Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 594 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2022 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының хатшылығын қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бөлінген орталық ретінде тағайындалған органдар шеңберінің өзгергендігі туралы хабардар етсін.

      3. "Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1256 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 521-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы"11 шілдедегі
N 594 қаулысымен
бекітілген

Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1535 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес әзірленді және қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ қалдықтарды оның аумағы бойынша транзиттеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалдықтар – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жойылатын, жойылуға арналған немесе жойылуға тиіс заттарды немесе нәрселерді білдіреді;

      2) бөлінген орталық – Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

      4) құзыретті орган – шекаралық, көліктік және кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

      5) қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау – мұндай тасымалдау ең болмағанда екі мемлекетке қатысты болған кезде бір мемлекеттік ұлттық заңи құзыретіндегі бір ауданнан қауіпті немесе басқа да қалдықтарды басқа мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі ауданға немесе аудан арқылы не қандай да болмасын мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі емес ауданға немесе аудан арқылы кез келген орнын ауыстыру.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібі

      3. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу) мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органмен берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

      4. Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Қауіпті қалдықтарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету және Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзиттеу тәртібі туралы ережемен, сондай-ақ 2009 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2009 жылғы 9 шілдедегі Тауарлардың сыртқы сауда саласында лицензиялау ережесі туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) реттеледі.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) 1.2-бөлімінде келтірілген қауіпті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына (аумағы арқылы) Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу немесе елдерге әкету жүзеге асырылмайды.

      Әкелу және (немесе) әкету кезінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы орнын ауыстыруға шектелген қауіпті қалдықтар тізбесі Бірыңғай тізбенің 2.3-бөлімінде көзделген.

      6. Қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету, транзиттеу Базель конвенциясына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған Базель конвенциясы тарапының мемлекеттеріне және дамушы елдерге, не егер осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп болжауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік еңдіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды әкету жүзеге асырыла алмайды.

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағы арқылы) қалдықтарды әкеткен (транзиттеген) жағдайда Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болуы қажет.

      8. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде жеке және заңды тұлғалар мүдделі мемлекеттерге қауіпті қалдықтарды ұсынылатын трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты ұсынады. Мұндай ақпарат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламада көрсетіледі.

      9. Болжанып отырған қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы бөлінген орталық болып табылатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арқылы мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.

      10. Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қортындысының негізінде жүзеге асырылады.

      11. Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды (қағаз жеткізгіште) ұсынуы қажет.

      1) өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған, жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш және қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі;

      2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзгеде иеліктен шығару шартының көшірмесі;

      3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;

      4) Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар аумағына әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;

      5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;

      6) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат.

      Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін қосымша мынадай құжаттарды (қағаз жеткізгіште) ұсыну қажет:

      1) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің көшірмесі;

      2) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;

      3) қауіпті қалдықтардың паспорты;

      4) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).

      12. Қалдықтар аумағына әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімін беруге сұрау салу Базель конвенциясына сәйкес ресімделіп жіберіледі (қағаз жеткізгіште).

      13. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға арналған қорытындыны ресімдеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттар көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберілетін (тапсырылатын) тізімдеме бойынша қабылданады.

      14. Құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіні бас тарту себептерін көрсете отырып, қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды беруден бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      15. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдейді және өтініш берушіге жібереді (береді).

3. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу кезіндегі олардың
орнын ауыстыруға қойылатын талаптар

      16. Әкелу, әкету және транзиттеу объектісі болып табылатын қалдықтар халықаралық талаптарға сәйкес буып-түйіледі, таңбаланады және тасымалданады.

      17. Қалдықтардың орнын ауыстыру кезінде Базель конвенциясына сәйкес қалдықтардың қауіптілігін жіктеу қолданылады.

      18. Қазақстан Республикасында қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезіндегі бақылауды құзыретті органдар қамтамасыз етеді.

      19. Қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік тазартылуға, қажет болған кезде зарарсыздандырылуға тиіс.

      20. Тасымалдау жолында қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша көлік жүкқұжаттарымен бірге жүреді.

      Тасымалдаушы қалдықтардың бағыт жоспары мен тасымалдау кестесін қалыптастырады және белгіленген тәртіппен оларды көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

      21. Қалдықтардың орнын ауыстыру Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жасалған сақтандыру шартымен жабылады.

      22. Қалдықтардың орнын ауыстыруды жүзеге асырған кезде жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы жүру жолындағы ықтимал авариялық жағдайда көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жүкке авариялық карточка әзірлейді.

      23. Қалдықтарды тасымалдауға байланысты аварияның пайда болуы немесе қауіп-қатері жағдайында тасымалдаушы бұл туралы мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын дереу хабардар етеді және аварияның салдарын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      24. Қалдықтарды тиеу-түсіру жұмыстарын бақылауды тасымалдаушы не жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті бірге алып жүретін өкілі жүзеге асырады.

      25. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде жүктің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары орындалады.

      26. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қалдықтарды әкелу, әкету
және транзиттеу ережесіне
1-қосымша

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы
хабарлама

1. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы):

4. Хабарлама, қатысты (1):

Хабарлама

N

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

А а) біржолғы тасымалдауға |_|

Б в) орналастыру |_|


Факс:

б) жалпы хабарламаға (бірнеше тасымалдау)

г) пайдалану |_|


Экспорт себебі:

В Бұрын рұқсат алынған объект



2. Импорттаушы (атауы, мекенжайы):




Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Факс:

5. Жалпы жоспарланған жеткізу мөлшері:

6. Қалдықтардың болжамды мөлшері (3): кг (л)



7. Жеткізу(лер)дің болжамды күндері немесе кезеңдері:

3. Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы) (2):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Факс:


8. Болжанатын тасымалдаушылар (атауы, мекенжайы) (2)

9. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

11. Қалдықтарды өндіруші(лер)

Қалдықтарды пайдалану жөніндегі іс жүзіндегі объект

(атауы, мекенжайы) (2):

10. Орналастыру/пайдалану тәсілдері (2)

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Факс:

D коды/R коды (4):

Қолданылатын технология:


(егер бұл қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

12. Экспорттаушы және жоюға жауапты тұлға арасында жасалған келісімшарт туралы ақпарат

13. Жоюға жауапты тұлға экспорттаушыға немесе өндірушіге жіберетін ақпарат (кәсіпорынның техникалық сипаттауын қоса алғанда), оның негізінде соңғысы болжанатын жою экологиялық негізделген тәсілмен және импорттау елінің нормаларына және қағидаларына сәйкес жүзеге асуы мүмкін болатыны туралы қорытынды жасайды:


Қалдықтар пайда болған объект

14. Тасымалдау түрлері (4):

5. Буып-түю түрі(лері) (4):


16. Сақтандыруға қатысты ақпарат:

(тиісті сақтандыру талаптары туралы және оны экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты тұлға қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

17. а) Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

17. б) Өтінішке қойылатын арнайы талаптар:




18. Физикалық сипаттамалары (4):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды


21. Ү нөмірі (4):

экспорт елінде:

ҚХСҚ:


импорт елінде:

ҚЕК:

22. Н нөмірі (4)

Кедендік код:

Басқалар (нақтылау)


20. ЭЫДҰ жіктеуі (1):

сары |_|

қызыл |_|

жасыл |_|

23. а) БҰҰ-ның сәйкестендіру N:

2 б) БҰҰ-ның сыныбы (4):

мен нөмірі



(егжей-тегжейлі сипаттамасын қоса беру)




24. Мүдделі елдер. Құзыретті органдардың код нөмірі және әкелу мен әкетудің белгілі бір пункттері:

Экспорт мемлекеті

Транзит мемлекеті

Импорт мемлекеті




25. Әкелу және/немесе әкету пунктінің кеден қызметтері

27. Өндірушінің (экспорттаушының) мәлемдемесі:

осы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін және қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін растаймын.


Әкету пункті

26. Қосымшалар



саны

Атауы:

Қолы:



Күні:



Құзыретті органдар толтырады

28. Импорттаушы, транзиттеуші елдің құзыретті органы толтырады

29. Құзыретті органның тасымалдауға берген рұқсаты:

Хабарлама алынды:

Құзыретті органның атауы, мөрі және қолы

Растау жіберілді:


Құзыретті органның атауы:

Рұқсаттың қолданылу мерзімі:

дейін

Мөрі және/немесе қолы:

Айрықша шарттар:


иә








жоқ







  Қалдықтарды әкелу, әкету
және транзиттеу ережесіне
2-қосымша

Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат

1. а) Экспорттаушы

(атауы, мекенжайы):

4. а) Хабарламаға

5. Жеткізудің сериялық №

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

сәйкес №


Факс:

4. б) Тасымалдау (2)

бір жолғы хабарлама бойынша

|_|




жалпы хабарлама бойынша

|_|


6. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы)

1. б) Қалдықтарды өндіруші

(атауы, мекенжайы) (1):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Өндіріс әдісі


Факс:

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Факс:

7. Орналастыру/пайдалану тәсілдері

Қалдықтар пайда болған объект:

D коды: (3)


R коды: (3)

2. Импорттаушы

(атауы, мекенжайы):

Қолданылатын технология

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:


Жүгінген жөн:

Факс:


3. Жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы):

(егер қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

8. Сақтандыруға қатысты ақпарат:

(тиісті сақтандыру талаптары туралы және экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты адам оларды қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

9. 1-тасымалдаушы

(атауы, мекенжайы):

10. 2-тасымалдаушы (атауы, мекенжайы) (4)

11. Соңғы тасымалдаушы (атауы, мекенжайы)

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

12. Тасымалдау түрі (3):

13. Тасымалдау түрі (3):

14. Тасымалдау түрі (3):




Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

15. Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

16. Физикалық сипаттамалары (3)




17. Нақты мөлшері кг

18. Буып-түю түрі(лері) (3):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды




ҚХСҚ коды:



экспорт елінде

ҚЕК:



импорт елінде

басқалары (көрсету)



Кедендік код

21. БҰҰ-ның жіктеуі:


БҰҰ жүгінің атауы:

20. ЭЫДҰ жіктеуі (2)

қызыл |_|


БҰҰ-ның нөмірі:

БҰҰ-ның сыныбы (3):

сары |_|





Н нөмірі (3):

жасыл |_|

және нөмірі



(егжей-тегжейлерін хабарлау)



Ү нөмірі:

22. Жұмыс істеуге қойылатын арнайы талаптар

23. Экспорттаушының (өндірушінің) мәлімдемесі: жоғарыда келтірілген 1-9 және 13-21-бағандардағы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін, қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін, Базель конвенциясының тараптары болып табылатын барлық мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарының тарапының қарсылығы алынбағандығын растаймын

24. Іс жүзіндегі жөнелту күні





Күні:

Қолы:


Атауы:

Орналастыру/пайдалану жөніндегі алушы/объект толтырады

25. Жеткізілімді алушы алды (егер бұл орналастыру/пайдалану объектісі болмаса)

27. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды орналастыру/пайдалану жүргізілгендігін растаймын

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

26. Жеткізілім орналастыру/пайдалану объектісінде алынды:


Алынған саны:

кг (л)

қабылданды (5)

|_|

Қолы және мөрі:

Күні:


бас тарту

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды орналастыру/пайдалану күні:


Орналастыру/пайдалану әдісі


Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға толтырады

28. Жеткізілімді қалдықтарды жоюға жауапты тұлға алды:

29. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды жою жүргізілетіндігін растаймын:

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

30. Жүк қалдықтарды жою объектісінде алынды:


Алынған сан:

кг (л)

қабылданды

|_|

Қолы мен мөрі:

Күні:


бас тарту (5)

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды жою күні:

Жою орнының іс жүзіндегі орналасуы:

Жою әдісі



  Қалдықтарды әкелу, әкету
және транзиттеу ережесіне
3-қосымша

      Нысан

ҚОРЫТЫНДЫ
(рұқсат беру құжаты)

      № _________/201/_____

      _____________________________________________________________________

      (Қорытынды берген Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік билік

      органының атауы)

      Берілді _____________________________________________________________

      (Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, елі,/жеке тұлғалар үшін

      Т.А.Ә./)

      Орнын ауыстыру түрі _________________________________________________

      (орнын ауыстыру түрі)

      _________________| |__________________

      (Бірыңғай тауарлар (КО СЭҚТН коды*)

      тізбесінің бөлімі)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі





      Алушы/жіберуші* _____________________________________________________

      (Атауы, заңды мекенжайы, елі)

      _____________________________________________________________________

      Баратын/жіберетін елі* ______________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты _______________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі _______________________________________

      Негіздеме: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Транзиттеу елі* _____________________________________________________

      (аумақ бойынша транзиттеу)

      _____________________________________________________________________

      Қолы ___________ күні _______

      Рұқсат __________ дейін қолданылады _____________________________

      (Т.А.Ә.)

      МО _____________________________

      (Лауазымы)

      < * > - жолдар тауарлардың санаттарына қойылатын талаптар ескеріліп

      толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады