"Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 445 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының әдебиет , өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы

      Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыйлық туралы ереже бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2007 жылғы "___"________
N_____ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет
саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы ереже

      1. Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) отандық мәдениетті дамытуға қосқан бағалы үлес деп танылған әдебиет, өнер және сәулет саласындағы үздік жұмыстар үшін мемлекеттік ынталандыру нысаны болып табылады.
      2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті
2008 жылдан бастап екі жылда бір рет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне үш номинация мөлшерінде береді.
      Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда табыс етеді.
      3. Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ережені және оның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Комиссия қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін кемінде бес жыл бұрын және бір жылдан кешіктірмей көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылуы мүмкін.
      Жұмыс Мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.
      Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын алушылар ұжымы 3 адамнан аспауға тиіс.
      Бұрын Мемлекеттік сыйлыққа ие болған жұмыстардың авторлары Мемлекеттік сыйлық алуға жаңа жұмыстарды, бірақ кемінде бес жылдан кейін ұсына алады.
      Авторлар ұжымының құрамына кіретіндерді қоспағанда, жұмыстардың авторлары Мемлекеттік сыйлық алуға қайтыс болғаннан кейін ұсынылмайды.
      5. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды ұсынуды Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары, шығармашылық одақтары мен басқа да ұйымдары жүргізеді.
      6. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия сыйлық берілетін жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды.
      Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыру және алдын ала іріктеу туралы шешімді Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
      Комиссия беретін жылдың 1 қазанына дейін қоғамдық пікірді ескере отырып, жұмыстарды қарау нәтижелері бойынша Мемлекеттік сыйлықты беруге кандидаттар жөнінде шешім шығарады.
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Комиссия ұсынымдарының негізінде беретін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік сыйлықты беретін жылдың 20 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік сыйлықты беру туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      7. Мемлекеттік сыйлықты беру оған ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атағын беруді, дипломды, кеуде белгісін, белгіленген үлгідегі куәлікті тапсыруды және ақшалай сыйақы төлеуді білдіреді.
      Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерін олар берілетін жылы және республикалық бюджетте мәдениетке көзделген сома шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Мемлекеттік сыйлық авторлар ұжымына берілген кезде сыйлықтың ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді.
      Дипломның, кеуде белгісінің және оған берілетін куәліктің үлгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Дипломдардың бланкілерін, кеуде белгілерін, куәліктерді дайындауға, Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға, Комиссия қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады