Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 688 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 485-құжат):

      тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шет ел азаматтарының",""шет ел азаматтары" деген сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесінде:

      тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шетел азаматтарының", "Шет ел азаматтары" деген сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "Шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады