Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 628 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.14 N 713 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.14 N 713 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 557 қаулысымен 
бекітілген   

       Ескерту. Тізбенің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.14 N 713 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық
түрлерінің тізбесі 1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың
тізбесі

Атмосфералық ауаны ластайтын заттар

      1. Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары.
      2. Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары.
      3. Оттегі тотығы.
      4. Ұшпалы органикалық қосылыстар.
      5. Металдар мен олардың қосылыстары.
      6. Тотияйын мен оның қосылыстары.
      7. Цианидтер.
      8. Хлор және оның қосылыстары.
      9. Фтор және оның қосылыстары.
      10. Шекті көмірсутегілер.
      11. Меркаптандар.
      12. Күкіртті сутегі.
      13. Қара көміртегі (күйе).
      14. Шаң-тозаң, соның ішінде құрамында асбест бар (өлшемді бөлшектері, талшықтары).
      15. Полихлорлы дибензодиоксиндер мен полихлорлы дибензофурандар.
      16. Елді мекендердің атмосфералық ауасында шекті рұқсатты шоғырлануының (бұдан әрі - ШРШ) және әсер етудің бағдарлы қауіпсіз деңгейіне (бұдан әрі - ӘБҚД) Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.

Суды ластайтын заттар

      1. Галогендердің органикалық қосылыстары және суда осы
қосылыстарды құрауы мүмкін заттар.
      2. Фосфордың органикалық қосылыстары.
      3. Қалайының органикалық қосылыстары.
      4. Металдар мен олардың қосылыстары.
      5. Көмірсутегілер мен олардың қосылыстары.
      6. Цианидтер.
      7. Тотияйын мен оның қосылыстары.
      8. ШРШ немесе ӘБҚД белгіленген пестицидтер (улы химикаттар).
      9. Өлшемді заттар мен суспензиялар.
      10. Эфтрофизацияға әсер ететін заттар (нитраттар мен фосфаттар).
      11. Оттегі теңгеріміне қолайсыз әсер ететін заттар.
      12. Мәдени-тұрмыстық, шаруашылық-ауыз су және балық шаруашылығы су пайдалану су объектілеріндегі ШРШ және ӘБҚД Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.

2. Қалдықтар орналастыру нормативтері белгіленетін қалдықтар
түрлерінің тізбесі

      1. Коммуналдық қалдықтар.
      2. Өнеркәсіптік қалдықтар.
      3. Радиоактивті қалдықтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады