Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 мамырдағы N 391 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген 4-бөлімде:
      "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы 128" деген жолдағы "128" деген сандар "221" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы 179" деген жолдағы "179" деген сандар "195" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы 63" деген жолдағы "63" деген сандар "88" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Орал обаға қарсы күрес станциясы 301" деген жолдағы "301" деген сандар "316" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы 250" деген жолдағы "250" деген сандар "270" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы 107" деген жолдағы "107" деген сандар "112" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы 104" деген жолдағы "104" деген сандар "124" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы 182" деген жолдағы "182" деген сандар "204" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 63" деген жолдағы "63" деген сандар "103" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 55" деген жолдағы "55" деген сандар "92" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген 6-бөлімде:
      "Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты, Орал қ., 165" деген жолдағы "165" деген сандар "203" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген 7-бөлімде:
      "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы 19" деген жолдағы "19" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жидебай-Бөрілі" Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы 74" деген жолдағы "74" деген сандар "82" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы 100" деген жолдағы "100" деген сандар "115" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" деген 11-бөлімде:
      "Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1136" деген жолдағы "1136" деген сандар "8560" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады