"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 11467000 (он бір миллион төрт жүз алпыс жеті мың) теңге бөлінсін.