Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Салық комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 697 Қаулысы

      "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338  Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

         1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің
Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі" (бұдан әрі - Қазынашылық
бөлімі) және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы
бойынша Салық комитеті" (бұдан әрі - Салық комитеті) мемлекеттік мекемелері құрылсын.

      2. Қазынашылық бөлімін және Салық комитетін қаржыландыру
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және
шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен:
      1) Қазынашылық бөлімі және Салық комитеті туралы ережелердің
бекітілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін
қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 155-1-жолмен толықтырылсын:
      "155-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық
департаментінің Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі";

      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық
комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 9 қазандағы N 1102  қаулысында  (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік
мекемелерінің тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 159-1-жолмен толықтырылсын:
      "159-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы
бойынша Салық комитеті";

      3)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады