Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 259 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 519-құжат).
      3. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 801 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 48, 434-құжат).
      5. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 200-құжат).
      6. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 85-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 421-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 3-тармағы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы 1115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.
      9. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 69, 918-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады