"Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия Универститетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 шілдедегі N 564 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

  Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан
Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия
Университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа Қазақстан Республикасының атынан Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою өкілеттігі берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2007 жылғы " " маусымдағы 
   N ___ Жарлығымен    
    мақұлданған       

  Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан
Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия
Университетін құру жөніндегі шартқа
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ

      Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы (бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын), Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасында Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартта (бұдан
әрі - Шарт) қолданылатын терминдерді біркелкі қолдану мақсатында, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шартта және Орталық Азия Университетінің Жарғысында (Шартқа А қосымшасы) пайдаланылатын»"салық" деген термин қазақстандық Тарап үшін Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларымен белгіленген бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді білдіреді.

2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

3-бап

      Осы Хаттамаға Қазақстан Республикасы Қазақстан, Астана қаласында және Исмаилиттер Имаматы Француз Республикасы, Париж қаласында, қол қойылған данасын басқа Тарапқа кейіннен қол қоюға  жіберу арқылы бір жақты тәртіппен қол қойылуы мүмкін. Осы Хаттамаға
қол қойылған күн болып, оған соңғы қол қойған Тараптың қол қою күні есептеледі.

4-бап

      Осы Хаттама Исмаилиттер Имаматы Қазақстан Республикасының оны ратификациялау туралы қазақстандық Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.

5-бап

      Осы хаттама екі данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей күшке ие. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру барысында алшақтық туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасынан        Исмаилиттер Имаматынан  
       Қала:     Күні:                     Қала:     Күні:

     РҚАО-ныңескертуі: Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні беріліп отыр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады