Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер- Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 9, 10-құжаттар; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж.,N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын бұзу
1. Маманның конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде жол берілген мемлекеттік сатып алу туралы заңдардың талаптарын қасақана бұзуы,-
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта
жасалған осы баптың үшінші бөлімінде көзделген іс-әрекет (әрекетсіздік), -
маманға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сатып алуды ұйымдастырушының ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған немесе жабық конкурста қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілген күннен бастап мүдделі ықтимал өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне конкурстық құжаттаманың көшірмелерін бермеуі, сол сияқты конкурстық құжаттаманы өзгерту және өзгертілген конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру тәртібін бұзуы,-
лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта
жасалған осы баптың бесінші бөлімінде көзделген іс-әрекет (әрекетсіздік), -
лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту мерзімін бұзуы, -
лауазымды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімді, уақыт пен орынды бұза отырып ашу,-
лауазымды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта
жасалған осы баптың жетінші және сегізінші бөлімдерінде көзделген іс- әрекет (әрекетсіздік), -
лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сұрау салу жіберу, сондай-ақ конкурс комиссиясының конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде берілген құжаттарды ауыстыруға бағытталған іс-әрекеті, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруі, -
лауазымды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта
жасалған осы баптың оныншы бөлімінде көзделген іс-әрекет, -
лауазымды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Ықтимал өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы заңдарда көзделмеген біліктілік талаптарды қою, сол сияқты ықтимал өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы заңдарда көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп негізсіз танудан көрінген ықтимал өнім берушілерді іріктеу тәртібін бұзу, -
лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған осы баптың он екінші бөлімінде көзделген іс-әрекет, -
лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сарапшының көрінеу жалған сараптау қорытындысын жасауы, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған осы баптың он төртінші бөлімінде көзделген іс-әрекет, -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Мемлекеттік сатып алу процесін реттеу жөніндегі уәкілетті органға ықтимал өнім берушінің біліктілік талаптар жөнінде дұрыс емес ақпарат беру фактілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған ықтимал өнім беруші туралы мәліметтерді уақтылы бермеу, -
лауазымды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған осы баптың он алтыншы бөлімінде көзделген іс-әрекет,-
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Мемлекеттік сатып алу процесін реттеу жөніндегі уәкілетті органға ықтимал өнім берушінің біліктілік талаптар жөнінде дұрыс емес ақпарат беру фактілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған ықтимал өнім беруші туралы мәліметтерді уақтылы бермеу, сол сияқты ықтимал өнім берушінің біліктілік талаптар жөнінде дұрыс емес ақпарат бергені туралы көрінеу жалған ақпарат беру,-
лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған осы баптың он сегізінші бөлімінде көзделген іс-әрекет
(әрекетсіздік), -
лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғалар деп сатып алуды ұйымдастырушының басшысын және (немесе) оның тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты орынбасарын түсінген жөн; осы баптың алтыншы, сегізінші бөліктерінде конкурстық комиссияның төрағасын және (немесе) оның орынбасарын түсінген жөн; осы баптың оныншы бөлігінде конкурстық комиссияның мүшелерін түсінген жөн; осы баптың он төртінші және он алтыншы бөліктерінде тапсырыс берушінің басшыларын не сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және (немесе) оның орынбасарларын түсінген жөн.".
2) 571-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган
1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.";
3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:
"ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның (356-бап);".
2. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж.,N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):
көрсетілген Заңға қосымшаның 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары:
Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңдарының сақталуын бақылау".
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті