Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 640 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдарына:
      1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына - 271500,0 (екі жүз жетпіс бір миллион бес жүз мың) теңге;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне - 20992,0 (жиырма миллион тоғыз жүз тоқсан екі мың) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  N 1345  Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады