"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі N 586 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 мамырдағы N 387 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы кері қайтарылып, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; 2007 ж., 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат;):

      1) 14-баптың екінші бөлігінде:
      екінші сөйлемде "немесе прокурордың" деген сөз алып тасталсын: екінші сөйлемде "прокурордың" деген сөз "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 59-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) тергеуші, анықтау органы, прокурор сезіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауда ұстау түрінде таңдаған бұлтартпау шарасына санкция беруге және олардың
мерзімдерін ұзартуға құқығы бар.";

      3) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "110-бап. Сезіктіні, айыпталушыны қамау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау және қамауға алу мерзімдерін ұзарту туралы, қамауға санкция беруден бас тарту немесе қамау мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы сот шешіміне шағымдану
      1. Сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, жәбірленуші және оның өкілі шағымдануға құқылы және прокурор қаулы шығарған соттың судьясы арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа оның жарияланған күнінен бастап үш тәулік ішінде қамауға алу түріндегі
шараларды санкциялау және қамауға алу мерзімін ұзарту, қамауға санкция беруден бас тарту немесе қамау мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына наразылық білдіреді. Шағым әкелу, егер анықтау органы, тергеуші немесе прокурор мұны қажет деп таппаса, ол шешілгенге дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының қолданылуын тоқтата тұрмайды және адамды қамаудан босатуға әкеп соқпайды. Шағымдану мерзімі өткеннен кейін наразылықпен бұл туралы күдіктіге, айыпталушыға, қорғаушыға, заңды
өкіліне, жәбірленушіге және прокурорға хабардар етіле отырып, облыстық және оған теңестірілген апелляциялық сот сатыларына дереу жіберіледі.
      2. Облыстық немесе оған теңестірілген сот құрамында үш соттан кем емес судьялар қылмыстық іс сотқа түскен сәттен бастап үш тәуліктен кешіктірмей, сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану немесе қамауға алу мерзімін ұзарту ретінде қолдану туралы сот шешімінің заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
      3. Сот отырысына міндетті түрде прокурор және айыпталушының (сезіктінің) қорғаушысы қатысады. Отырысқа сондай-ақ қорғаушы, айыпталушының (сезіктінің) оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі, тергеуші, анықтаушы қатыса алады, алайда шағымның қаралатын күні туралы уақытында хабарландырылған кезде олардың дәлелді себептерсіз келмеуі соттың қарауына кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайда судья отырысқа сезіктінің, айыпталушының қатысуын қамтамасыз етеді.
      4. Судья тараптардың дәлелдерін тыңдап, іс материалдарын қарай келіп, судья мынадай:
      1) аудандық (қалалық) немесе оған теңестірілген күшінде қалған судьялардың қаулыларын қалдыру туралы;
      2) аудандық (қалалық) немесе оған теңестірілген соттардың судьяларының, не олар таңдаған бұлтартпау шараларын барынша қатаңына өзгертуді тоқтата отырып қаулыларын қалдыру туралы;
      3) аудандық (қалалық) немесе оған теңестірілген соттың қаулыларын тоқтату және айыпталушының қамауға алу мерзімдерін ұзарту туралы;
      4) аудандық (қалалық) немесе оған теңестірілген соттың қаулыларын тоқтату және айыпталушының қамауға алу мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы.
      Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысы түпкілікті болып табылады, шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды.
      5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың шағымы қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда белгілі бір адамды нақ сол іс бойынша, нақ сол негіз бойынша қамауға алу мерзімі жаңадан әрбір ұзартылуы кезінде шағымының қайталап қаралуға құқығы бар.";
      4) 111-баптың атауында және бірінші бөлігінде "Прокурордың", "Прокурор" деген сөздер тиісінше "Соттың", "Сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 136-баптың үшінші бөлігінде "прокурор" деген сөзден кейін "сот" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 142-баптың екінші бөлігінде:
      екінші сөйлемде "прокурорға" деген сөзден кейін "және сотқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлемде "және прокурорға" деген сөздер "прокурорға және сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 148-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кепіл сезіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органның депозитіне сезікті атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады. Кепілдің
сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды.";
      8) 149-бапта:
      бірінші бөлікте "прокурордың санкциясымен не" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөлікте "153" деген цифрдан кейін "және 496-499" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 150-бапта бірінші бөлікте:
      "прокурордың санкциясымен" деген сөз алып тасталсын:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тергеуші, анықтау органы, прокурор анықтаушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау қажет болған кезде осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады. Қаулыда айыпталушыны (сезіктіні) күзетпен ұстау қажеттігі туындаған себептер
мен негіздер баяндалуы тиіс. Қаулымен бірге аталған бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігін растайтын материалдар қоса беріледі. Осы Кодекстің 132, 134-баптарындағы тәртіппен ұсталған айыпталушыға не сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы:
      1) Осы баптың ережелеріне сәйкес осы Кодекстің 142-бабындағы тәртіппен бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған ұстау не қамау мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей айыпталушыны қамауға алуды санкциялау туралы шешім қабылдау үшін осы
қаулыны оның келісім беруі және сотқа жолдауы үшін прокурорға;
      2) осы баптың ережелеріне сәйкес осы Кодекстің 142-бабындағы тәртіппен бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған ұстау не қамау мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей айыпталушыны қамауға алуды санкциялау туралы мәселені қарау үшін
сотқа ұсынылады.";
      үшінші бөлікте "прокуратураға", "прокурордың" деген сөздер "соттың", "қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын санкциялау қажеттігін растайтын материалдары сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттың судьяларға жататын қамауға алуға санкция беру құқығы.
      5. Прокурор заңда көзделген негіздер болған кезде және осы Кодекстің 139-бабында көзделген зардаптарды болдырмау мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа неғұрлым жұмсақ бұлтартпау шарасын таңдау жолымен сезіктіні қамауға алуға санкция және айыпталушыны қамауға алуға келісім береді. Прокурор сезіктіні қамауға алуға санкция беру
және айыпталушыны қамауға алуға келісім беру туралы мәселені шешу кезінде қамауда ұстау үшін негіз бар барлық материалдармен мұқият танысуға міндетті және сезіктіден, айыпталушыдан жауап алуға құқылы. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы мен қамауға алу үшін негіздер бар материалдарды қарап прокурор сезіктіге және айыпталушыға бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алуды қолдану туралы санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Прокурор айыпталушыны қамауға алуға келісім беруден бас тартқан жағдайда, соңғысы дереу қамаудан босатылуға тиіс.
      6. Сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жабық сот отырысында прокурор мен сезіктінің, айыпталушының және қорғаушының міндетті түрде қатысуымен іс сотқа түскен сәттен бастап алты сағат ішінде судьяның
жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына қорғаушы, кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілі, тергеуші, анықтаушы қатысуға құқылы, сот отырысының уақыты туралы уақытылы және тиісті түрде хабарланған сотқа дәлелсіз себептермен келмей қалу қаулыны қарауға
кедергі болып табылмайды. Отырыс басталарда судья қандай өтініштің қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, содан кейін прокурор қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау қажеттілігін
негіздейді, сосын сот отырысына келген басқа да адамдарды тыңдайды. Айыпталушыны қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыны қарап, судья мына қаулылардың бірін қабылдайды:
      1) сезіктіні, айыпталушыны қамауға алуды санкциялау туралы;
      2) сезіктіні, айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тарту және тергеуші, анықтау органы таңдаған бұлтартпау шарасын жою немесе барынша қатаңына өзгерту туралы.";
      жетінші бөлікте:
      "санкция беруден", "санкция", деген сөздер "келісім беруден", "келісім", деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде:
      "судья" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "7.1 Сот осы бұлтартпау шарасын судья бұл бұлтартпау шарасын бұзғаннан кейін нақ сол адамды, нақ сол қылмыстық іске қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухат бере отырып, сотқа қайталап өтініш жасау сол адамды қамауға алу қажеттілігін негіздейтін жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана мүмкін болады.";
      тоғызыншы бөлікте:
      екінші сөйлемде "Прокурор мен" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл жағдайда айыпталушы (сезікті) келісілген сома атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның іс жүзінде депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы
атқарылуға беріледі.";
      "прокурордың, соттың қаулысы" деген сөздер "соттың шешімі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      оныншы бөлікте ", прокурор" деген сөз алып тасталсын;

      10) 152-бапта "санкцияландырған", "санкция берген" деген сөздер "бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "153-бап. Қамауға алудың мерзімдері, оларды ұзарту тәртібі
      1. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алу мерзімі осы Кодексте көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспайды.
      2. Тергеуді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе жою үшін негіз болмаған кезде бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурормен және оларға теңестірілген әскери және өзге де прокурорлармен келісілген тергеушінің дәлелді өтініші бойынша аудандық сот судьясы және оған
теңестірілген судьялар - үш айға дейін, ал облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген тергеушінің дәлелді өтініші бойынша аудандық сот судьясы және оған теңестірілген судьялар - алты айға дейін ұзартуы мүмкін.
      3. Қамауға алуды алты айдан астам мерзімге ұзартуды тек істің ерекше күрделілігіне орай облыс прокурорымен және олармен теңестірілген прокурорлармен келісілген тергеу бөлімі бастығының дәлелді өтініші бойынша аудандық соттың және оған теңестірілген
соттың судьясы - тоғыз айға дейін жүзеге асыра алады.
      4. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзартуға облыс прокурорымен және онымен теңестірілген прокурорлармен келісілген тергеу бөлімі бастығының дәлелді өтініші бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығына айыпталған адамдарға қатысты ерекше
жағдайларда аудандық және оған теңестірілген сот судьялары - он екі айға дейін рұқсат етеді. Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурорлардың қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзартуға келісім беруі туралы мәселе облыс прокуратурасының және оған
теңестірілген прокуратураның алқасында қаралады.
      5. Қамауға алу мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, қамауға алынған айыпталушы дереу босатылуға жатады. Қамауға алу мерзімі айыпталушыға айып тағылған қылмысты жасағандығы үшін қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары
мерзімінен аспауға тиіс.
      6. Қамауға алу мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтініш аудандық, қалалық прокурорға және оларға теңестірілген әскери және өзге де прокурорларға қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он тәуліктен кешіктірілмей келісім беру үшін табыс етіледі және ол прокурор өтініш келіп түскен сәттен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды. 
      7. Қамауға алуды үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтініш прокурорға қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он бес тәуліктен кешіктірілмей келісім беру үшін табыс етіледі және прокурор ол келіп түскен сәттен бастап он бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.
      8. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарап прокурор келісімін білдіреді және оны қамауға алу мерзімін ұзартудың негізділігін дәлелдейтін қылмыстық іс материалдарымен тиісті сотқа дереу жолдайды немесе өтініштің бұрыштамасына жазбаша түрде келісім беруден негізді бас тартады. Прокурор қамауға алу мерзімін ұзарту
туралы өтінішті қолдамаған жағдайда, айыпталушы қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.
      9. Қамауға алу мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтініш сотқа қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейінгі жеті тәуліктен кешіктірілмей, қамауға алуды үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтініш - он тәуліктен кешіктірмей табыс етіледі.
      10. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті судья жабық отырыста жеке-дара қарайды. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа қорғаушы, айыпталушының заңды өкілдері де қатыса алады, алайда уақытылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы сотта қаралуына кедергі бола алмайды. Қажет болған жағдайда судья айыпталушының отырысқа қатысуын қамтамасыз етеді.
      11. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қалдыру қажеттілігі мәніне енгізілген өтініш бойынша тараптардың уәждерін тыңдап, судья мынадай негізді қаулылардың бірін қабылдайды:
      1) айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандыру туралы;
      2) айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас Тарту және бұлтартпау шарасын жою немесе барынша жұмсағына өзгерту және айыпталушыны қамаудан босату туралы.
      12. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген судьялардың өтініш келіп түскен күннен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарауына жатады.
      13. Қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы айыпталушыны қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлайды. Егер бұлтартпау шарасы
ретінде заңмен белгіленген қамауға алу мерзімі аяқталғанда айыпталушыны босату туралы не бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе осы шешім туралы хабар келіп түспесе, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны
көшірмесін жиырма төрт сағаттың ішінде істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жолдайтын өзінің қаулысымен босатады.
      14. Қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың он үшінші бөлігінің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленген жауапты болады.
      15. Қамауға алудың мерзімі айыпталушы (сезікті) қамауда ұсталған кезден бастап прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Адамды сезікті психиатриялық немесе өзге медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне
есептеледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ прокурордың ҚІЖК-нің 282-бабының тәртібімен қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамауға алу мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды.
      16. Айыпталушыны (сезіктіні) сол іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөлектелінген қылмыстық іс бойынша қайта қамау жағдайында қамау мерзімі қамауда ұсталған уақыты ескеріле отырып есептеледі.
      17. Іздестірілудегі адамды шет мемлекет Қазақстан Республикасына берген жағдайда қамауға алу мерзімі оның Қазақстан Республикасы аумағына келген күнінен бастан есептеледі. Бұл ретте адамды шет мемлекеттің аумағында экстрадициялық қамау тәртібімен
қамауда ұстау уақыты оны берген жағдайда жазаны тағайындау кезінде жалпы қамауда ұстау мерзіміне есептеледі.
      18. Осы бапта белгіленген айыпталушыны қамау мерзімін есептеу мен ұзартудың тәртібі қадағалау сатыларында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімді
тоқтату және соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануы арқылы істі жаңа тергеуге бағыттау кезінде де қолданылады.
      19. Сот ол бойынша айыпталушыны қамаудың шекті мерзімі аяқталмаған, ал бұлтартпау шарасын өзгерту үшін негізі жоқ істі қосымша тергеу үшін қайтарған кезде сол сот соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қамау мерзімін бір айдың шегінде ұзартады.";

      12) 154-бапта "санкцияландырған, немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 197-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасында "және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 267-баптың үшінші бөлігінде "прокурордың санкциясы бойынша" деген сөздер "соттың шешімі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 283-бап "дәлелді қаулысымен" деген сөздерден кейін "осы Кодексте көзделген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 496-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Қылмыс жасауға айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын үйде қамауда ұстау және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген алдын ала тергеуді жүзеге
асыратын адамның қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.";
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі тергеудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Осы Кодекске сәйкес прокурор санкциялауы тиіс Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутатына қатысты тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры береді. Осы Кодекстің 153-бабында көзделген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутатына қатысты үйде қамауда ұстау және қамауға алу мерзімін ұзартуды Астана қаласының аудандық соты үш айға дейін және үш айдан алты айға, Астана қаласының соты - алты айдан тоғыз айға дейін, тоғыз айдан он екі айға дейін жүргізеді. Қамауда ұстауды тоғыз
айдан астам мерзімге ұзартуға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісім беруі туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады.";

      17) 497-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Қылмыс жасауға айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін үйде қамауда ұстау және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.";

      18) 498-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Қылмыс жасауға айыпталушы үйде қамауда ұстау және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның қаулысының негізінде Астана
қаласының аудандық сотының судьялары шешеді.";

      19) 499-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Қылмыс жасауға айыпталушы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына үйде қамауда ұстау және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.";
      төртінші бөлікте үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты үйде қамауда ұстау және қамауға алу мерзімін ұзарту осы Кодекстің 153-бабында және 496-бабының 8-бөлігінде көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының келісімімен жүргізіледі.".

      20) 534-бапта:
      бірінші бөлікте бесінші және алтыншы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табыс етілген материалдар зерттеліп, тұтқынды іздеу жарияланған адам деп санауға жеткілікті негіздер болған және осы Кодекстің 532-бабында баяндалған негіздер жоқ болған ретте прокурор аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген сот әдеттен тыс қамау
туралы өтініш енгізеді. Аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттың судьясы осы Кодекстің 150-бабында көзделген ережелер мен мерзімдерді сақтай отырып, өтінішті қарайды және келесі: әдеттен тыс қамау туралы, әдеттен тыс қамаудан бас тарту туралы қаулылардың біреуін шығарады. Судьялардың осы қаулысына шағымдану, наразылық білдіру және аппеляциялық қарау осы Кодекстің 110-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      үшінші бөлікте "хабарландырылады" деген сөз "хабарлайды" деген сөзбен ауыстырылсын, "Адамның" деген сөз "Прокурор адамның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші бөлікте "прокурор" деген сөз "сот" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлікте "облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор" деген сөздер "сот" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші бөлікте "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор" деген сөздер "сот" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тоғызыншы бөлікте "әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған" деген сөздер алып тасталсын.

      2. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15,
208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат;):
      1) 21-баптың 1-тармағы 1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 38-баптың 1-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция беруге келісім береді.
      Қажет болған жағдайларда прокурор істің мән-жайы бойынша санкция беру туралы мәселені шешу үшін санкция сұратылған адамнан жауап алуға құқылы;
      3) 39-бап алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін ҚІЖК 110-бабы үшінші және 150-баптың алтыншы бөліктерінде көзделген қорғаушының қатысу нормаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен кейін
қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады