесі он жыл кезең ішінде өз күшінде қалады.
      2005 жылғы»26 маусымында Афина қаласында қазақ, грек, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндер бірдей түпнұсқада болып табылады.
      Түсіндіру бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
      Осыны куәландыру ретінде, тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

    Қазақстан Республикасының        Грек Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады