Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 420 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде:
      19.6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде;
      қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте;";
      1-қосымшаның тақырыбындағы»23457-86 ГОСТ-ы" деген сөздер»"ҚР СТ 1412-2005" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жол белгілері және оның сипаттамалары (ҚР СТ 1124-2003 және ҚР СТ 1412-2005 бойынша)";
      "Көлденең белгі" деген 1-бөлімнің 1.1-тармағындағы сілтемедегі»"13508-74 ГОСТ-қа" деген сөздер»"ҚР СТ 1124-2003" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерінде:
      қосымшада:
      барлық мәтін бойынша "СТ ҚР Р 51709-2003" деген сөздер»"ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспедегі»"Техникалық жай-күйіне қойылатын қауіпсіздік талаптары және тексеру әдістері" деген сөздер "Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады