Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 873 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 717 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің
кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
жылғы 15 қыркүйектегі N 873 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      4-тармақта:
      "Құлсейтов Айдын Жеңісұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрлігі Индустриалдық саясат департаментінің
директоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Керімбеков Арсен Жақашұлы" - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады