"Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 527 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 26-бабының 6-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалі;
      2) "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалі;
      3) "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" I, II, III дәрежелі медальдары;
      4) "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары болып белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының сипаттамасы және олармен марапаттау ережесі бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2007 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының
сипаттамасы

      1. "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалі алтын түстес металдан дайындалады және Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық- атқару жүйесінің нышаны нысанында болады.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері мен ортасындағы шеңбері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаға алтын түстес қалықтаған қыран кескіні тігіледі.
      Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
      Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (1-қосымша).
      2. "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалі асыл түр беретін алтын түстес металдан дайындалады және Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны нысанында болады.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның жоғарғы шетінен тігілген алтын түстес ұлттық нақыш орналасқан.
      Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
      Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (2-қосымша).
      3. I, II, III дәрежелі "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі алтынға сәйкес металдан дайындалады, күміс және қола түстес және домалақ нысанда болады.
      Медальдің беткі жағының ортасында Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер және жазулар бедерлі. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен ашық көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған, тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында тігілген I, II, III дәреже белгілері орналасады.
      Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
      Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (3-қосымша).
      4. "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі алтын түстес металдан дайындалады және домалақ нысанда болады.
      Медальдің беткі жағының ортасында Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің алтын түстес нышаны орналасқан. Шеңбер айналасында қаракөк түсте жапырақшалар нысанындағы алтын түстес күн сәулелері орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
      Медальдің артқы жағында шеңбер бейнеленген, оның айналасында қара көк түсте жапырақшалар нысанындағы алтын түстес күн сәулелері орналасқан.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қара көк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған, тік бұрышты тағанға жалғанады.
      Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
      Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (4-қосымша).

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы N Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет  
органдарының қылмыстық-атқару  
жүйесі медальдарының сипаттамасына
1-ҚОСЫМША             

"Қызметте үздік шыққаны үшін"
медалінің графикалық бейнесі

(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы N Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет  
органдарының қылмыстық-атқару  
жүйесі медальдарының сипаттамасына
2-ҚОСЫМША            

"Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері"
медалінің графикалық бейнесі

(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы N Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет  
органдарының қылмыстық-атқару  
жүйесі медальдарының сипаттамасына
3-ҚОСЫМША              

"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалінің графикалық бейнесі

I дәреже                     II дәреже             III дәреже

(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы N Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет  
органдарының қылмыстық-атқару  
жүйесі медальдарының сипаттамасына
4-ҚОСЫМША            

"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"
медалінің графикалық бейнесі

(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2007 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесінің медальдарымен марапаттау
ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі - ҚАЖ қызметкерлері) медальдармен марапаттау тәртібін айқындайды.
      2. "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалімен қызметі бойынша жағымды сипатталатын, өздеріне жүктелген міндеттерін адал әрі кәсіби атқарған, бұл ретте бастамашылық пен жанқиярлық көрсеткен ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
      3. "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалімен қызметі бойынша жағымды сипатталатын әрі 25 және одан да көп күнтізбелік есептеудегі жалпы еңбек сіңірген жылдары бар ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
      4. "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі үш дәрежеден тұрады және қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 10 және одан да көп күнтізбелік есептеудегі еңбек сіңірген жылдары бар, қызметі бойынша жағымды сипатталатын, өздеріне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби атқарған ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
      I дәрежелі "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен 20 жыл қызметі үшін ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
      II дәрежелі "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен 15 жыл қызметі үшін ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
      III дәрежелі "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен 10 жыл қызметі үшін ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
      "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі III дәрежеден I дәрежеге дейін кезекпен жүргізіледі.
      5. "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық- атқару жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының ғалымдары, қоғам және саяси қайраткерлері, өзге де адамдар марапатталады.
      6. Қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының басшысы медальдармен марапаттау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Әділет министріне енгізеді.
      7. Медальдармен марапаттау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен жүргізіледі.
      8. Медальдарды тапсырған кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қойған тиісті куәлік беріледі.
      9. Медальдарды тапсыру, тағу және есепке алу тәртібін, сондай-ақ куәліктердің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады