"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 578 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы
мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4- құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат):
      1) 80-бапта:
      1-тармақ "Жауапкершілігі" деген сөздің алдынан "Осы Кодекспен көзделген реттерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөлімі "құжаттарында" деген сөзден кейін "немесе заңнамалық актілерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлімнің бірінші сөйлемі "Жауапкершілігі" деген сөздің алдынан "Осы Кодекспен көзделген реттерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 193-1 баппен толықтырылсын:
      "193-1. Стратегиялық объектілер.
      1. Қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін әлеуметтік- экономикалық маңызы бар және онымен иелену, пайдалану және оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық объект болып табылады.
      2. Магистральдық темір жол желілері; магистральдық мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр желілері; магистральдық байланыс тораптары; ұлттық почта желісі; халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз жүрісін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер, атом энергиясын пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері), сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей және жанама айқындауға мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілер тізбесіне қосылуы мүмкін.
      Жанама тиістілік басқа заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлесі) әр аффилиирленген тұлғаға тиісті екенін білдіреді.
      Стратегиялық объектілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
      3. Стратегиялық объектілерді үшінші тұлғалардың құқықтарына жүктеу не оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен мүмкін болады.
      4. Стратегиялық объектілер жеке меншікте болған жағдайда және меншік иесінің осы объектіні сату ниеті болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектілерді нарықтық құны бойынша сатып алудың басым құқықтарына ие болады.
      Стратегиялық объектілердің нарықтық құны бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектілерді сатып алуының басым құқықтарын пайдалану тәртібі заңнамамен белгіленеді.
      5. Егер стратегиялық объектінің меншік иесі осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптарын бұзса, мұндай мәмілелер оларды жасаған сәтінен бастап жарамсыз деп танылады.";
      3) 216-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы баптың ережелері стратегиялық объектілерді иеліктен шығару кезінде қолданылмайды.".
      2. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат):
      31-баптың 1-тармағының бірінші сөйлемі "Жауапкершілігі" деген сөздің алдынан "Заңнамалық актілерде көзделген реттерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):
      1) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) мыналардың тізбелерін қалыптастырады:
      ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың немесе олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген немесе оларда бар стратегиялық объектілердің;
      мемлекет аффилиириленбеген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы стратегиялық объектілердің;
      3-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы стратегиялық объектілер жөнінде комиссия ұсынымдарының негізінде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының мүддесіне қауіп туғызуы мүмкін стратегиялық объектілермен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      3-3) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөнінде комиссияны құрады.
      4. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Заңы "Егемен
Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр N 132-135 (24710) газетінде жарияланған):
      14-баптың 1-тармағының 9)-тармақшасы "осы" деген сөздің алдынан "заңнамалық актілерде көзделген реттерді қоспағанда,".
      5. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 21-22, 150-құжаттар; 2007 ж., N 2, 14-құжат):
      13 баптың 16 тармақшасы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      13-баптың 16) тармақшадағы "ұсынымдары," деген сөзден кейін "оның ішінде стратегиялық объектілерді иелену және/немесе пайдалану және/немесе билік етуді жүзеге асырудың заңдылығы мен орындылығы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады