Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсанындағы N 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 715 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1339 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1339 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және 
олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік 
органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1303  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген салыққа жатпайтын түсімдерді
өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын
уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін
ақша түсімдері";
      реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
      "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша
түсімдері";
      реттік нөмірі 10-жолдың 3-бағанының бірінші және төртінші
абзацтары алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық
меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекеттің пайдасына
бас тарту кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік
құралдарын сатудан түсетін түсімдер";
      реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанының жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 18-жолдың 3-бағанының он төртінші және он бесінші абзацтары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа 
енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады