"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 486 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж.,N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "4842,3" деген сандар "5440,4" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің 
2007 жылғы N   Жарлығына
ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығымен бекітілген
"Астана - жаңа қала" 
арнайы экономикалық 
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША       

"Астана-жаңа қала"
арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

      "Астана - жаңа қала" АЭА аумағы S=5440,4 га

(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады