Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен алаңы 6,4 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қарағанды облысындағы N 2-3 алаңның VII учаскесінде барлау және көмір өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған 2006 жылғы 10 ақпандағы N 1953 келісім-шартқа сәйкес барлау және тас көмір өндіру үшін "ГШО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі