Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласы, Алматы ауданы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, N 35 көше, N 6 үй, 10-бөлік мекен-жайы бойынша орналасқан және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы үшін "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алынған әкімшілік ғимаратты оның орналастырылатын акцияларын төлеуге берсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі