"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі»"Астана қаласының индустриялық-инновациялық даму орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қатысудың 100% мөлшеріндегі мемлекеттік үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестікке қатысудың мемлекеттік үлесіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен»"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және серіктестікке қатысудың мемлекеттік үлесін беру жолымен орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі