"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша толықтрулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 шілдедегі N 588 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер   енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар, N 18, 142-құжат; N 21, 22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N
13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; 2007 жылғы 26 мамырдағы N 79 "Казахстанская правда"):

      1) 537-бапта "басшыларының" деген сөзден кейін "не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшылардың немесе өзге де лауазымды адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 571-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен оның орынбасарлары," деген сөздер алып тасталсын;
      3) 574-баптың екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары" деген сөздер "Уәкілетті органның басшысы"
деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):
      50-баптың 2-тармағы "басшысы" деген сөзден кейін ", не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы немесе өзге де лауазымды адам" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат):
      240-баптың 2-тармағы "(қазыналық кәсіпорынның) басшысы" деген сөздерден кейін ", не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы немесе өзге де лауазымды адам" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 10, 52-құжат):
      24-баптың бірінші абзацында "басшылары" деген сөзден кейін ", не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшылар немесе өзге де лауазымды адамдар," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат;
N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      1) 3-баптың 2-тармағының 7-1) тармақшасы, 4-баптың 2-тармағының 7-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 16-баптың 2) тармақшасында "орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының бұйрығы" деген сөздер алып тасталсын;
      25-баптың 2-тармағының 8-1) тармақшасы алып тасталсын;
      36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында "орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары," деген сөздер алып тасталсын.

      6. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14,
172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., 10, 56-құжат):
      6-баптың 1-тармағында "басшылары" деген сөзден кейін ", не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшылар немесе өзге де лауазымды адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат):
      1) 9-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшада ", оларды органның басшысы бекітеді;" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      "2) нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік органның даму бағдарламаларын орындау үшін жасалады.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары және даму бағдарламалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.";
      2) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Мемлекеттік органның функциялары
      Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, жүйелілік, бақылау және іске асыру деп бөлінеді:
      жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
      мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда, рұқсат құжаттарын беру, нормативтік құқықтық актілердің орындалуы бойынша талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметіне
үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар жүйелілік функциялар болып табылады;
      жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынуға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
      жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік мекемелердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қызметінің сәйкестігін тексеру мақсатында тексеру және байқау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, жүйелілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда -
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      8. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат):
      7-1-баптық 22) тармақшасы алып тасталсын.

      9. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
      7-1-баптың 1) тармақшасында "өз құзыреті шегінде", "басқа да нормативтік құқықтық актілер және" деген сөздер алынып тасталсын.

      10. "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат, N 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат, 24, 148-құжат; N 2, 18-құжат):
       9-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады