Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражаты бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 маусымдағы N 524 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының»"Павлодарэнергосервис"» акционерлік қоғамының пайдасына шығарылған 2003 жылғы 4 қарашадағы шешімін орындау үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген резервінен 122200569,82 теңге (бір жүз жиырма екі миллион екі жүз мың бес жүз алпыс тоғыз теңге сексен екі тиын) бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады