Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен;
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.25 N 399 Қаулысымен;
      4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21 N 1080 Қаулысымен;
      5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) мамандандырылған кеңестер туралы ереже;
      2) мамандандырылған кеңестердің құрамдары;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдеріне  енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі
мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
      2. Кеңестер Үкіметтің шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді (бұдан әрi – қоғамдар) басқару жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн құрылады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1573 Қаулысымен.
      3. Кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестердің міндеттері

      4. Кеңестердің міндеттері:
      1) қоғамдарды басқару мен дамытудың негіз қалаушы мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      2) қоғамдардың мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуі жөніндегі қызметіне бағалау жүргізу болып табылады.
      5. Кеңестер міндеттерді шешу үшін:
      1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттарды, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерімді айқындау;
      2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер;
      3) қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттер;
      4) дивидендтер төлеу деңгейі, қоғамдардың таза кірісін бөлу және қайта инвестициялау;
      5) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бағытталатын қаржы қаражатының орта мерзімді (үш жыл) көлемі;
      6) қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі мәселелерді қарайды.

3. Кеңестердің құқықтары

      6. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      2) кеңестердің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
      3) қажеттілігіне қарай қоғамдарды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.

4. Кеңестердің қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңестерді төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе оның орынбасары басқарады. Кеңестердің төрағасы:
      1) кеңестердің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) кеңестер отырыстарының Жоспар-кестесін бекітеді;
      3) қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды;
      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      5) кеңестер шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.24 N 829 Қаулысымен.
      8. Кеңестердің хатшылары:
      1) кеңестер отырыстарының күн тәртібі бойынша материалдар дайындайды;
      2) ай сайын хаттамалық шешімдердің орындалуына талдау жүргізеді;
      3) кеңестер төрағасының немесе оның орынбасарының келісімі бойынша кеңестердің отырыстарына шақырылған адамдардың тізімін бекітеді;
      4) кеңестер мүшелері мен шақырылған адамдарға кеңестер отырыстарының өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;
      5) отырыстар хаттамасын ресімдейді.
      9. Кеңестер отырыстарының Жоспар-кестесіне сәйкес отырыстар өткізіледі. Қажет болған жағдайда жоспардан тыс отырыстар өткізілуі мүмкін.
      10. Тиісті қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кеңестердің жұмыс органдары болып табылады.
      11. Қаралатын мәселе құзыретіне жататын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар кеңеске дейін тоғыз күн бұрын материалдарды кеңестердің жұмыс органдарына енгізеді.
      Кеңестерге материалдардың сапалы дайындалуы мен уақтылы ұсынылуына жауапкершілік мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
      12. Жұмыс органдары кеңеске дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей материалдарды кеңестер төрағасымен және оның орынбасарымен келісу үшін оларды кеңестердің хатшыларына ұсынады.
      13. Кеңестер отырыстарының материалдары отырысты өткізу тәртібін, қаралатын мәселенің жай-күйі туралы анықтаманы, проблемалық мәселелер мен оларды шешудің ұсынылатын жолдарын, кеңестер отырыстары хаттамасының жобасын қамтуы тиіс.
      14. Жұмыс органдары осы кеңесте төрағалық етушідегі хаттамаға қол қойылғаннан кейін тиісті адресаттарға жіберуді қамтамасыз етеді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      15. Кеңестердің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде бір айда кемінде бір рет өткізіледі.
      16. Жұмыс органдары Кеңестер туралы ережеде айқындалған кеңестердің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      17. Отырыстардың күн тәртібі өзіне кеңестер отырыстарының кеңестерде қаралатын мәселелер тізбесін қамтитын жыл сайынғы жоспар-кестелеріне сәйкес қалыптастырылады.
      18. Кеңестер отырыстарының жоспар-кестелерін жұмыс органдары қалыптастырады және кеңес төрағасының бекітуі үшін кеңестердің хатшыларына ұсынылады.
      19. Кеңестер отырыстарын өткізу уақыты мен орнын кеңестер төрағасы белгілейді.
      20. Отырыстардың күн тәртіптерін кеңестердің хатшылары кеңестердің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі адамдарға жібереді.
      21. Отырыстар күн тәртіптерінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер кеңестердің қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беріп қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда кеңестер төрағасының даусы шешуші болып табылады.
      22. Кеңестердің шешімдері хаттамалармен ресімделеді. Отырыстар хаттамаларын хатшылар дайындайды және оған кеңестердің отырысқа қатысушы барлық мүшелері қол қояды.
      Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылуға және хаттамаларға қоса берілуге тиіс.

5. Кеңестердің қызметін тоқтату

      23. Кеңестер өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2007 жылғы 7 мамырдағы
                                                N 363 қаулысымен
                                                    бекітілген       

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық"
    мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
  холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі
             мамандандырылған кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2007 жылғы 7 мамырдағы
                                                N 363 қаулысымен
                                                   бекітілген

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
    "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту
     мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2007 жылғы 7 мамырдағы
                                                N 363 қаулысымен
                                                    бекітілген      

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
     "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту
     мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.25 N 399 Қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2007 жылғы 7 мамырдағы
                                                N 363 қаулысымен
                                                   бекітілген      

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самғау"
  ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын
    дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің
                              құрамы

      Ескерту. Құрам алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21 N 1080 Қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2007 жылғы 7 мамырдағы
                                                N 363 қаулысымен
                                                   бекітілген       

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
        әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту
       мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің
                             құрамы

      Ескерту. Құрам алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 7 мамырдағы  
N 363 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Самұрық" холдингі" АҚ-тың функциялары" деген 3-бөлімде:
      екінші абзац "Мамандандырылған кеңес қабылдаған" деген сөздерден кейін "Самұрық" холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық" холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-бөлімде:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бірінші басшылары" деген сөздерден кейін "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Қазына" АҚ-ның міндеттері" деген 3-бөлімдегі "индустриялық-инновациялық даму саласындағы" деген сөздер "Қазына" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімнің бірінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бірінші басшылары" деген сөздерден кейін "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.
      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247
қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның функциялары" деген 4-бөлімнің екінші абзацында:
      "қоғамдар үшін" деген сөздердің алдынан "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлімнің бірінші абзацында:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бірінші басшылары" деген сөздерден кейін "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы
меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы N 192 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ-ның міндеттері" деген 3-бөлімнің екінші абзацында "өңірлік" деген сөз алынып тасталсын, "корпорациялар" деген сөз "корпорацияларды дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бірінші басшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрліктерінің және басқа да орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2007 жылғы 7 мамырдағы 
N 363 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік
корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 10, 94-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 356 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 818 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1079 қаулысы.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 466-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 356 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1150 қаулысы.
      7. "Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттері
мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N 183 қаулысының 4-тармағы.

О создании специализированных советов по вопросам государственного корпоративного управления при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2007 года N 363

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать специализированные советы по вопросам государственного корпоративного управления при Правительстве Республики Казахстан (далее - специализированные советы):
      1) исключен постановлением Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 );
      2) исключен постановлением Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 );
      3) исключен постановлением Правительства РК от 25.03.2009 № 399 ;
      4) исключен постановлением Правительства РК от 21.11.2008 N 1080 ;
      5) исключен постановлением Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 ).
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями
Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 ; от 21.11.2008 N 1080 ; от 25.03.2009 № 399 .

      2. Утвердить прилагаемые:
      1) положение о специализированных советах;
      2) составы специализированных советов;
      3) изменения и дополнения , которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363

ПОЛОЖЕНИЕ
о специализированных советах по вопросам государственного
корпоративного управления при Правительстве
Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Специализированные советы по вопросам государственного корпоративного управления (далее - советы) являются консультативно-совещательными органами при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Советы образуются для координации деятельности по управлению национальными управляющими холдингами, национальными холдингами (далее - общества) по решению Правительства.
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 21.12.2011 № 1573.

      3. Советы в своей деятельности руководствуются Конституцией и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Задачи советов

      4. Задачами советов являются:
      1) выработка рекомендаций по основополагающим вопросам управления и развития обществ;
      2) проведение оценки деятельности обществ по достижению целей и финансовых результатов.

      5. Для решения задач советы рассматривают вопросы по:
      1) определению главных стратегических целей, с разбивкой на коммерческие и некоммерческие, баланса между коммерческими и некоммерческими целями;
      2) важным отраслевым инициативам и задачам;
      3) обобщенным показателям эффективности и коэффициентам рентабельности;
      4) уровню выплаты дивидендов, распределению и реинвестированию чистого дохода обществ;
      5) среднесрочному (три года) объему финансовых средств направляемых для реализации инвестиционных проектов;
      6) оплате труда руководящих работников обществ.

3. Права советов

      6. Советы в целях реализации возложенных на них задач вправе в установленном законодательством порядке:
      1) запрашивать у государственных органов и иных организаций материалы и информацию, необходимые для осуществления своей деятельности;
      2) приглашать на заседания советов и заслушивать по рассматриваемым вопросам представителей государственных органов и иных организаций;
      3) привлекать по мере необходимости специалистов, экспертов и ученых для анализа и изучения проблемных вопросов управления обществами.

4. Организация деятельности советов

      7. Советы возглавляет председатель - Премьер-Министр Республики Казахстан или его заместитель. Председатель советов:
      1) осуществляет общее руководство деятельностью советов;
      2) утверждает План-график заседаний советов;
      3) определяет мероприятия, направленные на повышение качества и эффективности принимаемых решений;
      4) координирует взаимодействие государственных органов и организаций;
      5) осуществляет общий контроль над реализацией решений советов.
      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2007 года N 829 .

      8. Секретари советов:
      1) подготавливают материалы по повестке дня заседания советов;
      2) ежемесячно проводят анализ выполнения протокольных решений;
      3) по согласованию с председателем советов или его заместителем утверждают списки приглашенных лиц на заседаний советов;
      4) оповещают членов советов и приглашенных лиц о месте и времени проведения заседания советов;
      5) оформляют протокол заседания.

      9. Заседания проводятся в соответствии с Планом-графиком заседаний советов. В случае необходимости могут проводиться внеплановые заседания.

      10. Рабочими органами советов являются государственные органы, осуществляющие права владения и пользования государственными пакетами акций соответствующих обществ.

      11. Государственные органы и иные организации, в компетенции которых находится рассматриваемый вопрос, за девять дней до заседания вносят материалы в рабочие органы советов.
      Ответственность за качественную подготовку и своевременное представление материалов к заседаниям возлагается на первых руководителей государственных органов и иных организаций.

      12. Рабочие органы не позднее, чем за пять календарных дня до заседания представляют секретарям советов материалы для их согласования с председателем советов и его заместителем.

      13. Материалы к заседаниям советов должны включать порядок ведения заседания, справку о состоянии рассматриваемого вопроса, проблемные вопросы и рекомендуемые пути их решения, проект протокола заседаний советов.

      14. Рабочие органы после подписания протокола у председательствующего на данном заседании, обеспечивают рассылку соответствующим адресатам и осуществляют контроль за его исполнением.

      15. Заседания советов проводятся при наличии не менее двух третей его членов, не реже одного раза в месяц.

      16. Рабочие органы осуществляют информационно-аналитическое обеспечение деятельности советов, определенных Положением о советах.

      17. Повестка дня заседаний формируется в соответствии с ежегодными планами-графиками заседаний советов, которые включают в себя перечень вопросов рассматриваемых на советах.

      18. Планы-графики заседаний советов формируются рабочими органами и представляются секретарям советов на утверждение председателем совета.

      19. Время и место проведения заседаний советов определяется председателем советов.

      20. Повестки дня заседаний направляются секретарями советов членам советов, а также иным заинтересованным лицам.

      21. Решения по каждому вопросу повестки дня заседания принимаются открытым голосованием большинством голосов присутствующих членов советов. В случае равенства голосов голос председателя советов является решающим.

      22. Решения советов оформляются протоколами. Протоколы заседаний готовятся секретарями и подписываются всеми членами советов, присутствующими на заседании.
      Члены совета имеют право на особое мнение, которое должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколам.

5. Прекращение деятельности советов

      23. Советы прекращает свою деятельность на основании решения Правительства Республики Казахстан.

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363 

СОСТАВ
Специализированного совета по вопросам развития акционерного
общества "Казахстанский холдинг по управлению государственными
активами "Самрук" при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав исключен постановлением Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 .

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363 

СОСТАВ
Специализированного совета по вопросам развития
акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына"
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав исключен постановлением Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 .

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363  

СОСТАВ
Специализированного совета по вопросам развития
акционерного общества "Национальный холдинг "КазАгро"
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав исключен постановлением Правительства РК от 25.03.2009 № 399 .

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363  

СОСТАВ
Специализированного совета по вопросам развития акционерного
общества "Национальный научно-технологический холдинг "Самғау"
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав исключен постановлением Правительства РК от 21.11.2008 N 1080 .

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363  

СОСТАВ
Специализированного совета по вопросам развития
социально-предпринимательских корпораций при
Правительстве Республики Казахстан

     Сноска. Состав исключен постановлением Правительства РК от 12.11.2008 N 1048 .

  Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 мая 2007 года N 363 

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2006 года N 117 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 28 января 2006 года N 50":
      в Меморандуме об основных принципах деятельности акционерного общества "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук", утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 3 "Функции АО "Холдинг "Самрук":
      абзац второй после слов "Специализированным Советом" дополнить словами "по вопросам развития АО "Холдинг "Самрук" (далее - Специализированный совет)";
      в разделе 5. "Взаимоотношения между Правительством Республики Казахстан и АО "Холдинг "Самрук":
      в абзаце первом слова "Заместителем Премьер-Министра" заменить словами "Премьер-Министром";
      после слов "исполнительных органов" дополнить словами "и иные лица";
      слова "два года" заменить словом "месяц".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2006 года N 286 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2006 года N 65":
      в Меморандуме об основных принципах деятельности акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына", утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 3. "Задачи АО "Қазына" слова "в области индустриально-инновационного развития" заменить словами "по вопросам развития АО "Қазына";
      в абзаце первом раздела 6. "Взаимоотношения между Правительством Республики Казахстан и АО "Қазына":
      слова "Заместителем Премьер-Министра" заменить словами "Премьер-Министром";
      после слов "финансов" дополнить словами "и иные лица";
      слова "два года" заменить словом "месяц".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 14.04.2010 N 302.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года N 1247 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года N 220" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 49, ст. 518):
      в Меморандуме об основных принципах деятельности акционерного общества "Национальный холдинг "КазАгро", утвержденном указанным постановлением:
      в абзаце втором раздела 4 "Функции АО "Нацхолдинг "КазАгро":
      после слов "для обществ" дополнить словами "на основе решений, принятых Специализированным советом по вопросам развития АО "Нацхолдинг "КазАгро" (далее - Специализированный совет)";
      в абзаце первом раздела 5-1 "Взаимоотношения между Правительством Республики Казахстан и АО "Нацхолдинг "КазАгро":
      слова "Заместителем Премьер-Министра" заменить словами "Премьер-Министром";
      после слов "сельского хозяйства" дополнить словами "и иные лица";
      слова "два года" заменить словом "месяц".

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2007 года N 192 "Об утверждении Меморандума об основных принципах деятельности акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка":
      в Меморандуме об основных принципах деятельности акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка", утвержденном указанным постановлением:
      в абзаце втором раздела 3. "Задачи АО "НК "СПК "Сарыарка" слово "региональных" заменить словом "развития";
      в разделе 6. "Взаимоотношения между Правительством Республики Казахстан и АО "НК "СПК "Сарыарка":
      слова в абзаце первом "первым руководителем Министерства индустрии и торговли" заменить словами "Премьер-Министром";
      слова "руководители заинтересованных государственных органов, представители общественных организаций и руководители социально-предпринимательских корпораций" заменить словами "первых руководителей министерств экономики и бюджетного планирования, индустрии и торговли, финансов Республики Казахстан и других центральных исполнительных органов";
      в абзаце втором слова "два года" заменить словам "месяц".

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 7 мая 2007 года N 363 

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 2006 года N 194 "О создании Специализированного совета по вопросам государственного корпоративного управления при Правительстве Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 10, ст. 94).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2006 года N 356 "О создании Специализированного совета по вопросам государственного управления в области индустриально-инновационного развития при Правительстве Республики Казахстан".
      3. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 818 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2006 года N 1079 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 2006 года N 194".
      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2006 года N 1114 "О создании Специализированного совета по вопросам региональных социально-предпринимательских корпораций при Правительстве Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 42, ст. 466).
      6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2006 года N 1150 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2006 года N 356".
      7. Пункт 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2007 года N 183 "О некоторых вопросах оплаты труда руководящих работников национальных компаний и акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству".