Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N 183 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10  N 558 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.

      2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар директорлар кеңестерiнiң басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн Үлгi ережеге сәйкес белгiлеуiн қамтамасыз етсiн.

      3. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi", "ҚазАгро" ұлттық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарына акцияларының пакеттерiн мемлекет олардың жарғылық капиталына берген акционерлiк қоғамдарға қатысты Yлгi ережеге сәйкес басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн белгiленген тәртiппен айқындау ұсынылсын.

      4.  Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363  Қаулысымен .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 12 наурыздағы 
N 183 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже

      Осы Yлгi ереже ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және уәждеу мәселелерiнде бiрыңғай тәсiлдердi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үлгi ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      жалақы - басшы қызметкердiң функционалдық мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн ескере отырып, белгiленетiн айлық лауазымдық жалақы;
      бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы - қол жеткiзiлген табыстарын материалдық көтермелеу және жұмыс тиiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру мақсатында жұмыс нәтижелерiне қарай жылына бiр рет төленетiн бiр жолғы сыйақы.

      2. Ұйымның басшы қызметкерлерiне:
      бiрiншi басшы (президент, Басқарма төрағасы және тағы басқалары);
      басшының орынбасары (вице-президент, Басқарма төрағасының орынбасары және тағы басқалары);
      атқарушы органның (Басқарманың) мүшесi жатады.

      3. Ұйымның басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетiнде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.

      4. Ұйымның басшы қызметкерi жалақысының мөлшерi, бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға құқығы заңнамада белгiленген тәртiппен жасалатын жеке еңбек шартында айқындалады.

      5. Осы Үлгi ереже ұйымға белгiленген тәртiппен тартылатын шетелдiк мамандар - басшы қызметкерлерге қолданылмайды. Көрсетiлген шетелдiк мамандарға еңбекақы төлеу шарттары ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.

  2. Еңбекақы төлеу шарттары

      6. Ұйымның басшы қызметкерлерi жалақысының мөлшерi орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, атқарып отырған лауазымына, өндiрiстiң (бизнестiң) ерекшелiктерi мен ауқымына және оларға байланысты қатерлерге, еңбектiң салалық ерекшелiгiне, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлi мен орнына қарай сараланған түрде айқындалады және ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен белгiленедi.

      7. Ұйымның басшы қызметкерлерiнiң өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық қызығушылығын күшейту үшiн бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу жүргiзiледi.

      8. Бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшерi әрбiр басшы қызметкердiң қызметiн бағалауға деген жеке тәсiл негiзiнде айқындалады және ұйымның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызметi жоспарының) сапалық және сандық көрсеткiштерiне байланысты.

      9. Ұйымның басшы қызметкерлерiне бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.

      10. Басшы қызметкерлерге бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудит жасалған қаржылық есептiлiк негiзiнде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн қаржы жылының нәтижелерi бойынша төленедi.

      11. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi", "ҚазАгро" ұлттық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының, сондай-ақ акцияларының пакеттерiн мемлекет жоғарыда айтылған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына берген акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң жалақысы мен бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақысының шектi мөлшерi тиiстi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мамандандырылған Кеңестердiң ұсынымдары негiзiнде ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.

      12. Басшы қызметкердiң орташа жалақысын есептеу бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақыны есептемей Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      13. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн белгiлеу кезiнде ұйымның Директорлар кеңесi осы Үлгi ереженi басшылыққа алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады