Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты
дамыту туралы 2004 жылғы 17 мамырдағы негіздемелік
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі»"Тараптар" деп аталады),
2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімді (бұдан әрі»"Негіздемелік келісім" деп аталады) негізге ала отырып,
Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу жөніндегі жоспарларды уақытылы және табысты іске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Негіздемелік келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 4-бапқа:
1) бірінші абзацтағы "Атасу-Алашанькоу" мұнай құбырының жобасын табысты іске асыру мақсатында оны іске асырудың төмендегі негізгі принциптеріне келіседі" деген сөздер "Атырау-Кеңқияқ-Құмкөл-Атасу-Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбыры (бұдан әрі "Атырау-Алашанькоу мұнай құбыры" деп аталады) бойынша магистральдық мұнай құбыры жүйесін құру жобасын табысты іске асыру мақсатында оларды іске асырудың төмендегі негізгі принциптеріне келіседі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1) тармақшада:
"көпшілік мойындаған" деген сөздерден кейін»"рұқсат етілген" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2) тармақшада»"қарама-қайшы келмейтін" деген сөздерден кейін "рұқсат етілген" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
"Атасу-Алашанькоу" деген сөздер "Атырау-Алашанькоу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жалпы танылған" деген сөздерден кейін "рұқсат етілген" деген сөздермен толықтырылсын;
2. 5-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тараптар Атырау-Алашанькоу мұнай құбырының учаскелерін пайдалануға бергенге дейін жобалаумен, салумен және қайта жаңартумен айналысатын ұйымның және/немесе ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы, жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін тізбеге сәйкес осы Келісімнің шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қоспағанда, Атырау-Алашаньқоу мұнай құбырының учаскелерін пайдалануға бергенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын мойындайды.".
3. 7-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мұнай экспортын реттеу және/немесе Қазақстан Республикасының аумағында мұнай тасымалдауға сандық шектеу (квота) белгілеу кезінде, егер Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында өзгеше көзделмесе, жасалған ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарттарына сәйкес Атырау-Алашанькоу мұнай құбыры бойынша Қытай Халық Республикасына жеткізілетін мұнайдың көлемі назарға алынатын болады.".
4. 8-бапта:
1) екінші абзацта "Атасу-Алашанькоу" деген сөздер "Атырау-Алашанькоу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"салынған инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ететін көлемде және кезеңге Атырау-Алашанькоу мұнай құбыры бойынша тасымалдау үшін мұнай жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясынан және ол тағайындаған басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерден барынша жәрдем көрсетуді талап етуге және Алашанькоу пунктінде Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының жобалық өткізу қабілетіне сәйкес келетін көлемде мұнай қабылдауды қамтамасыз етуге.".
5. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.".
2-бап
Осы Хаттама оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2007 жылғы "___" тамызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, және барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін