Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 376 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың,
шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесінде:
"Мемлекеттік ұйымдар:" деген бөлім мынадай мазмұндағы 76-3-тармақпен толықтырылсын:
"76-3. Абу-Даби муниципалитеті";
"Шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы 154-тармақпен толықтырылсын:
"154. Заид Бин Сұлтан әл-Нахаян атындағы қайырымдылық-ізгілік ұйымы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі