Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1.«"2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 292-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының реттік нөмірі 3-жолының бірінші сөйлемі»"саласында" деген сөзден кейін»", дәрілік заттар айналымы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі