Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 766 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасына 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасы Парламенті ғимаратының үй-жайларын қайта жаңартуға; депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің жаңа жұмыс орындарын жарақтандыруға; Парламенттің әкімшілік ғимараттарында комитеттердің (фракциялардың) отырыс залдары үшін жергілікті желілерді, кабельдік теледидар мен конференц-жүйелерді құруға; жалпы отырыс залдары мен бірлескен зал үшін конгресс-жүйелердің  қосымша жабдықтарын сатып алуға; жаңа сайланған депутаттардың қызметтік үйлер берілгенге дейін қонақ үйлер мен жалға алынған жиһаздалған пәтерлерде уақытша тұруы жөніндегі шығыстарға, сондай-ақ депутаттар санының әрі аппараттар қызметкерлерінің ұлғаюына байланысты 4 айдың (2007 жылғы қыркүйек - желтоқсан) ағымдағы шығындарға 390712000 (үш жүз тоқсан миллион жеті жүз он екі мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады