Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 440 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 259 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 № 1642 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 № 1642 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы»30 мамырдағы
N 440 қаулысымен 
бекітілген   

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру
қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 № 1642 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.
      Осы Қағидалар мемлекеттік меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін регламенттемейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар.
      2) өтініш беруші – мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына куәлік алу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
      3) сараптама комиссиясы – облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы құрайтын мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі комиссия;
      4) сараптама – сараптама комиссиясының уақытша әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын айқындау мақсатында өткізетін рәсімі;
      5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы – Қазақстан Республикасынан әкетілетін заттың мәдени құндылығын белгілейтін мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы беретін белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі - қорытынды);
      3. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығы үшін алты айдан аспайтын мерзімге мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беретін куәлікті (бұдан әрі – куәлік) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары береді.
      Кедендік одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерге мәдени құндылықтарды уақытша әкету куәлік негізінде жүзеге асырылады.

2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібі

      4. Куәлікті алу үшін өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар;
      3) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      4) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы шартының көшірмесі;
      5) мәдени құндылықтың А-5 үлгісіндегі алдыңғы және артқы жақтары шолынған екі фотосуреті;
      6) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      7) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына сараптамаға ұсынылған зат(тар) қабылдау және беру журналына тіркеледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарының жауапты тұлғасы өтініш пен ұсынылған зат(тарды)ты сараптама комиссиясына сараптамаға жолдайды.
      6. Сараптама комиссиясы ұсынылған құжаттар мен заттардың сараптамасын тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызын айқындау, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау материалы мен техникасын, мөлшерін (салмағын), өзгеше ерекшеліктерін, сақталу жағдайын жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырады.
      7. Сараптама қорытындысының негізінде сараптама комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресімдейді.
      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы оң шешім қабылдаса, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік, ал теріс шешім қабылдаған жағдайда – дәлелденген бас тартуды жазбаша нысанда береді.
      9. Куәлік беруден бас тартуға:
      1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі;
      2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
      3) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының осы Қағидалардың  3-тармағымен сәйкес келмеуі;
      4) затта мәдени құндылықтың жоқ болуы туралы қорытынды.
      10. Куәлік немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде беріледі.
      Сараптамаға ұсынылған зат(тар) өтініш берушіге қабылдау және беру журналына белгі қойып, қайтарылады.
      11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлікті немесе куәлікті беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап куәлік берілді деп есептеледі.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы куәлік беру мерзімдері өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті куәлікті береді.

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру
қағидаларына      
1-қосымша       

Нысан
____________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қала мен
____________________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)

ӨТІНІШ

Мәдени құндылықтарды 1) _____________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
5) ________________________________________________________мақсатында
_____________________________________________________________________
              (елдің атауы және орналасқан жері)
уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз.
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректері:__________________________________________
(Т.А.Ә. туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қолы__________________                 Күні __________________

      М.О.

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру
қағидаларына      
2-қосымша       

_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі
сараптама комиссиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

№ ____

      _____________ қаласы                     «___» _______ 20___ ж.

1. Өтініш беруші_____________________________________________________
                   (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің деректері:_______________________________________
                      (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
          оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)_____________________________________________________________________3. Өтініш берушінің қызметі: ________________________________________
4. Әкетудің (уақытша әкетудің) мақсаты: _____________________________
5. Сараптамаға _____________________________________________ ұсынылды
                       (заттың атауы, жазбаша саны)
6. Заттың сипаттамасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
(түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және орындалу техникасы,
_____________________________________________________________________
                      өлшемі, салмағы, сақталуы)
Қорытынды: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (мәдени құндылығы бар немесе жоқ,
_____________________________________________________________________
             уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)

Сараптама комиссиясының                Комиссия мүшелері:
төрағасы:                             ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.)         ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.)         ____________________ (Т.А.Ә.)
М.О.

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру 
қағидаларына      
3-қосымша       

_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК

қаласы ______                №                 «___» ______ 20 ___ ж.

1. Өтініш беруші ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Өтініш берушінің деректері: ______________________________________
                      (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
      оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі _________________________________________
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
_____________________________________ № ____ 20____ ж. «___» ________
1)___________________________________________________________________
                      (мәдени құндылықтың атауы)
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
__________________________________________________________ мақсатында
_____________________________________________________________________
             (елдің атауы және ұйымның орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
200 __ж. «____» ______________ 20___ж. «______»___________ мерзіміне
Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.

Уәкілетті тұлға _____________________________________________________
                                   (Т.А.Ә. және қызметі)

М.О.                                    Қазақстан Республикасы
                                        кеден органдарының белгісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады