Алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 731 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1704 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған алкоголь өнімдерін ендіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1704 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2007 жылғы 23 тамыздағы  
N 731 қаулысымен   
бекітілген      

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және
(немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда,
алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада
сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1704 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      1. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау және көтерме саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) қойма үй-жайларының - тек меншік құқығында немесе жалға алынған (сатып алу-сату немесе жалға aлу шарттары) алкоголь өнімдерін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлардың.
      Алкоголь өнімін сату кезінде қойма үй-жайлары қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;
      2) қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің;
      3) коммуникациялық жүйелердің - суық сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылудың, электрмен жабдықтаудың, желдетудің, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш құралдарының, өрт сигнализациясының (өрт күзетінің);
      4) температуралық өлшеуді қамтамасыз ететін сенімді құралдардың;
      5) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін МЕМСТ белгілеген талаптарға сәйкес келетін (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де шарттарын сақтау) сақтау шарттарының болуын қамтиды.
      2. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) меншік құқығында немесе жалға алынған (сатып алу-сату немесе жалға алу шарттары) сауда үй-жайының және тауарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайды қамтитын  стационарлық үй-жайдың.
      Алкоголь өнімін сату кезінде стационарлық үй-жай қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;
      2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттарының;
      3) сапасы бойынша стандарттар мен техникалық шарттардың міндетті талаптарына сәйкес келетін сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналардың (аспалы, мамандандырылған), сөрелердің және басқа да жабдықтардың;
      4) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін МЕМСТ белгілеген талаптарға сәйкес келетін (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де шарттарын сақтау) сақтау шарттарының болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады