Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру мен нысаналы мақсатқа пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше
реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік
комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы
N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын
ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру мен нысаналы мақсатқа пайдалану мақсатында құрылды.
3. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік комиссия төрағадан, екі орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
5. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
6. Мемлекеттік комиссияның міндеттері Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін нысаналы мақсатқа пайдалануды ретке келтіру болып табылады.
7. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін пайдалану
мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Мемлекет басшысына енгізу;
2) аса маңызды объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін таңдау бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрақты жұмыс істейтін бірлескен комиссияларының (бұдан әрі - комиссия) есептерін қарау.
8. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
1) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық мемлекеттік және Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарынан сұратуға;
2) өз отырыстарында комиссияның, сондай-ақ жергілікті атқарушы
органдардың есептерін тыңдауға;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
9. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
10. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссияның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
11. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы
мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия
мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып
табылады.
12. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
13. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентін Мемлекеттік комиссияның істеген жұмысы туралы жарты жылда кемінде бір рет хабардар етеді.
14. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның
орынбасарларының бірі атқарады.
15. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты
мен орны туралы хабардар етеді;
2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
4) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, оның төрағасына істелген жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті береді;
5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
16. Орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауында оған жәрдем көрсетуге міндетті.
17. Алматы қаласының әкімдігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы
N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын
ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төраға
Тасмағамбетов - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Үмбетов - Алматы облысының әкімі, төрағаның
Серік Әбікенұлы орынбасары
Заяц - Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
Яков Игнатьевич хатшы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдәұлы ортаны қорғау министрі
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице
Дәулет Еділұлы -министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Бердібек Мәшбекұлы және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі
Оспанов - Қазақстан Республикасы Жер
Бақыт Сағындықұлы ресурстарын басқару агенттігінің
төрағасы