"Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 426 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
       1.   Маңғыстау облысының құрамында әкімшілік орталығы Маңғыстау
ауылында болатын Мұнайлы ауданы - әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады